Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ.


  ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 Монолог арқылы мінездер ерекшелігі, ойлау сипаттары, образдың дүниетанымдық арналары өрнектеледі. Шығарма идеясының не бір нәзік тұстары, кейде автор мақсатының басты дәні көп ретте ішкі сөздер ағымымен бейнеленеді. Ашық тілдесулердегі тәрізді үнсіз ой жүйелерінде де образдың даму логикасына сәйкес психологиялық дәлелдемелерді қажет ететін тұстары да кездесіп жатады.

 Негізгі екі композициялық-стилистикалық баяндау типі ажыратылады: 1) автор атынан жүргізілетін баяндау типі; 2) басқа біреудің (кейіпкер не әңгімелеуші) атынан жүргізілетін баяндау типі.

 

 Автор атынан жүргізілетін баяндау типі өте күрделі және көп қырлы болады. Өйткені ондағы баяндау әдеби тіл үлгісіне құрылғандықтан, көптеген стильдік ерекшеліктер қолданылады. Мұнда автор мен кейіпкер тілінің өзара формалары туындайды.

Баяндауды субъективтентірудің екінші түрі кейіпкер тарапымен байланысты. Бұл жағдайда субъектінің «көрінуі» тікелей , анық және жабық, «жасырын» түрлерде болады. Кейіпкердің ашық көрінуі – диалог пен монологта жүзеге асады.

 «...Әбілқайыр басын көтеріп алып еді, қып- қызыл күн екі шошақ жақпар тастың арасына барып қыстырыла қапты. Сай табанда қимас бірдеңкесі бардай көзін сатып сығалай қарап тұр. Әбілқайырға ол бірдеңке елестеткендей болды. Немене еді сол?! Ойына ештеңе түсіре алмады. Қып – қызыл күн қылмың - қылмың күліп қяды. «Е, қан жалаған қызыл қаншық секілді екен ғой. Опасыз уақытқа қара жерде не болып жатса да, бәрібір екен ғой. Қан ағып жатыр ма, у ағып жатыр ма, адам өліп жатыр ма, шыбын қырылып жатыр ма, - оған бәрібір. Оған әйтеуір, мынау уылжыған дүниенің құлазып бос тұрмай, жым - жырт тыныш тұрмай, дүрлігіп жатқаны керек екен ғой! » (Ә.кекілбайұлы он екі томдық шығармалар жинағы. 4т. «Үркер» романы. Алматы, Өлке,1999. 83б).

Бұл үзіндіден ішкі монологтың автор баяндауындағы кейіпкерлердің ойын байқауға болады. Жазушының сөз саптауындағы сөздер арқылы көркем прозаның стилдік жағын байқауға болады.

  Көркем прозадағы диалог және оның түрлері жайында сөз қозғау үшін, ең алдымен төл сөздің айналасындағы айтылатын автор сөзіне тоқталған жөн. Өйткені көркем шығармада ол да белгілі стильдік қызмет атқарады. Ғылыми грамматика мен зерттеулерде бұл «автор сөзі» деп аталып жүр. Грамматика тұрғысынан бұл әбден орынды жәйт. Себебі кейіпкер сөзіне байланысты автор атынан айтылатындар авторлық баяндаудың бағытын жалғастырады, сөздік құрамы жағынан автор сөзінің бір бөлігі саналады. Ал стилистика ғылымы үшін бұлай атау жеткіліксіз. Неге десеңіз «автор сөзі» дегенде авторлық баяндау, суреттеу, мінездеу тілінде кейіпкер сөзіне байланысты айтылған авторлық түсініктеме сөздерді де бірдей ұғынуға болады. Стилистикада бұл екеуін көркемдік қызметі жағынан алғанда екі түрлі құбылыс деп танып, бір-бірінен ажыратып қарастырудың зор мәні бар.

Жалпы стилистика ғылымы тұрғысынан алғанда, сөйлеу формаларының заттық мазмұны мәтінді құрап, сол арқылы шығарманың көркемдігін аша алады.Сөйлеу формалары көркем прозаның композициялық- тілдік қабатының ішкі құрылымын құраса, оның сыртқы қабатын автор сөзі, төл сөз, ортақ төл сөздің әртүрлі типтері құрайды.

Автор сөзі өзі білдіретін затқа тура бағытталған, ол өзі бейнелейтін нәрсені тікелей түсіндіруге арналған.

