Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қазақ тілі 8Т1

Пән:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар саны:

  • Бөлім

4-бөлім: Ғарышты игеру жетістіктері

Оқу бағдарламасына сілтеме

ӘТН4.1.Грамматикалық норма

Оқу мақсаттары

8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану

Бағалау критерийі

  • Сөз тіркестерін жасайды
  • Сөз тіркесінің тәсілдерін ажыратады
  • Сөз тіркесінің тәсілдерін қолданып, жазба жұмысын орындайды

Құндылықтар

Бұл сабақ академиялық тұтастық, бірлік пен командалық жұмысты, жауапкершілікті және көшбасшылықты дамытуға бағытталған.

Мәдениетті қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін белгілеу арқылы жүзеге асырылады, топта жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-біріне қолдау көрсетеді. Топтық жұмыстың нәтижесінде өз білімін жетілдіреді.

Тілдік мақсаттар

Сөздер мен сөз тіркестер: ғарышты игеру жетістіктеріне байланысты өзіндік көзқарасын білдіруде ғарышқа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін қолданады.

Пән лексикасы және терминология: ғарыш, ғарыштың жетістіктері, ғарышкерлер, зымыран, Байқоңыр ұшыру айлағыт.с.с

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Біздің пікірімізше......

Себебі....

Бұған дәлел......

Қорыта айтқанда,....

Пәнаралық байланыс

Физика, астрономия,өзін-өзі тану, тарих сабақтарымен байланыс

Алдыңғы білім

Үлкен мәтіндерді қысқартып, жинақы мәтін жазды.

Жоспар

Уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту

  • Сурет туралы не ойлайсыз?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Оқу мақсатымен таныстыру.

Оқушылар 1минут топта оқу мақсатын талқылайды.

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Оқу мақсатын түсіну үшін бір-біріне көмектеседі.

Бағалау критерийімен таныстыру, сыныппен бірге талқылау.

  • Суреттің оқу мақсатымен байланысы бар ма? Неге?

Оқушылардың жауабын тыңдау.

Топқа бөлу.

Әр топ өздерінің топтарының атына байланысты ақпарат береді.

  • Топ атауының сөз тіркесіне қандай қатысы бар?

Оқушылардың жауабы тыңдалады. Үйде қайталап келген ақпараттарын қолданады.

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?

Сабақтың тақырыбына болжам жасалады.

https://www.google.kz/search?

Суреттер google.kz сайтынан алынды

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

5 мин

Мағынаны ажырату

Ойқозғау.

Жазылым алды тапсырмасы

Т

Тапсырма

  • «Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады.» деген сөйлем қандай сөз тіркестерінен құралған? Сөз тіркестерін жасаңыздар.
  • Сөйлем неше сөз тіркесінен құрлып тұр?

Әр топ флипчартқа немесе А3 парғына өз жауаптарын жазады, тақтаға іледі және жұмыстарына комментарий жасайды. Кейін дұрыс жауаппен салыстыруға болады. Қателері бойынша топта қайта талқылау жүргізеді. Қателері болмаса, қатесі бар топтарға көмектеседі.

Дұрыс жауап:

1. Қайрат баяндады;

2. балаларға баяндады;

3. Досанмен болған ;

4. болған әңгіменің;

5. әңгіменің мән-жайын;

6. мән-жайын баяндады.

Ойды жинақтау.

  • Сөйлем құрамындағы сөздерді кез-келген сөздермен байланыстыруға болады ма? Неге? Олар қалай байланысады?
  • Сөз тіркесінің мағыналық байланысын қалай анықтаймыз?
  • Сөз тіркесетрі қандай тәсілдер арқылы байланысады екен?
  • Сөз тіркесіне анықтама шығарып көріңіздер.

Тапсырма2

«Анықтап көрейік» әдісі.

Жасаған сөз тіркестеріңіздің қандай тәсіл арқылы жасалғанын анықтап көріңіздер.

1. Қайрат баяндады; -

2. балаларға баяндады; -

3. Досанмен болған ; -

4. болған әңгіменің; -

5. әңгіменің мән-жайын; -

6. мән-жайын баяндады.-

Бағалау критерийі:

  • Сөз тіркестерін жасайды
  • Сөз тіркестерінің тәсілдерін ажыратады

Топаралық бағалау.

«3 сөйлем» әдісі.

Әр топтың спикерлері «3 сөйлем» арқылы топтарды бағалап шығады. Спикер бағаламас бұрын, топта бағалау жөнінде талқылау жүргізеді. Спикер топтың ойын жинақтап жеткізеді. Қай топты қай топ бағалайтынын мұғалім анықтайды.

«Мақсатқа жетті/жетпеді,себебі....

Бұған дәлел.....

Ұсынысым.....

Жазылым тапсырмасы.

ҚБ

ЖЖ/Ж

Оқушылар алдымен жұпта тапсырманы талқылайды, сосын тапсырманы жеке орындайды.

Тапсырма.

  • Ғарыштың жетістіктеріне байланысты тақырып таңдаңыз.
  • Тақырыбыңыздың мағынасын ашатын 8 сөз тіркесін жазыңыз
  • Сөз тіркесінің қандай тәсіл арқылы жасалғанын көрсетіңіз
  • Мәтінді қай жанрда жазатыныңызды ойланыңыз.( әңгіме,мақала, баяндама)
  • Сөз тіркестерін қолданып, мәтін жазыңыз.
  • Сөз көлемі: 50-80 сөз

Бағалау критерийі:

  • Ғарышқа байланысты тақырып таңдайды
  • Тақырыпқа сай сөз тіркестерін жазады
  • Сөз тіркесінің тәсілдерін анықтайды
  • Сөз тіркестерін қолданып, мәтін жазады

Жұпаралық бағалау.

«Көршің қалай?» әдісі.

Оқушы қасында отырған көршісінің жұмысын алады, бағалау критерийі бойынша бағалайды, ұсынысын білдіреді.

Кері байланыс.

  • «Сөз тіркесі туралы түсінігі бар/әлі де толықтыру қажет.
  • Сөз тіркесінің жасалу тәсілдерін біледі, бір-бірінен ажырата алады/қосымша жұмыс жасау керек.
  • Сөз тіркестерін орынды қолданады./ дұрыс қолдануды үйрену керек» деген ойларды айту арқылы оқушыларға кері байланыс беріледі.

Жазылымнан кейінгі тапсырма

ЖЖ

«Үштік» әдісі.

Сыныптағы оқушыларды үштен топтастыру керек. 1-оқушы сұрақ қоюшы, 2-оқушы жауап беруші, 3-оқушы бақылаушы.

Сұрақ қоюшы мәтін бойынша 3 сұрақ қояды. Сұрақ сөз тіркесінің жасалу тәсіліне байланысты болу керек.. Мысалы, « Сіз өз мәтініңізде шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін қолданбапсыз. Неге?; Сіз қосымша арқылы байланысқан сөз тіркестерін жиі қолданыпсыз. Сөз тіркесіндегі қосымшаның рөлі қандай?» т.с.с

Сұраққа жауап беруші сұрақтарға орынды жауап айтады, өзінің пікірін білдіреді.

Бақылаушы екі оқушыны сырттай бақылайды. Қойған сұрақтың салмақтығына, берілген жауаптың ұтымдылығына баға береді, өзінің ұсыныс айтады.

Бағалау критерийі (сұрақ қобшылар үшін):

  • Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдерін ажырата біледі
  • Сөз тіркесінің жасалу тәсілдеріне байланысты 3 сұрақ қояды

Бағалау критерийі (жауап берушілер үшін):

  • Сөз тіркесінің жасалу тәсілін біледі
  • Сөз тіркесінің қолданысына түсінік береді

Бақылаушының бағалауы.

Сұрақ қоюшы мен жауап берушіні бақылаушы бағалайды.

https://www.slideshare.net/Aybek82/ss-47166184

сөз тіркесі

Алтева Н

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

«БББ» әдісі.

Стикерге «БББ» тәсілін қолданып жауаптарын жазады. Тақтаға іледі.

Үй тапсырмасы:

Сөз тіркестерінің түрлері туралы ақпаратты қайталап, конспект жазып келу.

Қосымша мағлұматтар

 Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу