Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 6 сабақ.


Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу мақсаты

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу;

8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.

Бағалау критерийі:

1. Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды

2. Әр азат жолдың негізгі ойын өз сөзімен құрастырады

3. Мәтінді қысқартып жазады

4. Автор позициясын анықтайды.

Топқа бөлу

Оқу мақсаты мен бағалау критерийін талқылау

Жазылым алды тапсырмасы

Анықтама бұрышы

Жинақы мәтіннің негізгі талаптары:

1. Формасы жағынан қысқа, мазмұны жағынан бай болу керек

2. Бастапқы мәтіннің мазмұнын қысқаша және жалпыланған түрде жеткізу керек

3. Жинақы мәтін жазуда, автордың негізгі ойларын, оқиғалардың логикалық реттілігін жасалып жатқан жаңа мәтінде көрсету керек.

4. Мәтіндердегі ойлардың арасында алшақтық болмау керек.

Жинақы мәтінді жазудың тәсілдері.

1. Алып тастау. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап алып, қалғанын сызып тастау

2. Жинақтау. Бірдей фактілерді жинақтап, оларды бір оймен беретін тіл құралдарын таңдап, жаңа мәтін құрау.

Анықтама бұрышы

Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдар:

Ауыстыру.

1. Бірыңғай мүшелерді жалпылауыш мүшелеремен

2. Берілген фрагменттерді мағынасы ұқсас синонимдермен ауыстыру

3. Сілтеу есімдіктерімен алмастыру

4. Жалпылау есімдіктерін

5. Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге алмастыру

Алып тастау.

1. Бірыңғай мүшелерді, кейбір сөйлем мүшелерін, қайталауларды, маңызды емес фрагменттерді, синоним сөздерді, баяндауға негізделген ұзақ ойлардан тұратын сөйлемдерді алып тастау

Біріктіру.

Екі жай сөлемді мағынасы жағынан жақын болса, оларды біріктіріп, құрмалас сөйлем жасауға болады.

Ойды жинақтау

1. Жинақы мәтін жазудың қандай талаптары бар?

2. Жинақы мәтін жазуда қандай тәсілдерді қолданамыз?

3. Жинақы мәтін жазуда қандай тілдік құралдарды қолданамыз?

Жазылым тапсырмасы.

1. Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз.

2. Жинақы мәтіннің түрін таңдаңыз. (аннотация немесе тезис)

3. Мәтінді бірнеше азат жолдарға бөліңіз.

4. Азат жолдардағы негізгі ойды білдіретін сөздердің астын сызыңыз.

5. Азат жолдағы ойды біріктіретін бір сөйлем жазыңыз..

6. Сызған негізгі ой мен азат жолдағы ойды біріктіретін сөйлеміңізді біріктіріп жазыңыз..Тексеріңіз: логикалық байланыс, автордың айтқысы келген ойы қамтылған ба?

7. Берілген сөз көлемі 307 сөз. Қысқартылған сөйлем көлемі 100-120 шамасында болу керек.

8. Мәтінді қысқартуда жинақы мәтінді жазудағы тілдік құралдарды қолданыңыз

Бағалау критерийі:

1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

2.Азат жолдағы ойларды біріктіріп, бір сөйлеммен береді

3. Мәтіннің негізгі ойын сақтайды, автор позициясын анықтайды

4. Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдарды қолданады

Жинақы мәтінді талапқа сай орындайды

Жазылымнан кейінгі тапсырма

Жұмысты бағалау. «Шеңбер бойымен» әдісі

Кері байланыс. «Түртіп алу» әдісі

ЖАҚСЫ

ТАМАША

ҰСЫНЫСЫМ БАР

ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕЙІК

Рефлексия

«Шығу парағы» әдісі.

1.Оқу мақсатына жеттік пе?

2.Оқу мақсатына жету үшін не істедің?

3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?

4. Жинақы мәтін жазу сізге қиындық тудырды ма?

5. Жазылым тапсырмасын орындауда қандай қиындыққа тап болдыңыз?

Үй тапсырмасы:

Сөз тіркестерінің тәсілдерін, түрлерін қайталап келу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу