Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 6 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
Бағалау критерийі:
1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
2.Азат жолдағы ойларды біріктіріп, бір сөйлеммен береді
3. Мәтіннің негізгі ойын сақтайды, автор позициясын анықтайды
4. Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдарды қолданады
Тапсырма.
1.Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз.
2.Жинақы мәтіннің түрін таңдаңыз. (аннотация немесе тезис)
3.Мәтінді бірнеше азат жолдарға бөліңіз.
4. Азат жолдардағы негізгі ойды білдіретін сөздердің астын сызыңыз.
5.Азат жолдағы ойды біріктіретін бір сөйлем жазыңыз..
6.Сызған негізгі ой мен азат жолдағы ойды біріктіретін сөйлеміңізді біріктіріп жазыңыз..Тексеріңіз: логикалық байланыс, автордың айтқысы келген ойы қамтылған ба?
7.Берілген сөз көлемі 307 сөз. Қысқартылған сөйлем көлемі 100-120 шамасында болу керек.
8.Мәтінді қысқартуда жинақы мәтінді жазудағы тілдік құралдарды қолданыңыз.
Абдулхамит Мархабаев Ғарыштағы қымыз
«Альфалықтар - сыйлы қонағымыз. Басқа жұлдыз жүйесінің өкілдері бізге достық ниетпен келе жатыр. Альфалықтармен ертеңгі танысу - адам цивилизациясының жарқын көрінісі».
Газеттердің соңғы кездегі нөмірлерінен осы тәріздес сөздерді жұрт жиі көретін боп кетті. Бірталай адамдар жаңа туған қыздарының атын Альфа деп қойыпты.
Роботтардың жаңа шыққан маркасы да Альфа болды. Жазу машинкасының желі бар жазушысы әп-сәтте Альфа планетасының тұрмысы жөнінде фантастикалық повесть бастырып шығарады. Радио да борыштар қалған жоқ: планетамызға белгілі композитор әншінің Альфа халық әуендеріне жазған попуриін күніне 5-6 мезгіл береді. Альфа делегациясын басқарып келетін ақсақалдың өмірін дәріптейтін телеспектакль қойылды. Академияның ғылыми қызметкері Р. монография жазды. Қойшы, Альфалықтар Жер баспай тұрып-ақ адамдар олардың барлық тірлігін біліп алды деуге болады, мысалы олардың етікті әуелі қай аяғына сұғатыны , тәулігіне неше мәрте жөтелетіні , кілттерін қай қалталарына салып жүретіні сияқты маңызды-маңызды дәстүрлер туралы қазір де төртінші класстың балалары да айтып бере алады. Планетааралық сыртқы істер басқармасы баспасөз, радиомен ғана шектеліп қалған жоқ. Қонақтарды жақсы күтіп алуға қажетті шаралардың бәрін жасауға тырысты. Альфалықтар жерге жақындағанда нөмірі он төртінші Космофлотқа 867-ші серіктің орбитасымен келіп қонуы тиіс еді. Сол орбитадағы галактикалық космос станциялар көркейтіліп, олардағы киоскілер саны күн санап өсті. Космофлот зымыран қонған бойда жолаушылар салонының есігі ашылды, екі робот ақсақалды жұмсақ орындыққа жайғастыра отырғызып, әудем жердегі шаршы топтың ортасындағы стол жанына апарды. Ұзамай капитан мен қалған нөпірлер жетті. Кездесуге күн аумағындағы планеталардың барлығынан да өкілдер келгенге ұқсайды. Олардың әрқайсысының жанында бір-бірден аудармашы роботтар. «Анау тұрған Нептунның өкілі ғой оның қасында екі роботтың тұрғаны несі, Әәә, жаңа есіме түсті, ұмытып кеттіппін ау,еее бәсе басқалар қызғанып күңкіл шығармай-ақ қойсын. Нептун Жердің екі туып бір қалғаны емес, керек десе қол созым Жердегі бізбен алысып берісіп тұрған Марс та жалғыз аудармашы роботты, оның өзі де аккумуляторы отырып қала беретін кекеш робот, місе тұтады ғой, ал Нептунның тілі бізге жаңадан ғана толық аударылып бітті, оны әлі үйреніп жетіліп болмаған бір роботтың табан астында аударма жасауы қиын».
307 сөз
http://bolisemin.blogspot.com/2016/04/blog-post_36.html
Ә.Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі
Мадидің жеке блогынан алынды.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?