Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
Ғарышты игерген ел
Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста «Наны көп – Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық бір суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен.) Спектрлі толқынды сәулелер ағынымен түсірілген ол суреттердің ғылым үшін теңдессіз құндылығы күні бүгінге дейін күшін жоймағаны анық. Мұндай ғарыштан түсірілген суреттер компьютерге жүктелген сәтте жердің топырағының дымқыл немесе құрғақ екендігінен бастап, жерасты суының тазалығын, мұнай, газ қорының, түсті металдардың көлемін анықтайтын «көріпкел» қасиеттері барынан бүгінде жұртшылықтың жақсы хабардар екені де жаңалық болмай қалды.
Қазақстанның молекулярлық биология мен биохимия институты ауыл шаруашылығының ең үздік мамандарымен кеңесе отырып, келісіп жасаған ғарыштық тұңғыш қомақты жобасы да күні бүгінге дейін халық үшін ғылыми жемісін беріп келеді. Салмақсыздық жағдайында ғарышкердің қол күшімен белгілі кестеге сай шайқалған суспензия Қазақстанның ауыл шаруашылығына «Тоқтар», «Орбита», «Қоғалы» деп аталатын айрықша дәмді картоп түрлерін алып келді. Қазақстанның таулы аймақтарында күні бүгіндері гектарына кемі 30 тоннадан түсім беріп жүрген суыққа да, ыстыққа да төзімділігімен танымал болған бұл картоп сорттарының ғарышта жасалған қазақстандық алғашқы тәжірибеде Тоқтар Әубәкіровтің қолымен будандастырылғанын көпшілігіміз біле де бермейміз. Қазақстан Республикасы патент иесі ретінде осы күнге дейін бес жүз тоннадан астам осындай картоптың тұқымдық сұрпын алыс-жақын шетелдерге лайықты бағасына сай сатып үлгерді.
Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды.
Бір сөзбен айтқанда, ел Президентінің бастамасымен 1991 жылдың 13 наурызында негізі қаланған «Қазақстан-Ғарыш» бағдарламасы ғарыш кеңістігіндегі кешенді зерттеулерге осылайша кең жол ашты. Содан келіп ғарыш зерттеу саласына біржолата мойын бұрған Қазақстан Республикасы 2007 жылы елімізде Ұлттық ғарыш агенттігін құрды.
http://www.qamshy.kz/article/gharishti-ygergen-el.html
Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»
Презентация : " Тоқтар Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Тоқтар Оңғарбайұлы." — Транскрипт:
2 Тоқтар Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жилы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жилы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1-ші Май ауылында дүниеге келді. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» дегенниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-ананы арте дүние салды. Кішкентайынан ата-ананынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол ззапасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде балды. Ол кез соғыс жаңа бітіп, батырлықты, ерлікті уағыздаған уақыт болатын. Әкесі Оңғарбай мен шешесі Қамия көзге көрініп, көз жұмған 9 ұлдан кейінгі перзентіне «енді осы жаманымыз аман болсыншы» дегенниетпен азан шақырып, Тоқтар есімін беріпті. Ата-ананы арте дүние салды. Кішкентайынан ата-ананынан айырылғаннан ба, Тоқтар бұйығы, оқшау өсті. Ол ззапасы Бикен мен жездесі Нығметтің тәрбиесінде балды жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь балды.1976 ж. Мәскеу авиация институты бітірген 1979 ж.. Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар. Бірақ парламент депутаттығына сайлауға түсуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. Осы және басқа да жайттар турасында зейнеттегі ғарышкер Азаттыққа берген сұхбатында әңгімелеген еді жж. Теміртау құйма механикалық зауытында токарь балды.1976 ж. Мәскеу авиация институты бітірген 1979 ж.. Мәскеудегі А.И.Микоян атындағы Тәжірибелік-конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшы.Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қазір зейнеткер, сәйгүлік баптап, саят құрып жүрген жайы бар. Бірақ парламент депутаттығына сайлауға түсуі мүмкін екенін де жасырған жоқ. Осы және басқа да жайттар турасында зейнеттегі ғарышкер Азаттыққа берген сұхбатында әңгімелеген еді.
3 Тоқтар Әубәкіров Қазақстанның тұңғыш ғарышкері 1991 ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан Союз ТМ - 12 ғарыш кемесімен ұшып, Мир орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойцы ғылыми ө зерттеу жұмыстарын жүргізіді ж. сәуірінен Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі ж 2 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан Союз ТМ - 12 ғарыш кемесімен ұшып, Мир орбиталдық комплексінеде өзге ғарышкерлермен бірге сегіз тәулік бойцы ғылыми ө зерттеу жұмыстарын жүргізіді ж. сәуірінен Қазақстан Республикасы қорғаныс мемлекеттік комитетінің төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің ғарыш игеру жөнінде көмекшісі. Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Парламентке сайланудын алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры, Алматы қаласы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12 шақырылым депутаты, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырым депутаты, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің 3-ші шақырылым депутаты болып сайланған Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін баста ты, сына уши ғарышкер-ұшқышы, сына уши. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сына уши ғарышкер- ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойцынша өтті Ю.А. Гагарин атындағы Ғарышкер дайындау орталығында әзірлгін баста ты, сына уши ғарышкер-ұшқышы, сына уши. «Союз ТМ» ғарыш кемесінде және «Мир» орбиталды кешенінде сына уши ғарышкер- ұшқышы жылдамдатылған машықтануын ұшу бағдарламасы бойцынша өтті ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойцы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі 7 күн 22 сағат 13 минут ж. қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде, Александр Волков және аустрия ғарышкері Франц Фибөк, «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті. Апта бойцы «Мир» орбиталды кешенінде жұмыс істеді ж. қазанның 10-ында Тоқтар Әубәкіров, Анатолий Арцебарский, аустрия ғарышкері Франц Фибөк «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен Жерге қайтып қонды. Ғарышта өтеген мерзімі 7 күн 22 сағат 13 минут.
.
Презентацияны идеяларды ұсыну құрал ретінде қарастыру
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация — бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну — осының бәрі презентация болып табылады.
Кез-келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын рөлі зор. Презентация өткізуде көрнекті құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғызды. 1995 жылдан бастап есептеу техникасын кез-келген презентацияны даярлау мен өткізуге кеңінен қолдана бастады.
Интернет дистанциялық презентациялар өткізудің ең қолайлы құралы болып табылады. Бүгінде Интернетте автоматты режімде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады.
Екінші жағынан алғанда презентация деп-айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point колданбалы программасы. Бұл презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады.
Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез-келген кезеңінен (идеясы мен іс жүзінде алынған нәтижелеріне дейін) ұсынып, көрсетуге болады.
Power Point -тың басқа программалармен байланысы
Power Point программасының әр түрлі текті объектілерді құруға арналған өз құралдары бар. Сонымен қатар қолданушы Microsoft Office дестесінің кез-келген компонентінде (Word, Excel) дайын тұрған материалдарды пайдалана алады.
Microsoft Office қолданбаларынан басқа да программаларды, яғни сыртқы файлдарды да презентация даярлауға колдануға болады.
Көшіру және қою. Басқа программалардан объектіні көшіру үшін, оны алмасу буферіне орналастырып, содан соң Power Point құжатына енгіземіз.
Тасымалдау. Объект Microsoft Office-тің қайсыбір қолданбасы мен Power Point -тың арасында сүйреу әдісі бойынша тышқанның көмегімен тасымалданады. Бұл жағдайда екі программа да экранда ашық болуы керек.
Импортп (экспорт). Объект Microsoft Office қолданбаларының біреуінде дайындалған файл ретінде Power Point құжатына енгізіледі. Бірақ бұл жағдайда енгізілетін файлдардың пішіміне кейбір шектеулер қойылады.
Гиперсілтеме. Бұл әдіс басқа колданбалардағы файлға өтуді көрсетеді. Гиперсілтеме Интернетте басылып шығатын құжаттарға қолданылады.
2. Power Point құжатының құрылымы
Power Point -тағы кез-келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны көп бола береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді.
Құжаттағы слайдтар сызықты тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды. Слайдтар әр текті объектілерден тұрады. Әрбір слайдта кем дегенде бір объект болады, ол кадрдың фоны. Слайдта орналастырылатын объектілер:
■ фон;
■ мәтін;
■ гиперсілтемелер;
■колонтитулдар;
■ кестелер;
■ графиктік бейнелер;
■ диаграммалар;
■ бейнеклиптер;
■ дыбыс;
■ таңбашалар;
■ түстер схемасы
https://bestreferat.kz/extra_rkd/show/275
«Неге?» әдісі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?