Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 6 сабақ.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушының аты-жөні: Сыныбы: Күні:
8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
Бағалау критерийі:
1.Мәтіннен негізгі ақпаратты анықтайды
2.Мәтіннің баяндау желісін сақтайды
3.Жинақы мәтін жазуда тілдік қолданыстарды орынды қолданады
4.Логикалық жағынан байланысы бар
5.Жанрына сай (аннотация, тезис),жинақы мәтін жазады
Тапсырма.
1.Мәтінді оқып, танысыңыз
2.Азат жолдардағы негізгі ойды білдіретін сөздерді, ойларды қалдырып, қалғанын алып тастаңыз.
3.Бірдей фактілерді жинақтап, оларды бір оймен беретін тіл құралдарын таңдап, жаңа мәтін құраңыз
4.Автордың негізгі ойларын, оқиғалардың логикалық реттілігіне назар аударыңыз, ойлардың арасында алшақтық болмау керек екенін ескеріңіз.
5.Жанрына сай жинақы мәтін жазыңыз.
Ғарыштағы Әсет пен Саят
2030 жылдың аяғынан 2031-дің басына аяқ басқан кез еді. Жердің жарты тұрғыны көкке көтеріліп, өзге планеталарға көшіп жатыр. Біреуі Жерде қалып күнделікті өмірін жалғастыруды жөн санаса, енді біреуі Жердегі ауаны тар көріп, аспанға жол тартып жатты. Жердегі өмірдің еш қызығы қалмағандай... Күнделікті күйбең тіршілік, төрт мезгіл, он екі ай...- бәрі-бәрі қайталана берген сайын адам да жалығады екен.
Ал басқа өмірді қалағандардың бірі- Әсет пен Саят. 2-сынып оқитын оларды сабақ десе "ішкен асын жерге қояр" деп айтуға мүлде келмейтін. Мұғалімдерден ескерту естуден жалыққан олар басқа әлемге қашып кетуді арман етті. Тіпті сабақтан қашуды әдетке айналдырған олардың ешбір жөнге келер ойлары болмады.
Мектептегі оқулықтардың бірінен "Ғарыш" деген тақырыптың жанынан әр түрлі-түсті шар тәріздес домалақтар мен жалт-жұлт еткен жұлдыздарды ғана көрген олар да аспан әлемін дәл солай елестетті. Осылайша өзге планетаға ұщудың жоспарын екеуі бірігіп құрып жүргенде, Әсет тағы да теледидардан жуырда ракета ұшатынын естіп, әрине, бірден ағасына хабарлады. Қызық болғанда ракета сол - өздері тұрып жатқан қаладан ұшатыны белгілі болды.
Көзделген күні олар әдеттегіден ертерек тұрып алып, түгел дайын отырды. Тіпті анасы да бұған таң қалды. Жай күндері мынадай көтеріңкі көңіл-күймен сабаққа аттанбақ тугілі, таңертең әзер оянатын екі сотқардың бүгінгі күйі күмән туғызарлықтай. Балалар үйден шығысымен сабаққа емес, ғарыш айлағына аттанып, ракетаны өз көздерімен көріп аң-таң болды. Тіпті оның ішіне сыйып кететіндерінде еш кумәні болмады. Қуанышқа орай, олар ракетаның сыртқы ашық есігінен кіріп, ішке оңай енді
Кенеттен жер қозғалғандай боп кетті, екеуі орнында тік тұра алмай, шайқала берді. Бір кезде олар әуеге көтерілгендей күй кешті, орындарынан босап, ракетаның ішінде қанаты жоқ құс секілді ұшып жүрді. Көз алдыңа елестетсең, бір қызық көрініске тап боласың. Бес минут өтпей жатып, олар суп-суық еденге құлап түсті. Айнала тым-тырыс, терезеден үстінде дақ секілді тесіктері бар жер ғана көрінді. Екеуі әлгі есіктен шығып, енді жер басайын деп жатып еді, әлдене бір күш оларды тартып әкеткендей болды. Есінен айырылғандай күй кешкен олар, айналаға дұрыстап көз жүгіртіп алуға тырысты. Бөтен бір әлем, әлгі кітаптардағыдай саны бесеуден асар-аспас шардың түрлері. Ең қызығы - ол шарлардаң маңайы тым-тырыс, тірі жанның үні естілмейді. Өздері де сондай бір шардың үстінде жүзіп жүргендерін сол кезде ғана аңғарды. Бір-біріне жалтақтап қарай берген балалардың өңі бозарып кетті. Ойларын жалғыздық билеп-төстеп алғандай. Сонда да ағайынды Әсет пен Саят осының бәрін қызық санап, алдыға қарай жүре берді. Олар Айға келіп қонғандарын білмеді-ау, шамасы... Сөйтіп, бір кезде олар өзгепланеталық өздері секілді бір-біріне қатты ұқсайтын екі белгісіз тіршілік иелеріне кезікті. Қатты қорыққан әлгілер мен Әсет пен Саятта зәре қалмады. Шынымен-ақ, өзгепланеталық деп тұрғандарымыздың түрі - жан түршігерлік. Оларға да бір-бірінен айнымай қалған басқа жандарды көру - жат болған шығар. Балалардың тілі байланып қалды. Дегенмен де әркім өз жолымен кетті.
Небір-небір қызық пішінде салынған үйлер - ешбір архитектуралық дүниеге сай келмейтіні көрініп-ақ тұр. Мұндағы халықтың бәрі дерлік жылы киімдерін киіп алған, тіпті Жерден келген Әсет пен Саятқа ешкім жөнді көңіл аудармайды, әркім өз бетімен... Қатып қалған мүсіндер тәріздес. Тыныштық - ең бірінші орында тұрғаны айдан анық. Адамдар мен өзгепланеталықтар араласып жүр. Тіпті мектептерінде астро тілі, астроалгебра, астрохимия сынды пәндер оқытылады екен, балалар болса, бұған өте қатты таң қалды. Халқы бір-біріне ғана түсінікті астро тілінде сөйлейтін. Бұл әлемде тұру үшін арнайы дайындық керек екен.
Балалар Жер мен Айдың арасы үш айлық жол екенін білмегені ғой, оларға бәрі әп-сәтте болғандай көрінді. Бірақ Жерде оларды іздеп, жар салып жатқанында- хабарлары да жоқ. Бұл жердің халқы ұйқы дегеннің не екенін де білмейтін сияқты, сағат атаулыны өмірі кездестірмеген сияқты. Балалар аңсаған тоқтаусыз ойын да жоқ, оған көздері жеткен Әсет пен Саят үйлеріне қайтуды қатты қалады. Қырсық шалғанда, белгісіз бір итке ұқсас көзі бадырайған, тістері жоқ, мүйіздей боп басынан салбырап тұрған ұзын бір ғана құлағы бар әлдене арттарынан қуа жөнелді, зәре-құты қалмаған балалар да орындарында тұрмай, қашып келе жатып түсініксіз бір темірдің үстіне құлап түседі. Бұл әлгі өздері ұшып келген ракета екенін көргенде, олардың қуаныштары қойындарына сыймай кетті.
Шым-шытырыққа кезіккен олар ендігәрі үлкендерді ескертпей ешқайда өздігінен жол тартуға болмайтынын түсінді. Әсет пен Саят Айда тұруға дайын емес екендерін түсінген болар, үйлеріне қарай беттеп, тездетіп сыныптың партасына отыруға асықты...
Сабина Биржанова
11 Апреля 2011 Проза.кз
http://proza.kz/ru/prose/out-of-genre/8157.sabina_birjanova.gharishtaghi-eset-pen-saya
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?