Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 6 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау

Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:

8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.

Бағалау критерийі:

1.Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды

2.Мәтіннің баяндау желісін сақтайды

3.Жинақы мәтін жазуда тілдік қолданыстарды орынды қолданады

4.Логикалық жағынан байланысы бар

5.Жанрына сай (аннотация, тезис),жинақы мәтін жазады

Тапсырма.

1.Мәтінді оқып, танысыңыз

2.Азат жолдардағы негізгі ойды білдіретін сөздерді, ойларды қалдырып, қалғанын алып тастаңыз.

3.Бірдей фактілерді жинақтап, оларды бір оймен беретін тіл құралдарын таңдап, жаңа мәтін құраңыз

4.Автордың негізгі ойларын, оқиғалардың логикалық реттілігіне назар аударыңыз, ойлардың арасында алшақтық болмау керек екенін ескеріңіз.

5.Жанрына сай жинақы мәтін жазыңыз.

Айдың құпиясы

1969 жылдың 20 қарашасы күні 4 сағат 15 минутта «Аполлон –12» ғарыш кемесінен бөлініп, Айдың бетіне қонған ұшу аппараты тежегіш тетіктің кінәратынан қатты соғылды. Осы соққыдан кейін Айдан қоңырауға ұқсас дыбыс шығып, тербеліс байқалған. Кабинада орнатылған сейсмометрдің есептеуінше тербеліс 55 минутқа созылған. Бұл жағдай ғалымдарды таңғалдырған. «Бұл не қылған дыбыс Қайдан шықты, ненің белгісі» деген сан қилы сауал алдынан шыққан соң, АҚШ-тың ғарыш мамандары тағы бір сынақ жасауға бел буған. Ол – «Сатурн – 4» зымыранның орбитада қалдырылған бөлшегін Айға жеткізіп, қатты жылдамдықпен соқтықтыру еді. Зымыран қалдығы секундына 2,5 шақырым жылдамдықпен Айға соғылды. Не болды дейсіз ғой. Сейсмометрдің есептеуінше айдан шыққан қоңырауға ұқсас дыбыс 3 сағат 20 минутқа созылды. Осыдан кейін-ақ ғарышты зерттеп жүрген көптеген ғалымдар «ай табиғи ғаламшар емес, қолдан жасалған. Жасанды дүние» деген шешімге келген. Олардың пікірінше, ай өте берік титаннан жасалған қаңқадан тұрады. Оның қалыңдығы 4000-5000 мың метр, бәлкім одан да қалың болуы мүмкін. Ортасы қуыс. Мүмкін онда бізге белгісіз тіршілік иелері өмір сүріп жатуы ықтимал. Ал титаннан жасалған қаңқа метеорит, комета секілді аспан денелері соғылған кезде, қорғап тұрар қалқан ретінде жасалған. Өйткені айдың бетіндегі көлемі 150-200 шақырым болатын кратерлердің тереңдігі небәрі 3-4 шақырымнан аспайды. Негізінде ондай көлемдегі кратерлердің тереңдігі кем дегенде 40-50 шақырым болуы тиіс. Демек, титан қаңқа ауыр соққылардан Айды қорғап тұр. Тіпті ғалымдар арасында Ай аса дамыған белгісіз тіршілік иелерінің ғарыш кемесі не болмаса жұлдызаралық сапар кезінде тоқтап өтетін ғарыштық стансасы болуы мүмкін» деген де әңгіме бар.

Бұған тағы бір нақты дәлел ретінде ғарышкер Нил Армстронгтың мына бір сөзін алға тартады. Сонымен... 1969 жылы 20 шілдеде «Аполлон –1» ғарыш кемесі тұңғыш рет айға қонды. Адамзаттың тарихында ерекше орын алатын ұлы оқиғаны әлемнің жарты миллиард халқы теледидар арқылы көрді. Кеме сатысы арқылы төмен түсіп, айдың бетіне алғаш қадам басқан ғарышкер Нил Олден Армстронг еді. Одан кейін өзге ғаламшарға табан тіреген экипаждың екінші мүшесі – Эдвин Альдрин. Ал үшінші ғарышкер Майкл Коллинз кемеде қалды. Айдың бетіне АҚШ туын қадап, лунаходпен шарлап, 22 келі топырақ алған олар кері оралды...

Кенет теледидар қарап отырған жұртқа Нил Армстронгтың дауысы бұзылып, аса бір қобалжып, қорқа сөйлегені естілген «Бұл не Құдай-ау, мен нені көріп тұрмын Сұмдық-ай, мұндайда болады екен-ау». Жерде байланыста отырған ғалымдар «Не дейсің Не болды, тез жауап бер» деген дауысына, Нил Армстронг «Мен өзім де түсінбей тұрмын. Мұнда керемет үлкен ғарыш кемесі тоқтап тұр. Сұмдық үлкен. Олар кратердің арғы бетіне тоқтап, бізді бақылап тұр» деген үрейлі дауыспен. Екі арада ғарышпен байланыс екі-үш минутқа үзіліп кетіпті. Сол арада не болды. Белгісіз. Тек өмірінің соңғы жылдары ғана белгілі ғарышкер Айда жат саналы тіршілік иелерімен жолығысып қалғанын кейбір орталарда айтқан көрінеді... Расында, айда тіршілік бар ма? Шетел зерттеушілерінің келтірген дәйектеріне қарасақ, айды зерттеу барысында АҚШ ғарышкерлері 140-150 мың түрлі құпия сурет түсірген. Бірақ олар өте құпия жағдайда сақтаулы көрінеді. Мәселен, НАСА-ның құпия суреттерін көруге мүмкіндік алған Джордж Леонард өз жазбаларында айда белгісіз тіршілік иелері бар екенін келтірген. «Түрлі құрылыстар, нысандар салынуда. Пирамидаға ұқсас ғимараттар, мұнаралар бар. Белгісіз тіршілік иелері айдағы пайдалы қазбаларға зерттеулер жүргізіп жатқан секілді» дейді Джордж Леонард. Өйткені суреттердегі көріністер соны бейнелейтін секілді. Америкалық уфолог Фред Стеклинг өзінің кітабында «Бұған дейін бізге айдың бетінде тіршілік жоқ деп түсіндіріп келді. Шын мәнінде басқаша. Ол жерде технологиялық дамуда адамзатты артқа тастап кеткен өркениет иелері бар» дейді және нақты деректерді алға тартады. Тіпті 1970 жылы телескоп арқылы ұзындығы 22 шақырым, көлденеңі 5 шақырым болатын сигарға ұқсаған белгісіз үш нысанды көрген. Олар ай бетінде бірнеше сағат болып, белгісіз қиырға ұшып кеткен. Жапон астрономы телескоп арқылы айдың бетінен ұзындығы 20 шақырым болатын ұшатын нысандарды байқаған... Демек, Күн жүйесін белгісіз тіршілік иелері өз пайдаларына жаратуға ұмтылып жатқанға ұқсайды...

Айдың арғы бетінде не бар? Бәлкім өзге ғаламшардан келген дамыған саналы тіршілік иелері сол жерде отырып, Жердегі тіршілікке бақылау жасауы да мүмкін. Мұны да ғалымдар жоққа шығармайды. Сонау өткен ғасырдың 60-жылдары Кеңес елінің ғалымдары Михаил Васин мен Александр Щербаков Айдың жасанды дене екені жөнінде бұлжымас 8 болжам айтқан. Онда да ғалымдар Ай негізінен титаннан тұратын, белгісіз тіршілік иелері, белгілі бір мақсат үшін қолдан құрастырғаны жөнінде айтылған. Жалпы, Айға байланысты қойылар сұрақ көп. Ай өз құпиясын әзірге ашар емес.

Толығырақ: http://alashainasy.kz/gazhaip/aydyin-kupiyasyi-jaylyi-blesz-be-102156/

Alashainasy.kz сілтемесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу