Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
Қызықты мәліметтер
1. Егер Сатурн ғаламшарын өте үлкен бір суға салса, ол жүзіп жүрер еді. Себебі, оның тығыздығы судың тығыздығынан аз.
2. Нейтронды жұлдыз материалынан жасалған шәй қасықтың салмағы жер бетінде 112 миллион тоннаны құрайды екен.
3. Егер сіз жарықтың жылдамдығымен ұша алсаңыз (секундына 300 000 шақырым), онда біздің галактиканы айналып шығу үшін сізге 100 000 жыл қажет болар еді.
4. Орион шоқжұлдызының сол жағында орналасқан Бетельгейзе атты жарық жұлдызды Күннің орнына қойса, ол Жерді, Марсты және Юпитерді жұтып кетер еді. Оның диаметрі Күннен 1000 есе үлкен. Ғалымдардың болжамынша, ол 2-3 мың жылдан кейін жарылуы тиіс. Екі айға созылатын қуатты жарылыс кезінде Бетельгейзенің жарықтығы Күндікінен 1 050 есе асып түсіп, Жер бетінен оны ешбір құралсыз-ақ көруге болады екен.
5. Сіз Андромеда галактикасына көз салғанда (бізден ара-қашықтығы – 2,3 миллион жарық жылына тең), оның бізге 2,3 миллион жыл бойы жүріп келген жарығын көресіз. Яғни, сіздің көріп тұрғаныңыз, ол галактиканың 2,3 миллион жыл бұрынғы көрінісі.
6. Жарық Күннен бізге дейін 8 минут жүріп келеді, яғни біздің дәл қазір көріп тұрған Күніміз – осыдан 8 минут бұрынғы Күн. Егер ол 4 минут бұрын жарылып кеткен болса, біз оны білмес едік.
7. Юпитердің салмағы Күн жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың салмағын қосқандағыдан көп.
8. Егер Күнді бір нүктенің көлеміндей етіп кішірейтсе, ең жақын жердегі жұлдыз одан 16 шақырым қашықтықта болар еді.
9. Жердің тартылыс күші адамның омыртқасын басып, сығып тұрады, сондықтан ғарышқа ұшқан ғарышкердің бойы шамамен 5,08 см-ге ұзарады.
10. Экваторда сіздің салмағыңыз полюстерге қарағанда 3 пайызға ауыр болады.
11. Жер орбитасында ғарыш саласының дамуына байланысты түрлі қалдық темірлер ұшып жүрген көрінеді. Мамандардың есептеуінше, салмағы бірнеше граммнан 15 тоннаға дейінгі 370 000-нан астам заттар сағатына 9,8 мың шақырым жылдамдықпен Жерді айналып ұшуда. Сонымен бірге, олар кейде бір-бірімен соқтығысып, кішкене бөлшектерге шашырап кетіп жатыр.
12. Күннің салмағы бүкіл Күн жүйесі денелерінің салмағының 99,86 пайызын құрайды. Қалған 0,14 пайызы ғаламшарлар мен астероидтарға тиесілі.
13. Ғарыш кеңістігінде жаңа жұлдыздың жарылуы (тұтануы) кезінде ол өте ғаламат көлемде энергия бөледі екен. Оның алғашқы 10 секунд ішінде бөлген энергиясы Күннің 10 миллиард жыл ішінде бөлген энергиясынан көп болады.
14. Шолпан – Күнді сағат жүрісіне қарама-қарсы бағытта айналатын жалғыз ғаламшар. Бұған бірнеше жорамал бар. Соның бірі, ғалымдардың пікірінше, бұрын Шолпанның бетіне ірі астероидтар соқтығысып, оны кейін қарай айналдырып жіберген.
15. 1957 жылдан бері («Спутник-1» жасанды жер серігі ұшырылғаннан кейін) адамзат баласы жер орбитасына қаншама жасанды жер серіктерін ұшырды. Тек соның біреуі ғана Титаниктің тағдырын қайталады. 1993 жылы Еуропа Ғарыш Агенттігіне тесілі «Олимп» жер серігі астероидпен соқтығысып, жойылды.
16. Жоғарыда айтылған Андромеда галактикасы – бізге ең жақын галактика. Осы екі галактика бір-біріне қарсы өте қатты жылдамдықпен жылжып келеді екен. Андромеданың жылдамдығы – секундына 300 шақырым, біздің Құс жолы галактикамыздың жылдамдығы – секундына 552 шақырым. Ғалымдардың пікірінше, екі галактика 2,5-3 миллиард жылдан кейін бір-бірімен соқтығысуы мүмкін.
17. Адам баласы ашық ғарыш кеңістігінде скафандрсыз 90 секунд қана шыдай алады, егер тек өкпесіндегі барлық ауаны шығарса ғана. Ал егер өкпеде кішкене ғана ауа қалса, ол бірден көпіршіп үлкейе бастайды екен. Егер ол қанға өтіп кетсе, адам бірден өледі. Ал адам ғарыш кеңістігіне шыққанда, өкпесі ауаға толы болса, онда өкпесін жарып жібереді.
18. Жердің салмағы тұрақты емес. Ғалымдардың анықтауынша, жыл сайын Жер өзіне 40 160 тонна салмақ қосып, 96 600 тоннасынан айырылады. Яғни, сонда Жер жылына шамамен 56,5 тоннаға жеңілдеп келеді.
http://mazhab.kz/kk/maqalalar/bala-tarbiesi/garysh-turaly-qyzyqty-malimetter-2132/
ғарыш туралы қызықты мәліметтер.
Анықтама бұрышы
«Аннотация» латын тілінен аударғанда «annotatie» - «ескертпе» деген мағына береді, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама». Мақсаты кітаптың не туралы екендігімен таныстыру. Ең бастысы – кітап не жайлы, бізге қажет пе, қажетсіз бе деген сауалдарға жауап ізделеді. Бұл жанр туралы да әртүрлі тұжырымдар бар: «Аннотация сол шығарманың негізгі мән-маңызын қысқаша түйіндейді»,-дейді профессор Тұрсынбек Кәкішев. Осындай анықтаманы академик Мұхаметжан Қаратаев пен профессор Тауман Амандосов та айтқан. Сайып келгенде, аннотацияға мынадай сипаттама беруге болады: «Аннотация - бір ғана шығарманың қысқаша мазмұны».
Аннотация
Ғылыми жұмысты жазу барысында оқушы қазақ халқының ұлттық бас киімдерін негізге ала отырып жазған. Жазу барысында жалпы толық қамтылған. Онда Ұлттық киімның шығу тарихынан мәлімет бере отырып, ерлер мен әйелердің, жас келіншектер мен қыздардың бас киімдерін негізге алған. Сонымен қатар тымаққа қатысты әдет –ғұрып тар қамтылып, қазақ қалхының көшпелі тұрмыс тіршілігі сөз етті.
Бас киімге қатысты қауырсын тағу, ырымдар мен тыйымдар кеңінен қамтылды. Оқушы бұл жобаны жазу барысында кеінен дайндалғанын байқатты.
Тезис (баяндаманың, лекцияның, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары)
Мәтінге тезис құрастыру дегеніміз – мәтінді ой бөліктеріне бөлу, негізгі ақпараттарды табу және оларды әр бөлім бойынша тезис түрінде қысқаша тұжырымдау.
Тезис – дәлелдеуді қажет ететін жағдай, ақиқат.
Тезис – қысқартудың күрделі түрлерінің бірі: абзацтың, дәрістің, баяндаманың негізгі ойын қысқаша тұжырымдау. Тезис мөлшері мәтіндегі ақпараттық түйіндермен сәйкес келеді.
Үлгі. Ғылыми жұмыстың тезисі
АЛИЕВА А.С. 3 жыл резиденті С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Қазақ ғылыми көз аурулар институты Ғылыми жетекшісі: м.ғ.д., проф. Аубакирова А.Ж., к.м.н. Кейкина Л.К. Офтальмология кафедрасы
ТУА БІТКЕН КАТАРАКТА ХИРУРГИЯСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР Өзектілік. Туа біткен катаракта туа біткен көз ауруларының 50% көп жағдайында кездеседі. Интраокулярлы линзаны(ИОЛ) бірмезгілді имплантациялау арқылы туа біткен ка- тарактаның хирургиялық емін баланың әлеуметтік дезадаптациясы және нашаркөргіштігінің алдын алу мақсатында барынша ерте жасау қажет. Тәжірибеге заманауи технологияларды және әдістерді енгізу оталардың функционалды нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік берді, десек те отадан кейін жоғары көргіштікке қол жеткізу қазірше толық жүзеге асқан жоқ[1,2,3].
Жұмыстың мақсаты - әр түрлі жастағы балалардағы туа біткен катаракта хирургиясының заманауи әдістемелерінің клиникалық эффективтілігіне анализ жасау.
Материалдар мен зерттеу әдістері. 151 баланың (272көз) хирургиялық емінің нәтижелері талқыланды. Жас бойынша балалар мынадай бөлінді: 6 айдан 3 жасқа дейін – 55 бала, 4-6 жас – 44, 7-10 жастан жоғары – 52. Катарактаның: 86%-жатырішілік, ал 14%- тұқымқуалағыштық болды. Екіжақты катаракта 80%, біржақты–20% жағдайда байқалды. Бұлдырлықтың орналасуына байланысты катарактаның келесі турлері кездесті: 214 көзде- толық, 58 көзде жартылай катаракта. 77% жағдайда жай катаракта, 23%-нда катарактамен бірге асқынулар мен ілеспелі аурулар болды. Операция алдында мынадай зерттеулер жүргізілді: биомикроскопия, офтальмоскопия, офтальмометрия, эхобиометрия, тонометрия, рефракто- метрия, электрофизиологиялық зерттеу(ЭФЗ) және оптикалық когерентті томография (ОСТ).
Нәтижелер және оларды талқылау. Туа біткен катарактаның бар клиникалық көріністері ескеріле отырып келесі ота турлері жасалды: 104 жағдайда ИОЛ имплантациялаумен бірге катаракта факоаспирациясы, 16 жағдайда-ИОЛды транссклеральді бекіту және имплантациялаумен бірге факоаспирация, 14 жағдайда – артқы капсуланың дисцизиясы және имплан- тациялаумен бірге факоаспирация, 13-де катарактаны алу қылилықты түзетумен бірге жасалынды, 2 жағдайда қылилықты түзету ИОЛды транссклеральді бекіту және имплантациялаумен бірге катаракта факоаспирациясы. Сондай-ақ ИОЛ имплантациялаумен бірге катаракта факоаспирациясы қарашықаралық мембрананы кесумен біріктіріліп 1 рет, және көздің алдыңғы бөлімінің реконструкциясымен біріктріліп 1 рет жасалынды. Барлық оталар алдын ала жоспарланды, ота барысы және отадан кейінгі кезеңдер асқынуларсыз өтті. Ота нәтижесін карау мақсатында науқастардың көру өткірліктері зерт- телді: отаға дейінгі орташа көру өткірлігі 0,15±0,02 құраса, отадан кейін 0,35±0,03 көрсетті.
Қорытынды. Осылайша, туа біткен катарактаны хирургияның заманауи әдістерін қолдана отырып алу, сондай-ақ комбинирленген ота жасау жоғары клиникалық эффективтілігімен ерекшеленеді. Оталардың жоғары қауіпсіздігі, аз жарақаттылығы асқынудың болмауын қамтамасыз етеді, нәтижеде балалардың нашаркөргіштігі мен соқырлығының алдын алуға барынша жағдай жасайды. ИОЛды артқы камераға орналастыру көздің алдыңғы бөлімінің анатомиялық арақатынасын сақтап, оның одан кейінгі дұрыс дамуына мүмкіндік жасайды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Боброва Н.Ф. Современное состояние проблемы хир.лечения врожденных катаракт у детей.- СЕКЦИЯ «ХИРУРГИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ, АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ И РЕАНИМАТОЛОГИЯ» 51 COLLECTION OF ABSTRACTS SPECIAL ISSUE | APRIL 24 | 2015 Вестник офтальм.-2005.-№2.-с.45-47. 2. Васильев А.В., Егоров В.В., Смолякова Г.П. Иммуно-фармакологические возможности оптимизации оптических результатов ранней хирургии вр.катаракты с первичной имплантаций ИОЛ.-Современные технологии катарактальной и рефракционной хирургии-2013. Сб. науч. статей.- ФГБУ «Микрохирургия глаза».- М.,2013.-с.53-59. 3. Круглова Т.Б., Кононов Л.Б., Егиян Н.С. Особенности экстракции врож. катаракт с импл. ИОЛ у детей перв.года жизни.- Сбор. трудов научн-практ.конф.РООФ М.,2010.- с.334-338.
Жазылым тапсырмасы үшін
Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров
12 сәуір – халықаралық ғарышкерлер күні. Ал қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров. Today.kz алты құрлықты артқа тастап, аспанға ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері туралы қызықты мәліметтерді ұсынады.
– Тоқтар Әубәкіров қаз дауысты Қазыбек бидің тікелей ұрпағы.
– Халық қаһарманы Тоқтар Оңғарбайұлы тышқаннан қорқады.
– Ғарыш кемесінен бөлек велосипедпен жүргенді ұнатады.
– Марста өмір сүруге қарсы емес.
– Өзге ғаламшарлықтардың бар екеніне сенеді.
– Тоқтар Әубәкіров әлемнің екі жүз елу алтыншы, КСРО-ның жетпіс екінші, Қазақстанның бірінші ғарышкері.
– Қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов пен Тоқтар Әубәкіров бір күнде дүниеге келген. Екеуі де жеке мейрамын 27-шілде күні тойлады.
– Бүгін кәсіби мерекесін тойлап жатқан Тоқтар Әубәкіров ғарышқа екінші рет ұшуды армандайды.
– "Әлемдегі ең қауіпті жануар – адам" деген оймен толықтай келіседі.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазан күні Байқоңырдан "СОЮЗ ТМ-13" кемесімен ғарышқа ұшты. Ол ғарышта 8 күн болып, Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жүргізді.
Күн жүйесі
Біз планета бетінен ғарыш кемесінсіз ұшып кете алмаймыз. Бірақ атмосфераның ашықтығы арқасында ғаламды бақылай аламыз. Тіпті ежелгі адамдар күн жүйесінде планеталарды , және кометалардың қозғалуын байқаған. Бұрын адамдар өз өмірлерін жұлдыздар тарапынан бақыланатынына, және олардың құдіретті күшіне сенген. Ал, Қазір, біз, ғылым арқасында ғарыш туралы көбірек білеміз.
Әрбір адам үшін күн жүйесі алып болып көрінеді, алайда біздің жүйені ғарышпен салыстырғанда, үлкен шөлдегі кішкентай құмның данасы сияқты. Негізі, барлық планетарлық жүйе көптеген аспан денелерінен және орталық бөліктен тұрады, яғни оның жүрегі болып табылатын Күн сияқты жұлдыздардан тұрады.
Егер жер бетінде өмір пайда болса, онда басқада планеталарда да тіршілік болуы мүмкін. Марс полюстеріндету су және мұздықтар бар, сондықтан бұл жерде тіршілік болуы мүмкін. Сонымен қатар жер асты мұхиттары бар көптеген спутниктерде бар (Еуропа және Энцелад).
Меркурий күннің бетіне ең жақын екенін бәрі біледі. Сәйкесінше, көпшілік Меркуриді жүйедегі ең ыстық планета деп есептейді. Бірақ, негізінде ең «ыстық» планета Венера болып табылады. Ол Меркурийден кейін орналасқан, яғни күннен кейін екінші орналасқан. Оның орташа температурасы 475 градус Цельсий. Бұл таңба қорғасын мен қалайыны еріту үшін жеткілікті.
Сонымен қатар, Шолпан — ең жарқын планета. Әрбір планета өздігінен жарқырамайды, тек Күннің нұрын кері атады. Осылайша, Шолпан атмосферасында күн сәулесінің шамамен 75% -ы кері жарқырататын ерекше бұлттар бар. Бірақ бұл бәрі емес! Басқа планшеттерге қарағанда, өз орбитасында сағат тіліне қарсы айналатын жалғыз планета — Шолпан. Сондықтан, Шолпан біздің жүйенің басқа планеталарынан айырмашылығы жағынан бірінші орында.
Жерсеріктердің ең көп саны Юпитер планетасында. 2001 жылға дейін Сатурн, бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында болды. Алайда, соңғы бірнеше жылда ғалымдар Юпитердің 20-дан астам спутниктерін тапты. Ал қазір оның 63 спутнигі бар, екені белгілі, ал Сатурнде 60.
Біз үшін ең жақын, және қызықты планета — Марс. Марс аңыз танымал соғыс құдайының атымен аталған. Бұл планетаның екінші атауы Қызыл планета, себебі оның топырағында темір оксиді бар және ол шын мәнінде қызыл түсті. Жер ғалымдары Марстың маңыздылығын бағалаған. Жер бетінде пайда болған алғашқы микробтардың көптеген түрлері алғаш рет Марс бетінде пайда болды, содан кейін олар астероидтардың көмегімен бізге келді. Сол сияқты, ғалымдар ежелде Марста көптеген су ресурстары болғанын дәлелдеді, бірақ олар кейінірек жойылып кетті. Мұның дәлелі — бұл планетаны қоршап тұрған құрғатылған өзен арналары, сондай-ақ судың көмегімен ғана құрылуы мүмкін көптеген минералдар.
Күн жүйесінде планеталар ғана емес, сонымен қатар астероидтар және басқа да түрлі ғарыштық элементтерге толды. Олардың ең үлкен кластері — Марс пен Юпитер арасында. Бұл кеңістік әдетте Астероидтер өрісі деп аталады.
Біздің Күн жүйеміз, және ғарыш әлі күнге дейін ашылмаған құпяларға толы, және ғалымдар үшін әлі көп қызықтар алда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?