Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қазақ тілі 8Т1
Пән: | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: 24 | Қатыспағандар саны: | ||||||||
| 4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | Ж2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. | |||||||||
Оқу мақсаттары | 8.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу.
| |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
Құндылықтар | Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған. Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады. Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Біздің пікірімізше...... Себебі.... Бұған дәлел...... Қорыта айтқанда,.... | |||||||||
Пәнаралық байланыс | Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс | |||||||||
Алдыңғы білім | Мақала мен резентацияның құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізіп, жанырын ажыратты. Қазақ ғарышкерлерінің жүргізген тәжірибелері туралы мәлімет алды.ғарыш жетістіктері туралы білімдерін толықтырды. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту С «Бір сөзбен айтқанда....» әдісі Оқушыларға ғарыш саласына байланысты қызықты мәліметтер беріледі. Оқушылар мәліметті бір сөзбен не сөз тіркесімен жеткізу керек. Оқушының қалауы бойынша жауаптары тыңдалады. Оқу мақсатымен таныстыру. Оқушылар топта оқу мақсатын талқылайды. «Себебі...» әдісі. Оқу мақсаты бізге түсінікті, себебі... Оқу мақсатын түсіну үшін бізге көмек керек, себебі... Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқу мақсатын түсіну үшін бір-біріне көмектеседі. Бағалау критерийімен таныстыру. Топқа бөлу. «Өз қалауың, бірақ 6-дан аспасын» әдісі. Оқушылар өз қалауымен топтарға бөлінеді. Топтағы оқушы саны алтыдан артық болмау керек. Топқа бөлінген соң оқушылар сыныптағы аннотация, тезис туралы жазылған анықтама бұрышымен танысады. Үйде орындап келген тапсырмасымен салыстырады, толықтырады. | http://mazhab.kz/kk/maqalalar/bala-tarbiesi/garysh-turaly-qyzyqty-malimetter-2132/ | ||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 20-мин | Мағынаны ажырату Ойқозғау. Жазылым алды тапсырмасы
Оқушылар топта публицистикалық және ғылыми стильдің ерекшеліктерін еске түсіреді. А3 форматына жазады. Сосын оқушылар жұптасады. Жұпта берілген сөздер мен сөз тіркестерінің қай стильге тән екенін көрсетеді. Тапсырма Т/ЖЖ
Бағалау критерийі:
Смайлик арқылы бағалау. Мұғалім оқушы жауаптарын аралап жүріп, смайлик жапсыру арқылы бағалайды. Жазылым тапсырмасы. ҚБ Оқушылар сынып болып сұрақтарға жауап береді. Оқушы жауаптарын жетелеу сұрақтары арқылы толықтырып отыру керек. Еске түсірейік!
Оқушылар аннотация және тезис туралы ақпаратты еске түсіріп болған соң, жазылым тапсырмасын жеке орындайды. Екі тапсырманың бірін таңдап жазады. Тапсырма.1
Мәтіннің жанры....,себебі...... Мәтіннің стилі...., себебі..... «Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров» тақырыбындағы мақала үзіндісінің аннотациясы. _______________________________________________________________________________________________________________________________________ Тапсырма2
Мәтіннің жанры....,себебі...... Мәтіннің стилі...., себебі..... «Күн жүйесі» тақырыбындағы баяндаманың тезисі. _______________________________________________________________________________________________________________________________________ Бағалау критерийі:
Жазылымнан кейінгі тапсырма Бағалау. Жұпаралық бағалау. Оқушылар жұмыстарын көршісіне береді, бағалау критерийі бойынша бағалап шығады. Тапсырманың орындалуына өздерінің көзқарасын білдіреді. Кері байланыс. | Бағалау смайликтері Қазыбек бидің тікелей ұрпағы ғарышкер Тоқтар Әубәкіров Күн жүйесі | ||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Шығу парағы» әдісі. Мұғалім оқушыларға 5 сұрақтан тұратын шығу парағын таратады. Оқушылар сұраққа жауап жазады, мұғалімге өткізеді. 1.Оқу мақсатына жеттік пе? 2.Оқу мақсатына жету үшін не істедің? 3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге? 4. Жанрды,стильді анықтау сізге қиындық тудырды ма? 5. Жазылым тапсырмасын орындауда қандай қиындыққа тап болдыңыз? Мұғалім шығу парағындағы жауаптарды оқып, талдама жүргізеді, келесі сабағына өзгертулер енгізеді. Үй тапсырмасы: Жинақы мәтін деген не? Мәтіндегі ойды жинақтап жазу үшін қандай әрекеттер жасау керек? Жинақы мәтін жазуда тілдік құралдар қаншалықты көмекке келеді? | |||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз. | Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе? Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме? Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма? Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар? | ||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?