Диалог, монолог, ішкі монолог тәсілдері арқылы жүзеге асады. Жазушының көркем шығармада кейіпкерлерді сөйлете отырып, олардың мінезін, атқаратын қызметін, өмір сүрген ортасын және қарым-қатынас асайтын адамдарын әр қырынан ашуды тілдік- стильдік мақсат ете білген.

www.diplomkaz.kz

 ДИАЛОГ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

  

 Диалог пен оның ерекшеліктері туралы алғашқы пікірлер А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтардың еңбектерінде айтылса, кейінірек М. Балақаев, М. Серғалиев, Б. Шалабаевтың көркем мәтін мен оның стиліне қатысты еңбектерде диалогтың бірқатар ерекшеліктері ашыла түседі.

 Ал соңғы жылдары диалог арнайы зерттеле бастады. А.Қ.Айтбенбетованың «Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама» (2007) атты зерттеуінде ауызекі сөйлеу және көркем шығарма мәтініндегі диалогтық лексикалық, синтаксистік, стилистикалық ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалған, олар қазақ және орыс тілі материалдарымен салғастырыла, пайда болу табиғатының, қызметінің негізгі көрсеткіштері бірдей екендігі көрсетіледі [1]. Ал Г.С. Иманғалиева  «Типология диалога» (на материале казахского и русского языков) (1999) еңбегінде диалогтарды екі тілдің материалдары негізінде психолингвистикалық, этнолингвистикалық, әлеуметтік- лингвистикалық факторлар арқылы салыстыра зерттейді [2].

 Автор диалогты хабарламалық, прагматикалық, модальдік деп үш түрге бөліп қарастырып, оларды іштей әңгімелесу, хабарласу, пікіралмасу, сұхбаттасу, түсінісу, мақұлдау, талқылау, өтіну, қорытындылау т.б. түрлерге жіктейді.

 Диалог феноменінің философиялық астары жанды тілді түсінуде ғана емес, алдымен өзіне және өзгеге деген қарым – қатынасын қалыптастыруда жатыр деуге болады.

 Демек, диалогтық тіл - репликалардан тұратын ұдайы қабылдаулар арқылы әсер ететін тілдік қызметте белсенді рөл атқаратын сөйлеудің түрі. Олай болса диалогтың өзіне тән ерекшелігі – екі немесе одан да көп тұлғалардың сөйлесудегі шұғыл сөз алмасулар болып табылады.

 Диалогтық тілдің негізгі құрылымдық және мазмұндық компоненттерін құрайтын екі адамның сөйлесуін әдетте реплика дейміз.

 Диалогтық тілге мазмұндық (сұрақ, жауап, толықтыру, түсіндіру, пайымдау, тарату, келісу, өарсыласу), тілдік этикеттің т.б. түрлері және репликалардың құрылымды байланысына тән.

 Репликаларға қатысты Д.Б.Абдыкаримованың «Типология реплик казахского и русского диологов» (1999) және Ж.С.Қаңлыбаеваның «Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі » (2006) атты еңбектерін атауға болады [3].

 20-ғасырдың орта шетінен бастап, диалог лингвистикалық зерттеулердің ғана емес, психология, психолингвистика, мәдениеттану, прагматика, сөйлеу актілерінің теориясы, тіл мәдениеті, лингвостилистика ғылымдары да тілдік қарым – қатынасты зерттеу барысында диалогқа жүгінді.

 Диалогтық бірліктің коммуникативтік нүктесін (ядро, ұяшық, минимум) айқындағанда, ондағы ортақ стимул – репликалар мен реакциялық репликалардың қолданылуын де ескеру қажет. Кейбір диалогтар өте ауқымды болуы мүмкін, бірақ оның негізін екі әңгімелесушінің репликалары ғана құрайды.

 Енді біз осы уақытқа дейін белгілі болған орыс ғалымдарының еңбектеріндегі диалогтың түрлерін атап көрейік:

 а) Қостау диалогы – екі сөйлеуші де бір-бірінің пікірімен келісіп, бірін- бірі толықтырып отырады.

 ә) Полемикалық диалог – сөйлеушінің бірі екіншісінің сөзін қақпайлап, сөзбен қақтығысып отырады.

 б) Нақтылау диалогы

 в) Эмоционалды қарсылық білдіру диалогы

 г) Сұрақ – жауап диалогы

 д) Сұраққа кері реакцияны білдіретін диалог

 е) Жауапқа қарама-қарсы сұрақ бағыттау диалогы

 ж) Сұраққа модальдық әсерді білдіретін диалог.

 Әрине диалог күрделі композициялық-стилистикалық және мағыналық бірліктен тұрады. Одан басқа репликалардың өзара қарым-қатынастарына авторлық комментарийлер, репликаларға қатысты барлық «микроэлементтер» (стимулдық реплика, сұрақ, шешім, т.б.) кіреді.

 Тілдік коммуникацияның прагматикалық табиғатын ашуда диалотың мақсатты бағытын қарастыру қажет. Қарым-қатынастың жоғарыдағылардан басқа мынадай жалпы түрлерін атауға болады: ақпарат беруші диалог, прескриптивті диалог, ақиқатты анықтау немесе шешім қабылдау мақсатындағы ой алмасулар, екі тұлғаның арасындағы қарым – қатынасты реттеу, эмоционалды, интеллектуалды т.б. Бұлар күнделікті шынайы сөйлеу барысында көп кезедесе бермейді. Олар мақсаттарына қарай тура және жанама мағыналарында қолданылып пікірлесушілердің интенциялық жағдайларын, коммуникативтік қызығушылықтарын анықтайды.

 Жанрлық-стилистикалық негізіне қарамастан барлық пьесалар (драма, комедия, трагедия, мелодрама т.б) ең алдымен өнер туындысы болып саналады, ал бұлардың бәрінде бастан – аяқ диалог өрбіп отырады. Сондықтанда бұл жерде сахналық диалогтың екі есе қызметіі көрінеді. Ол сахнадағы диалог пен өмірдегі диалог. Осы ретте сахналық диалогтың өмірдегі диалогтан бірнеше айырмашылықтарын көрсетейік:

 а) Сахнадағы диалог белгілі бір уақытты, кезеңді қамтуы тиіс;

 ә) Ол автордың әбден пісіп-жетілген ойларын көрсетеді;

 б) Сахнадағы диалог кинодағы әрекетті дамытып түрлі жолдармен ары қарай өрбитін келесі диалогтармен жалғасын тауып отыруы тиіс;

 в) Сахналық диалогтың пьесаның қашан жазылғанына қарамастан, уақытпен, ырғақпен, қарқын ережелерімен санаспауына болмайды.

 Осы кино мәтініндегі диалогтардың бір қатары «Қанталапай», «Жетімдер» фильмдерінде былай көрініс тапқан:.

 -       Аттың деймісің, қайран жазықсыз жануарым – ай!

 (Атасы мен баласының бір-бірімен тілдесуі) Қаршыға, қалайсың?

 -       Жақсы.

 -       Осында оқуға тапсырдың ба?

 -       Ия.

 -       Сенде осында оқуға тапсырдың ба?

 -       Жақсы болды, бірге оқитын болдық.

 -       Ағаларыңның үйінде шығарсың?

 -       Сен ше?

 -       Мен де.

 -       Жүр, онда паркке барып отырайық.

 -       Жүр.

 -       Қала деген сұлу ғой ия, солай емес пе?

 -       Мүмкін.

 -       Сен де ағаңның үйіндесің мен де ағамның үйіндемін.

Бұл – қостау диалогы. Бірақ екі кейіпкердің әңгімесі әрі қарай полемикаға ұласады:

 -       Шыныңды айтшы, бір түрлі ыңғайсыз ия?

 -       Түк те ыңғайсыздығы жоқ,

 -       Қойшы, Қаршыға, мен білемін ғой.

 -       Біз сияқты білім іздеп келген жігіттер өз беттерімен өмір сүруі керек.

 -       Мен пәтер мәселесін ойластырып қойдым, бірге тұрайық та.

 -       Сонда пәтер жалдап тұрамыз ба?

 -       Ия, бірге пәтер жалдап тұрамыз.

 -       Онда тұрған ештеңе жоқ.

 -       Кеттік.

 (Қаршыға мен Мелісбектің тілдесуі)

 Диалог-таласта қате әлсіз логикалық сәттің берілуі, эксперссивтіліктің жоғары деңгейі қамтылады. Мұнда да монологтық репликалар болмайды, лексика-синтаксистік паралеллизмдер болуы мүмкін, репликалардың жеке берілуі болмайды, диалогтың аяқталуы диалог мазмұнымен сәйкес келе бермеуі де мүмкін.

  

 Әдебиеттер:

1          Айтбенбетова А.Қ. Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік және стилистикалық сипаттама. А.,2007

2          Имангалиева Г.С.Типология диалога (на материале казахского и русского языков. Алматы, 1999.с. 17б.

3. Абдыкаримова Д.Б. Типология реплик казахского и русского диологов. А.,1999;  Қаңлыбаева Ж.С. Коммуникативтік акт шеңберіндегі жауап репликаның қызметі. А.,2006.

http://www.rusnauka.com/15_NNM_2012/Philologia/7_109350.doc.htm



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу