Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 5 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:

8.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу.

Тапсырма.

1.«Жаңа ғасыр жастары ғарышты қалай зерттеп жүр?» мақаласының аннотациясын жазыңыз.

2.Аннотация жазу үшін қолданылатын тілдік құралдарды қолданыңыз.

Бағалау критерийі:

1.Стиліне сай тіл құралдарын қолданады

2.Еңбектерге аннотация жазады

3.Аннотация құрылымын сақтайды

Жаңа ғасыр жастары ғарышты қалай зерттеп жүр?

Қазақстанда «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан деп мақтанышпен айтамыз. Алайда бұл мекен «Ғарышкерлердің Меккесіне» айнала алмай отыр. «Байқоңырдың» мүмкіндіктерін толық меңгеру үшін білікті мамандар керек-ақ. Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орнына «Ғарыштық технологияларды дайындау» дейтін мамандықты оқыту бағдарламасы енгізілгелі 8 жыл болды. Мұнда білім алып жатқан жастар аспан әлемі туралы оқып қана қоймай, ғылыми зерттеулермен де айналысады. Оларға арнайы зертхана, тіпті жер серігімен байланысқа шығатын құрылғы да берілген. Бұл қадамдардың барлығы білікті кадр дайындау мәселесін шешуге бағытталған шаралар. Мұның бағасын аталған мамандықты меңгерген және білім алып жатқан жас техниктердің аяқ алысына қарап беруге болады. Ғарыштық техника және технология» мамандығын үйрететін мамандар алдымен шетел көріп, сол елден тәжірибе жинап келуі керек. Ғарыш саласындағы білікті мамандардың аздығы сондай, «Қызыл кітапқа» енгізуге болады. Осындай саусақпен санарлықтай мамандар Қазақ Ұлттық университетінде (ҚазҰУ), Алматы энергетика және байланыс университетінде (АЭжБ) және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеттерінде (политех) дәріс береді. Жаңа мамандықтың Қазақстандағы оқу орындарында пайда болғанына 8 жылға жуық уақыт қана өткенін жоғарыда айтып өттік. Төрт жылдық бакалаврды тәмамдау ғарыш техникасын толық меңгеруге мүмкіндік бермейді. Осы мамандықтың магистратура мен докторантурасын аяқтаған, шетелге барып тәжірибе жинап қайтқан жас мамандарды түгендейтін болсақ, олар енді ғана ғалымдар легіне қосылып жатыр. Солардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәріс беретін Нұрсұлтан Досжан.

. Нұрсұлтан Досжан: Оқушы күнімде ғарышкер, болмаса ұшқыш болам дейтінмін. Мектеп бітірген соң Алматыдағы ҚазҰУ-ға техникалық физика мамандығы бойынша грантқа түстім. Магистратурада астрономияны меңгеріп, тәжірибені Жапониядан өттім. Магистратураға түскен жылы факультетімізге көптеген жаңа құрылғылар әкелінді. Оқу процесінен тыс уақытта түрлі бағдарламалар жасап көрдім. Оқытушыларымыз осы кезде бес магистрантты таңдап Жапонияға оқуға жіберетін болды. Менің ғарыш техникасына деген махаббатым осы кезде пайда болды. Ол жақта жаңа ғарыштық аппараттармен танысып, оны құрастырып, әр түрлі сынақтардан өткіздік. Елге оралған соң ҚазҰУ-дың Механика кафедрасының «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша докторантураға түстім.

Дана Қанатқызы

«Ұлан» (№15, 10 cәуір 2018 )

http://zhasorken.kz/zha%D2%A3a-%D2%93asyr-zhastary-%D2%93aryshty-%D2%9Balaj-zerttep-zh%D2%AFr/

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:

8.3.2.1 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазу.

Тапсырма.

1.«Ұшқыш ми» баяндамасының тезисін жазыңыз.

2.Тезис жазу үшін қолданылатын тілдік құралдарды қолданыңыз.

Бағалау критерийі:

1.Стиліне сай тіл құралдарын қолданады

2.Баяндаманың тезисін жазады

3.Тезистің құрылымын сақтайды

Ұшқыш ми

«Ұшқыш ми» Халықаралық ғарыш станциясынан АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен аттанды. Оны орбиталық бекетке SpaceX компаниясының Dragon кемесі жеткізеді. Ақ түсті домалақ робот жалғыз емес – станцияда оның германиялық астронавт досы бар. Жоспар бойынша, ғарыш кемесі діттеген жеріне шілденің 2-де жетуі керек. Оның бортына станцияның роботталған шынтағына жалғайтын қосымша қол, өсімдіктер бойындағы стресті өлшейтін құрал және ракты емдеу туралы жаңа зерттеу материалдары тиелген. Бұған дейін Илон Масктің аэроғарыштық SpaceX компаниясы НАСА-мен 1,6 миллиард доллардың келісім шартына қол қойды. Сол құжатқа сәйкес, Dragon Халықаралық ғарыш станциясына осымен 15-ші рет жүк әкетіп отыр. Бұл жолы оған 2700 келі зат тиелген. Тарихи тәжірибе Солардың ішінде көлемі баскетбол добындай CIMON (Экипаждың интерактивтік-мобильдік серігі) деген роботтың орны ерекше. Airbus компаниясының микрогравитация жөніндегі маманы Манфред Яоманн бұл аппаратты «ұшқыш ми» деп атады. Ал, Германия аэроғарыш орталығы CIMON жобасының менеджері Кристиан Карраш бейсенбі күні НАСА-да өткен брифингте мәлімдегендей, бұл роботтың ғарышқа жіберілуі - тарихи тәжірибе. Себебі, орбитаға адамдармен байланыс орната алатын робот алғаш рет аттанған. CIMON аппараты Еуропа ғарыш агенттігінің 42 жастағы геофизигі Александр Герстің даусы мен жүзін жаңылмай таниды. Өйткені, сол адамға арнайы үйретілген. Мысалы, Герс шақырғанда, CIMON ол жерді адаспай тауып барады. CIMON астронавтың көз деңгейінде қалықтап жүріп, камерасымен өзінің алдында тұрған адамның Герст пе, әлде басқа ма екенін анықтай алады. Сонымен қатар, ол эмоциясын да көрсетуге қабілетті. «Франс пресстің» мәліметінше, бұл робот энергияны он шақты пропеллерден алады. Ал, бұл пропеллерлер CIMON-ның ғарыштық зертханадағы «Колумбус» модуліне соғылып қалмауына көмектеседі. IBM компаниясының өкілі Брет Гринштейннің сөзінше, CIMON ағылшын тілінде жұмыс істеп, тіпті «қожайнының» айтқандарын жақсы түсінеді. Бірақ, Герстпен ғана қызметтес болуды тамаша меңгерсе де, CIMON ғарыш станциясындағы 6 астронавтпен де тілдесе алады. Өйткені, олар да ағылшынша сөйлейді. Уақыт үнемдеуге көмектеседі Флоридадағы ұшырылымның өзге бір мақсаты – технологиялық жетістіктерді әлемге паш ету. Ал, CIMON роботы ғарышта Александр Герстке әртүрлі ғылыми процедураларда жетекшілік етіп, қажет болған жағдайда, оған фотосуреттер мен видеолар көрсете алады. Ал, ғарышкер оған сұрақ қойып отырады. CIMON-ның арқасында микрофон, алдында камера орнатылған. Сонымен қатар, онда екі батарея мен «офлайн» нүктесі бар. Роботты «офлайн» режиміне көшіргенде, Герстің артық сөздері Жердегі IBM серверге кетіп қалмайды. «Біз CIMON-ның көмегімен астронавттардың тиімділігін арттыруға талаптанып жатырмыз. Ғарыш станциясының Еуропалық модулінде үш ғылыми тәжірибе жүргізу жоспарланып отыр. Олар өте күрделі. Осындай кезде қолы бос серік керек. Қазір алға қойған негізгі мақсатымыз – орбиталық бекетте өз міндеттерін атқарып жатқан астронавттардың уақытын үнемдеу. Себебі, Халықаралық ғарыш станциясында уақыттың қадірі өте жоғары, өте қымбат», - дейді IBM компаниясының чип жасаушы инженері Мэттиас Биниок. «Оның сөзінше, CIMON-ның коцепциясын жасауға 1940-шы жылдары экранға шыққан ғылыми-фантастикалық комикс шабыт берді. Сол картинада профессор Симон деген робот болады, пошымы ми тәрізді. Ол да «Болашақтың капитаны» есімді астронавтқа космоста жөн сілтеп отырған. Сонымен қатар, CIMON-ды режиссер Стэнли Кубриктің «2001: Ғарыштық одиссея» фильміндегі HAL деген ақылды компьютермен де теңестіруге болады. Германиялық инженер Филипп Шулианның ойынша, космонавттардың мүмкіндіктерін роботтардың көмегімен кеңейту болашақта ғарышты барлауға, 2020 жылы Марсты зерттеуге аса қажет болады.

Арыстан Рысбек

https://abctv.kz/kz/news/%C2%ABushkysh-mi%C2%BB-orbitalyk-stanciyaga-attandy

___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу