Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Пән: ҚАЗАҚ ТІЛІ(Т1)

Мектеп:

Күні:

1,2-сабақтар

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8-сынып

Қатысқандар:8 « »

Қатыспағандар:8 « »

Сабақтың тақырыбы

Ғарышты игеру жетістіктері

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.3.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;

8.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:Берілген үзінділерге қатысты көтерілген мәселеге болжау жасай алады; Бейнебаян мазмұынын түсңінеді.

Оқушылардың көпшілігі:Тақырыпқа қатысты өздері білетін ақпараттармен бөліседі, ойларын дәлелдей алады. Тақырыпқа қатысты бейнебаяннан өздеріне қажетті ақпаратты белгілеп, оны қолданады.

Оқушылардың біразы:

Тақырыпқа қатысты ақпаратпен бөлісуде топ мүшелерімен диолог құру барысында тақырыпқа қатысты терминдерді орынды қолданып, ойларын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

- мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжай алады;

- коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз тіркестері:

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің ойымша ...

Мен .... келісемін.

Тарихи деректерге сүйенсек...

Құндылықтарменбайланыс (тәрбиелікэлемент)

Жауапкершілік (топтың әр мүшесі өз тапсырмасын жауапкершілікпен орындауы).

Құрмет (әр оқушының, өзге топтың ойына, пікіріне құрметпен қарауы).

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру және сабақтың мақсатын айқындау кезеңі:

І. Амандасу.

ІІ. Оқушыларды түгендеу.

ІІІ.Қызығушылықты ояту:

Оқушыларға төмендегі дәйексөздер тақтадан көрсетіледі:

Берілген дәйексөздер арқылы оқушылар сабақ тақырыбына болжау жасайды.

  • Қазақ топырағынан талай ғарышкер ғарышқа аттанды.
  • Ғарышқа аттанған Ұлтымыздың үш ұланы бар.
  • Жерді қашықтықтан зонттау ғарыш жүйесі құрылды.
  • Әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы.
  • 545 адам ғарышқа аттанды.
  • Елордада ғарыш апараттарын құрау, сынау орталығы іске қосылды.

Презентеация

Сабақтың ортасы

60 минут

10минут

Тақырыпқа қатысты бейнебаян көрсетіледі.

Тыңдалым тапсырмасы:

Оқушылар көрсетілген бейнебаяннан өзіне «қажет» деп тапқан кем дегенде екі ақпаратты жазып алады.

Дескриптор:

Бейнебаянды мұқият тыңдап, оның мазмұнын түсінеді;

Бейнебаяннан «қажет» деп тапқан кем дегенде екі ақпаратты жазып алады;

Алған ақпараттарымен әуелі жұпта, одан соң топта бөліседі.

Оқушылар «Ғарыш, Ғарышты игеру жетістіктері туралы» білетін ақпараттарымен «Әткеншек» әдісі бойынша бөліседі.

Ол үшін оқушылар 1-4-ке дейін саналып, төрт топқа бөлінеді. Оларға А3 форматында флипчарт беріледі.

Әр топ өз білгендерін флипчартқа түсіреді де сағат тілі бағыты бойынша келесі топқа, келесі топ одан кейінгі топқа барып өздерінде бар ақпаратпен бөліседі.

Әр топтың өзіне берілген түсті фламастері (1-топ: қызыл түс, 2-топ: жасыл, 3-топ: сары, 4-топ-көк) болады. Сол өзіне берілген түспен келген топтың флипчартына толықтыру енгізеді.

Дескриптор:

Бейнебаяннан алған кем дегенде бір ақпаратты қолдана алады;

Тақырыпқа сай кем дегенде үш ақпарат келтіре алады;

Коммуникативті жағдаятқа сай өзге топ оқушыларымен диолог құрған кезде тақырыпқа сай кем дегенде 3 термин қолданады;

Өзге топтардың жұмысан өзгерту енгізген уақытта топ мүшелері өз ойларын кем дегенде бір факті келтіру арқылы дәлелдей алады.

«Әткеншек» әдісі бойынша флипчарттарды таныстыру және толтыру жұмысы аяқталғаннан кейін, әр топ өз флипчарты бойынша төмендегі сұрақтар бойынша жұмыстарын қорытындылайды.

  • Бүгін Сіздер не білдіңіздер?
  • Сіз үшін не пайдалы болды?

Топтар бірін-бірі бағалайды.

https://www.youtube.com/watch?v=hJYeCiSXFZY

Адамзаттыңғарышқаұшқанына 55 жыл

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытындылау:

Өтілген тақырыпқа қатысты төмендегі кестені толтырады.

Білемін

Не білдім?

Білгім келеді?

Кері байланыс:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша сабақтың қызықты болған екі тұсы, алдағы уақытта «орындасақ» деген бір әрекет түріне ұсыныс білдіреді.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Топ бірі-біріне қолдау көрсетеді. Топтар басқа топтардан жаңа ақпарат алады.

Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау

Тарих пәнімен байланыс.

АКТ дағдылары, егер сынақ онлайн болса, электронды сөздіктерді қолдану мүмкіндіктері.

Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-біріне құрмет).

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу