Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 3 сабақ.
1-2- топ
Ғарыштың кілті – ғылымда
Бүгінде ғарыш айлағына саусақпен санарлықтай елдер ғана ие. Халықаралық сарапшылардың дені «сол санаулы ғана елдердің ішінде Қазақ елінің мәртебесі биік, шоқтығы жоғары» деседі. Тіпті қайсыбір сарапшылар тарапынан «2020 жылға қарай Қазақстан ғарыштық державаға айналуы мүмкін» деген жорамалдар да айтылып қалады... Жалпы, ғарыш айлағы жөнінде сөз етер болсақ, әлемде француздық – Куру, бразилиялық - Алькантра, американдық Си-Лонч ғарыш айлақтары көшбасшы болып саналады. Отандық ғалымдар «солардың ішінде біздің «Байқоңырдың» беделі бәрінен асқақ» дейді. Байыптасақ, біз ішкі жаңалығына үңілгіміз келген «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және жаңа технологиялар орталығы» АҚ, В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты, Орта Азиядағы санаулы институттардың қатарына жатады. Мамандардың айтуынша, мұнда қызмет ететіндер үнемі ізденіске, дәйім жаңашылдыққа құмар. Бұған қатысты аталмыш институттың ғылыми істер жөніндегі директорының орынбасары Рашит Валиуллин:
– Астрофизика – насихатты, қолдауды қажет ететін сала. Ғарыш саласын одан әрі дамыту үшін нақ осы астрофизика ғылымына аса мән берген жөн. Жақында біздің институт жанынан бір метрлік телескоп ұзақ жылғы тоқыраудан кейін қайта іске қосылды. Мұндай телескоп Қазақстанда бар-жоғы үшеу ғана. Өзге телескоптардан бұл телескоптардың ерекшелігі жаңа іске қосылған ғарышты зерттеу құралы автоматты жүйеге көшірілген. Яғни оны ғаламтор арқылы кез келген жерден басқара беруге болады. Бұл телескоп белсенді галактикалық ядроларды, айнымалы, қос жұздыздарды және басқа да аспан денелерін, ғарыш айлақтарын бақылап, зерттеуге арналған. Бұл Қазақстан ғылымындағы озық жетістіктің бірі болып саналады, – дейді.
Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ғарыштағы белсенді үрдістердің физикасы, ғарыштану мен жұлдыздардың қозғалысы, ай мен ғаламшарлардың физикасы, спутниктерді бақылау және ақпараттық жүйелер қызметі бүгінде біздің елде біртіндеп дамып келеді. Осы мақсатта отандық ғалымдар АҚШ, Германия елдерімен тығыз байланыс орнатып, маман біліктілігін арттырып келеді. Соңғы кездері отандық ғалымдар ғарышта жиналған қоқыстардың ауқымын бақылайтын және оны зерттейтін қабілетке қол жеткізген. Институт ғалымдарының қазіргі таңдағы ең жоғары ғылыми жаңалықтары ретінде 42 сейферттік галактиканың ашылуын айтуға болады.
http://alashainasy.kz/economica/garyishtyin-klt--gyilyimda-21310/
Алаш айнасы.kz
3-4-топ
Астрономия-аспан денелері туралы ғылым
Астрономия грекше астрон -жұлдыз, ал номос – заң деген ұғымды білдіреді. Астрономия да, физика сияқты – табиғат туралы көне ғылымдардың бірі. Астрономиялық құбылыстар қатарына әлем кеңістігіндегі денелердің қозғалысы, сондай-ақ ол денелерде жүріп жатқан сан алуан процестер жатады. Ал ондай процестер физикалық, химиялық, биологиялық, геологиялық, т.с.с. құбылыстармен тығыз байланыста болады. Ендеше астрономия ғылымы да көптеген басқа ғылымдармен астаса отырып дамиды. Физика мен астрономия ғылымдарының бір-бірімен кірігуі құбылыстардың сырын тереңірек ұғуға жәрдемдеседі. Бұл екі ғылымның өзара байланысы арқасында бүкіл әлемдегі құбылыстардың табиғи бірлігі белгілі болды. Мысалы, денелердің Жер бетіне құлауы, планеталардың Күнді айнала қозғалуы бір ғана күш арқылы сипатталады. Оларды сипаттайтын заң да біреу ғана. Ол – И. Ньютон ашқан Бүкіл әлемдіктартылыс заңы. Көптеген физикалық жаңалықтардың ашылуы аспан денелерін зерттеумен тікелей байланысты. Мысалы, гелий газы әуелі Күннен табылды. Ол физиканың зерттеу әдісін қолдану арқылы анықталды. Ең алғаш бұл газ Күн құрамынан табылғандықтан, оны гелий (грекше гелиос- Күн) деп атаған. Кейінірек ол Жердегі ауа құрамында да бар болып шықты. Астрономия құбылыстарын физикалық әдістермен зерттейтін ғылым саласы – астро-физика деп аталады. Ғарыш кеңістігі, ондағы денелер физиктер үшін тамаша зертхана болып табылады. Мысалы, Жер бетінде ауасыз кеңістік (терең вакуум) алу немесе денелердің температурасын миллиондаған градустарға көтеру аса қиын жұмыс. Ал ғарышта бұл жағдайлардың барлығы да бар. Мысалы, Ай бетінде ауа мүлдем жоқ. Сондықтан онда Жердегідей терең вакуум алатын күрделі қондырғысыз-ақ тәжірибелер жүргізіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасауға болады.
https://baribar.kz/student/7025/astronomiya-aspan-deneleri-turaly-ghylym/
Baribar.kz
https://twig-bilim.kz/kz/film/hubble-space-telescope
Хаббл телескопы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?