Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.


Мақала жазып үйрененйік

Мақаланың не туралы жазылатынын, не мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз. Аудиторияны анықтап алу керек. Жазудан бұрын кім үшін, қанша жастағы оқырман үшін жазатыныңызды анықтап алыңыз. Мәселен, ғылыми мақала мен балаларға арналған мақаланы шатастырмау керек. Аудиторияға сәйкес, дайындығыңыз да өзгеріп отыруы керек. Оқырманға не керектігін іздеңіз. Оқырмандар не туралы білгісі келеді? Олар іздеген мәліметті беруге сіздің білім қорыңыз жеткілікті ме? Бұл арқылы мақала жазуға сюжет табу оңай болады. Бірақ өз білім қорыңызбен ғана шектелмей, жаңа деректер іздеп, оларды меңгеру арқылы пайдалы мақала жаза аласыз.   Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болсын. Ал егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады. Бұл арқылы оқырманның назарын аударасыз әрі олар әр жазған мақалаңызға қайта оралып оқитындай болады. Жазатын тақырыбыңызды өзге ешкім, ешқашан жазбаған болсын. Мақалаға өзгеше реңк, жаңа тұрпат беріңіз. Тақырыпқа жаңа ойлар қосыңыз. Өз ұсыныстарыңызды немесе өзге авторлардың мақаласында жоқ деректерді қосыңыз. Бұл – оқырманның бүгінгі ақпарат тасқынында дәл сіздің мақалаңызды таңдап оқуға себеп болады.    Қызықтыра жазыңыз. Оқырман ғана емес, жазып жатқан тақырыпқа өзіңіз де аса үлкен мән беретініңізді көрсетіңіз. Сіздің қызығушылығыңызды көрген оқырман да мән бере бастайды. Тіпті оқырманның ой қорытуына, сараптауына мүмкіндік беретіндей етіп жазыңыз. Таңдалған тақырыпты зерттеңіз Негіздерін біліңіз. Жазғалы жатқан мақалаңыздың жалпы сипатын ойластырыңыз. Бұл арқылы көп тақырыптың ішінде адаспай, айтқыңыз келген ойды жинақтауға мүмкіндік болады. Әрине, жазғыңыз келген тақырып төңірегінде ақпарат болмауы мүмкін, сондықтан тақырыпты білетін адамдардан, газет-журналдан, интернет басылымдарынан, кітаптардан іздеп, тапқан жағдайда оларға сілтеме беру арқылы қолдана аласыз. Мұнда назар аударарлық бір мәселе – сіз тапқан ақпарат негізсіз, өтірік я толық емес болып шығуы мүмкін. Сондықтан іздеуді жалғастыра түсіңіз. Сенімді ақпарат көздеріне жүгініңіз. Талқыланатын тақырыптың оң да, теріс те көзқарастарын жинақтап, оларды салмақтау арқылы сіз бұл салада маман бола аласыз. Әрине, деректерді интернеттен табу оңай. Десе де, мұнда да көрегендік, тапқырлық қасиеттер керек. Ақпараттардың сілтемесіне өтіп, ғылыми деректер мен қайнарын қарастыруға ерінбеңіз. Ақпаратты түрлі жолдармен беруге болады. Табылған ақпаратты мәтіндік нұсқада емес, кесте, диаграмма, суреттермен де беруге болады. Бастысы, оқырманға ақпараттың түсінікті болуы екенін естен шығармаңыз. Мақаланы жазыңыз Көлемін анықтап алыңыз. Жазбаны қай басылымға беретініңізге байланысты сөз санын, қанша парақ жазатыныңызды ойластырып алыңыз. Тақырыпты аша түсу үшін қаншалықты көп жазуыңыз керектігін анықтаңыз.  Мақаланың жоспары Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз. Жазу стиліне, құрылымына уақыт бөліңіз. Мәселен, мақала мазмұны балалар туралы болса, онда архаизм, термин сөздер қосудың реті жоқ. Ал ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз. Мысалы, газетке шығатын мақала баяндау формасында, тым ғылыми емес болуы керек. Бірақ ауызекі сөздерді пайдаланбау керек. Ғылыми мақала эссе форматында 5 параграфтан тұратын ғылыми тілде жазылады.Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/18474/

Мақаланы жазудың тәсілдері

Негізгі әдістермен таныс болыңыз.

  • Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.
  • Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.
  • Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
  • Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.

Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз -

  • Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)

5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.

6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін - күнделікті мақала жазып жүрген абзал. 

https://yvision.kz/post/556610

Мақаланың түрлері

Бас мақала. Газет пен журналдың кезекті санының алғашқы беті қоғамның ең маңызды мәселесіне арналады. Бұрын Кеңестер Одагының Коммунистік партиясы «қоғамның басқарушы, бағыттаушы күші» болғандықтан, орталық органның газеті «Социалистік Қазақстанның» әр санында шеткі, сол жағына басмақала жарияланып тұрды.

Бас мақала сол жылдардағы қоғамның саясат, экономика, қоғамдық саясат, экономика, қоғамдық қатынастар, мәдениет, заң, адамгершілік т.б. аясына арналады. Кейде сондай макалалар қоғамдық мекемені басқаруга арналған зерттеуді қажет ететін күрделі мәселелерді шешуге арналғанымен, қоғамдық пікір туғызған жағдайлар да кездесіп отырған. 1980-ші жылдардың облыстық және республикалық газеттердің алғашқы бетінде басмақала жазуды үрдіске айналдырған.

Кейіннен бұл жанрдың қоғамдық маңызы жойылып, қайта құру жылдары газет беттерінен алынды. Дегенмен, жанрдың шындық бағасынан гөрі, күні біткен қоғамның ескірген тәртібі басмақала арқылы оқырмандардың наразылығын туғызды. Осы жанр арқылы редакция өткен жағдайларға талдау жасап, өзінің іс-әрекеттерінің (тоқсандық, жылдық, бесжылдық т.б.) қорытындысын шығаруға, болашақтың жоспарын құруға пайдаланды.

Журналдардағы басмақала кең көлемде жазылады. Жылдың алгашқы нөмірінде өткен жылдағы оқиғаларға баға беру, келешектің жоспары, басьшымның алға қойған мақсат- міндеттерін хабарлау негізінде жазылып жүр.

Проблемалық мақала қазіргі таңда кең қолданысқа ие. Проблемалық мақала экономика, саясат, мәдениет, ғылым, білім, адамгершілік, заң, экология т.б. қоғамның барлық саласын қамтиды және әртүрлі тақырыпта жазылады.

Мақаланың бұл түрінің негізі - барша халыққа мәлім, қоғамда шешуді талап ететін мәселелерде жатыр. Егер елде инфляция, жүмыссыздық, заң бұзушылық кең етек алса, жалпыхалықтық мәдениет өзінің шындық бейнесін жоғалтса, онда халықтың өмір сүру деңгейінің төмендейтіндігі белгілі. Нақты, анық, еліміздегі маңызды деректерге сүйенсек: зауыттардың жұмысы (жалақы төленбей кешіктірілсе, мықты мамандар жүмыстан кетсе) тоқтайды. Бүдан қандай қорытындыға келеміз? Қоғамға себеп-салдар, шешім мен үсыныстардың қайнар көзі керек.

Мақалаға «кім?», «не?», «қайда?», «қашан?», «қандай?» т.б. қойылатын сұрақтар жеткіліксіз. Негізгі «кім кінәлі?», «не істеу керек?» деген маңызды сұрақтар қажет. Журналистердің міндеті -зерттеу жүргізу, қиындықтардың көп тармақты себебі мен салдарын, туындаған күрделі мәселелерді аныктап, шешудің жолдарын табу проблемалық мақаланың міндеті.

Теориялыц мақала. Мақаланың бұл түрінің мазмүны қоғамның саяси, экономикалық, мәдени дамуын жэне оның қазіргі жағдайына өзіндік көзқарасына, тарихи өсу тәжірибесіне ғылыми-теориялық жағынан талдау жасаудан құралады және газет-журналдарда, арнайы салалық басылым беттерінде жарияланады. Барлық тақырыптық бағыттағы мақалалар тартылады.

Ақпараттық мақала - мазмұны кең көлемде талданған, анықталған оқиғалардың деректеріне негізделеді. Сонымен қатар, қоршаған ортада барлық болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарды бір-бірімен тығыз байланыста талдануымен маңызды. Ақпараттық мақаланың мақсаты - оқиғаларды жедел хабарлау емес,әлеуметтік маңызы бар оқиғалардың мәнін аша отырып хабарлау. Тек хабарлау емес, кең көлемді мақалалар жазу, ақпараттық хабарлар дайындау, ситуацияға қатысушы жаққа қатысты деректер мен дәйектерін зерттеулерді ұсынуы керек.

Мақала зерттеу. БАҚ туралы заңның қабылдануымен редакциялардың қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларды дербес зерттеу жұмысын жүргізу мүмкіндігі туды. Көп жағдайлармен күрделенген, деректердің жинақталуы мен талдануын, мол құжаттардың зерттелуін, үлкен көлемдегі түрлі қалалар мен тіпті мемлекеттерде адамдардан сұхбат алуды талап ететін жағдайлары жөнінде сөз қозғалып жатыр. Сонымен бірге, осындай жұмысты кейде қысқа мерзімде өткізуге болады. Әрине, бір журналист кәдімгі мақаламен жұмыс істеу шеңберіңде осьшдай жұмысты атқаруы мүмкін емес. Осы кезде сараптамалық орталық (немесе сараптамалық топ) іске кіріседі. Ақпараттың жинақталу мен талдану нәтижесі мақала- зерттеу немесе осыған ұқсас мақалалардың сериясы болуы мүмкін.

Мақала-зерттеу - жан-жақты, кешенді, ағымдағы өмір, өткен жылдардағы қоғамдық маңызы бар оқиғаны зерттеуге негізделген мақала түрі. Мақала-зерттеудің тақырыбы редакция пікірінше ресми органдар мен жеке БАҚ-нан толық емес жэне қате жария етілу салдарынан көбірек объективті, терең, мүқият қарастырылуға тиіс оқиғалар болуы мүмкін. Сонымен қатар, сөз көп жылдық тарихы бар оқиғалар жөнінде болуы да ықтимал. Мұндай мақалалардың мақсаты - шындықты айтуға талпыныс, әділдікті қалпына келтіру.

Мақала-зерттеудің авторы - авторлар тобы немесе ұжымдық зерттеуді пайдаланатын бір журналист те бола алады. Дегенмен, осындай мақалалар кейде авторы көрсетілмей, редакциялық болып беріледі.

Ең бір көрнекі мақала-зерттеуге мысал ретінде, бірнеше ай бойы басылған Оңтүстік-Кореялық ұшақтың 1983 жылғы қайғылы опат болуьша арналған жарияланымдардың топтамасын алуға болады. Бүкіл әлемдік баспасөзде бұл туралы көп жазған болатын, бірақ кеңес үкіметі, сол кездегі тәуелсіз емес баспасөз әлемдік БАҚ-ның деректері мен ақпараттарында қайшылықтар көп болды. Бұл халықаралық шиеленістің себепшісі болды. Бұл шиеленісті жою үшін аталған оқиғаны қайтадан қарауды қажет етті. Мұнымен «Известия» газетінің сараптамалық орталығы айналысып, көлемді мақала-зерттеу жариялаған болатын.

Мақала-зерттеу бұрынғы және қазіргі тарихпен байланысты оқиғалардан басқа, жоғарыда көрсетілген мысалдай әртүрлі себептерге байланысты мәселені қозғауды, оның өңделуін, ақпаратпен қамтамасыз етілуін немесе теорияландыруын талап етпей, оның тергеуін талап ететін деректерге арналуы мүмкін.

Ресейдің «Литературная газета» басылымында сонғы жылдары бұл жанрдағы материалдар жарияланатын «Расследование «ЛГ» мақсаттық жолағы енгізілген. «Известия» газетінде мақала-зерттеулер көп жарияланады.

 

Дереккөз: Меңдігүл Шындалиева

«Публицистика жанрлары мен пішіндері» Астана,2012.

http://el.kz/kz/news/archive/content-25747



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу