Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қазақ тілі 8Т1

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу бағдарламасына сілтеме

Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу;

Оқу мақсаттары

8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.

Бағалау критерийі

  • Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды
  • Әр азат жолдвң негізгі ойын өз сөзімен құрастыру
  • Мәтінді қысқартып жазады
  • Автор позициясын анықтайды.

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Мақала мен резентацияның құрылымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізіп, жанырын ажыратты. Қазақ ғарышкерлерінің жүргізген тәжірибелері туралы мәлімет алды.ғарыш жетістіктері туралы білімдерін толықтырды.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту

«Түсті стикер» әдісі арқылы топты бөлу.

Мұғалім әр оқушының маңдайына, қолына дәптеріне, кітабына стикерлер жапсырады. Бірдей түсті стикерлер бір топқа жайғасады. Стикер санын алдын ала дайындап қою керек.

Оқу мақсатымен таныстыру.

Оқушылар 1минут топта оқу мақсатын талқылайды.

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқу мақсатын түсіну үшін бір-біріне көмектеседі.

Бағалау критерийімен таныстыру, сыныппен бірге талқылау.

Сабақтың ортасы

7 мин

17 мин

8 мин

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Жазылым алды тапсырмасы

Оқушылар топта үйден қарап келген ақпараттарын қолданып, «Жинақы мәтін деген не? Оны қалай жазамыз?» сұрағына жауап әзірлейді, таныстырады.

Таныстырып болған соң, «Анықтама бұрышына барады, жауаптарын салыстырады, жауаптарын толықтырады.

Жинақы мәтіннің негізгі критерийлері:

  • Формасы жағынан қысқа, мазмұны жағынан бай болу керек
  • Бастапқы мәтіннің мазмұнын қысқаша және жалпыланған түрде жеткізу керек
  • Жинақы мәтін жазуда, автордың негізгі ойларын, оқиғалардың логикалық реттілігін жасалып жатқан жаңа мәтінде көрсету керек.
  • Мәтіндердегі ойлардың арасында алшақтық болмау керек.

Жинақы мәтінді жазудың тәсілдері.

  • Алып тастау. Мәтіндегі негізгі ойды анықтап алып, қалғанын сызып тастау
  • Жинақтау. Бірдей фактілерді жинақтап, оларды бір оймен беретін тіл құралдарын таңдап, жаңа мәтін құрау.

Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдар:

Ауыстыру.

  • Бірыңғай мүшелерді жалпылауыш мүшелеремен
  • Берілген фрагменттерді мағынасы ұқсас синонимдермен ауыстыру
  • Сілтеу есімдіктерімен алмастыру
  • Жалпылау есімдіктерін
  • Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге алмастыру

Алып тастау.

  • Бірыңғай мүшелерді, кейбір сөйлем мүшелерін, қайталауларды, маңызды емес фрагменттерді, синоним сөздерді, баяндауға негізделген ұзақ ойлардан тұратын сөйлемдерді алып тастау

Біріктіру.

Екі жай сөлемді мағынасы жағынан жақын болса, оларды біріктіріп, құрмалас сөйлем жасауға болады.

Тапсырма сыныптық болғандықтан жауап бергісі келетін оқушылардан сұрауға болады.

Ойды жинақтау .

  • Жинақы мәтін жазудың қандай талаптары бар?
  • Жинақы мәтін жазуда қандай тәсілдерді қолданамыз?
  • Жинақы мәтін жазуда қандай тілдік құралдарды қолданамыз?

Жазылым тапсырмасы.

ҚБ

ЖЖ/Ж

Оқушылар тапсырманы жұпта, сосын жеке орындайды. Оқушыларға «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі беріледі. Жинақы мәтіннің талаптарын орындай отырып, мәтінді қықсартып, аннотация немесе мәтіннің тезисін жазады. Оқушының қалауына байланысты орындалады.

Тапсырма.

  • Ә. Мархабаевтың «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазыңыз.
  • Жинақы мәтіннің түрін таңдаңыз. (аннотация немесе тезис)
  • Мәтінді бірнеше азат жолдарға бөліңіз.
  • Азат жолдардағы негізгі ойды білдіретін сөздердің астын сызыңыз.
  • Азат жолдағы ойды біріктіретін бір сөйлем жазыңыз..
  • Сызған негізгі ой мен азат жолдағы ойды біріктіретін сөйлеміңізді біріктіріп жазыңыз..Тексеріңіз: логикалық байланыс, автордың айтқысы келген ойы қамтылған ба?
  • Берілген сөз көлемі 307 сөз. Қысқартылған сөйлем көлемі 100-120 шамасында болу керек.
  • Мәтінді қысқартуда жинақы мәтінді жазудағы тілдік құралдарды қолданыңыз.

Бағалау критерийі:

1.Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

2.Азат жолдағы ойларды біріктіріп, бір сөйлеммен береді

3. Мәтіннің негізгі ойын сақтайды, автор позициясын анықтайды

4. Жинақы мәтін жазуда қолданылатын тілдік құралдарды қолданады

5. Жинақы мәтінді талапқа сай орындайды

Жазылымнан кейінгі тапсырма

«Шеңбер бойымен» әдісі

Бағалау. Жұмыстарын шеңбер бойымен жылжыта отырып, дайын бағалау критерийі бойынша бағалап шығады. Ұсыныстарын білдіреді.

Кері байланыс.

Мұғалім оқушыларға кері байланыс беру үшін «Түртіп алу» әдісін қолданады.Сыныпты аралап жүріп, оқушы жұмыстарының жақсы және жетілдіру тұстарын жазып алады. Әр оқушыға жеке тоқталып кері байланыс береді.

Кері байланыс үшін

  • «Жақсы, тамаша» сөздері жазылған стикер беру арқылы оқушыны бағалап, мақтауға болады.
  • «Ұсынысым бар» сөзі бар ұсыныс жазылған стикерді беру арқылы диалогқа түсуге болады.
  • Тапсырманы орындауда қателік көп жіберегн оқушының жақсы тұстарын атйып,сыныптан көмек сұрап, «Қолдау көрсетейік!» деп, сол оқушыға көмектесудің жолдарын сынып болып шешуге болады.

Бағалау смайликтері

https://ppt4web.ru/obshhestvoznanija/priemy-kompressii-teksta0.html

Жинақы мәтін қалай жазылады?

Захарова Л.Н

http://bolisemin.blogspot.com/2016/04/blog-post_36.html

Ә.Мархабаев «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі

Мадидің жеке блогынан алынды.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«Шығу парағы» әдісі.

Мұғалім оқушыларға 5 сұрақтан тұратын шығу парағын таратады. Оқушылар сұраққа жауап жазады, мұғалімге өткізеді.

1.Оқу мақсатына жеттік пе?

2.Оқу мақсатына жету үшін не істедің?

3.Топтық жұмыстың көмегі болды ма? Неге?

4. Жинақы мәтін жазу сізге қиындық тудырды ма?

5. Жазылым тапсырмасын орындауда қандай қиындыққа тап болдыңыз?

Мұғалім шығу парағындағы жауаптарды оқып, талдама жүргізеді, келесі сабағына өзгертулер енгізеді.

Үй тапсырмасы:

Сөз тіркестерінің тәсілдерін, түрлерін қайталап келу.

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу