Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 7 сабақ.
Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу мақсаты:
8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерін жасайды
2. Сөз тіркесінің тәсілдерін ажыратады
3. Сөз тіркесінің тәсілдерін қолданып, жазба жұмысын орындайды
- Сурет туралы не ойлайсыз?
Оқу мақсатын талқылаңыздар.
-Суреттің оқу мақсатымен байланысы бар ма? Неге?
Топқа бөлу
Жазылым алды тапсырмасы
Тапсырма
1. «Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады.» деген сөйлем қандай сөз тіркестерінен құралған? Сөз тіркестерін жасаңыздар.
2. Сөйлем неше сөз тіркесінен құрлып тұр?
Дұрыс жауап
1. Қайрат баяндады;
2. балаларға баяндады;
3. Досанмен болған ;
4. болған әңгіменің;
5. әңгіменің мән-жайын;
6. мән-жайын баяндады.
Ойды жинақтау.
1. Сөйлем құрамындағы сөздерді кез-келген сөздермен байланыстыруға болады ма? Неге? Олар қалай байланысады?
2. Сөз тіркесінің мағыналық байланысын қалай анықтаймыз?
3. Сөз тіркесетрі қандай тәсілдер арқылы байланысады екен?
4. Сөз тіркесіне анықтама шығарып көріңіздер.
Тапсырма2
1. «Анықтап көрейік» әдісі.Жасаған сөз тіркестеріңіздің қандай тәсіл арқылы жасалғанын анықтап көріңіздер.
1. Қайрат баяндады; -
2. балаларға баяндады; -
3. Досанмен болған ; -
4. болған әңгіменің; -
5. әңгіменің мән-жайын; -
6. мән-жайын баяндады.-
Дұрыстаңыз
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерін жасайды
2. Сөз тіркестерінің тәсілдерін ажыратады
Топаралық бағалау.
«3 сөйлем» әдісі.
«Мақсатқа жетті/жетпеді,себебі....
Бұған дәлел.....
Ұсынысым.....
Жазылым тапсырмасы.
Тапсырма.
1. Ғарыштың жетістіктеріне байланысты тақырып таңдаңыз.
2. Тақырыбыңыздың мағынасын ашатын 8 сөз тіркесін жазыңыз
3. Сөз тіркесінің қандай тәсіл арқылы жасалғанын көрсетіңіз
4. Мәтінді қай жанрда жазатыныңызды ойланыңыз.
( әңгіме,мақала, баяндама)
5. Сөз тіркестерін қолданып, мәтін жазыңыз.
6. Сөз көлемі: 50-80 сөз
Бағалау критерийі:
1. Ғарышқа байланысты тақырып таңдайды
2. Тақырыпқа сай сөз тіркестерін жазады
3. Сөз тіркесінің тәсілдерін анықтайды
4. Сөз тіркестерін қолданып, мәтін жазады
Жұпаралық бағалау
«Көршің қалай?» әдісі.
Кері байланыс
1. «Сөз тіркесі туралы түсінігі бар/әлі де толықтыру қажет.
2. Сөз тіркесінің жасалу тәсілдерін біледі, бір-бірінен ажырата алады/қосымша жұмыс жасау керек.
3. Сөз тіркестерін орынды қолданады./ дұрыс қолдануды үйрену керек
Жазылымнан кейінгі тапсырма
«Үштік» әдісі. 1-оқушы сұрақ қоюшы, 2-оқушы жауап беруші, 3-оқушы бақылаушы.
Сұрақ қоюшы мәтін бойынша 3 сұрақ қояды. Сұрақ сөз тіркесінің жасалу тәсіліне байланысты болу керек.. Мысалы, « Сіз өз мәтініңізде шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін қолданбапсыз. Неге?; Сіз қосымша арқылы байланысқан сөз тіркестерін жиі қолданыпсыз. Сөз тіркесіндегі қосымшаның рөлі қандай?» т.с.с
Сұраққа жауап беруші сұрақтарға орынды жауап айтады, өзінің пікірін білдіреді.
Бақылаушы екі оқушыны сырттай бақылайды. Қойған сұрақтың салмақтығына, берілген жауаптың ұтымдылығына баға береді, өзінің ұсыныс айтады.
Бағалау критерийі (сұрақ қоюшылар үшін):
1. Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдерін ажырата біледі
2. Сөз тіркесінің жасалу тәсілдеріне байланысты 3 сұрақ қояды
Бағалау критерийі (жауап берушілер үшін):
1. Сөз тіркесінің жасалу тәсілін біледі
2. Сөз тіркесінің қолданысына түсінік береді
Рефлексия
Үй тапсырмасы:
Сөз тіркестерінің түрлері туралы ақпаратты қайталап, конспект жазып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?