Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 6 сабақ.
Дидактикалық материалдар
Жинақы мәтіннің негізгі критерийлері:
1.Формасы жағынан қысқа, мазмұны жағынан бай болу керек
2.Бастапқы мәтіннің мазмұнын қысқаша және жалпыланған түрде жеткізу керек
3.Жинақы мәтін жазуда, автордың негізгі ойларын, оқиғалардың логикалық реттілігін жасалып жатқан жаңа мәтінде көрсету керек.
4.Мәтіндердегі ойлардың арасында алшақтық болмау керек.
Жинақы мәтінді жазудың тәсілдері.
1.Алып тастау. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап алып, қалғанын сызып тастау
2.Жинақтау. Бірдей фактілерді жинақтап, оларды бір оймен беретін тіл құралдарын таңдап, жаңа мәтін құрау.
Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдар:
Ауыстыру.
1.Бірыңғай мүшелерді жалпылауыш мүшелеремен
2.Берілген фрагменттерді мағынасы ұқсас синонимдермен ауыстыру
3. Сілтеу есімдіктерімен алмастыру
4.Жалпылау есімдіктерін
5.Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге алмастыру
Алып тастау.
1.Бірыңғай мүшелерді, кейбір сөйлем мүшелерін, қайталалуларды, маңызыд емес фрагменттерді, синоним сөздерді, баяндауға негізделген ұзақ ойлардан тұратын сөйлемдерді алып тастау
Біріктіру.
Екі жай сөлемді мағынасы жағынан жақын болса, оларды біріктіріп, құрмалас сөйлем жасауға болады.
Абдулхамит Мархабаев Ғарыштағы қымыз
«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі».
Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.
Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы баспасөз, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді. Сол орбитадағы галактикалық космос станциялар көркейтіліп, олардағы киоскілер саны күн санап өсті. Космофлот зымыран қонған бойда жолаушылар салонының есігі ашылды, екі робот ақсақалды жұмсақ орындыққа жайғастыра отырғызып, әудем жердегі шаршы топтың ортасындағы стол жанына апарды. Ұзамай капитан мен қалған нөпірлер жетті. Кездесуге күн аумағындағы планеталардың барлығынан да өкілдер келгенге ұқсайды. Олардың әрқайсысының жанында бір-бірден аудармашы роботтар. «Анау тұрған Нептунның өкілі ғой оның қасында екі роботтың тұрғаны несі, Әәә, жаңа есіме түсті, ұмытып кеттіппін ау,еее бәсе басқалар қызғанып күңкіл шығармай-ақ қойсын. Нептун Жердің екі туып бір қалғаны емес, керек десе қол созым Жердегі бізбен алысып берісіп тұрған Марс та жалғыз аудармашы роботты, оның өзі де аккумуляторы отырып қала беретін кекеш робот, місе тұтады ғой, ал Нептунның тілі бізге жаңадан ғана толық аударылып бітті, оны әлі үйреніп жетіліп болмаған бір роботтың табан астында аударма жасауы қиын».
307 сөз
http://bolisemin.blogspot.com/2016/04/blog-post_36.html
Ә.Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі
Мадидің жеке блогынан алынды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?