Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 7 сабақ.
Ғарышты игеру жетістіктері
Оқу мақсаты:
8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерін жасайды
2. Сөз тіркесінің тәсілдерін ажыратады
3. Сөз тіркесінің тәсілдерін қолданып, жазба жұмысын орындайды
- Сурет туралы не ойлайсыз?
- Жұмыстың түрі қандай болмақ?
Топқа бөлу
Топ атауының сөз тіркесіне қандай қатысы бар?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болмақ?
Жазылым алды тапсырмасы
- Суретке қарап тақырып қойыңыздар. Неге тақырыпты олай қойдыңыздар?
Тапсырма
1-топ
1. Тақырыпты ашатын, септік жалғауында тұрған сөздермен байланысқан сөз тіркестерін жасаңыздар. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
2-топ
2. Сөздерді шылау арқылы байланыстырып, тақырыпты ашатын сөз тіркесін жасаңыз. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
3-топ
3. Ешбір жалғаусыз, түбір күйінде тұған екі сөзді байланыстырып, тақырыпты ашатын сөз тіркесін жасаңыз. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
4-топ.
4. Интонация, дауыс ырғағы арқылы байланысатын сөз тіркесін жасаңыз. Жасаған тіркетеріңіз тақырыптың мағынасын ашатындай болу керек. Тапсырманы орындауға 5 минут беріледі.
Бағалау критерийі:
1. Тақырыпқа сай сөз тіркестерін жасайды.
Топаралық бағалау. «Қосу, алу» әдісі,
Ойды жинақтау.
Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркестері бір-бірімен қалай байланысады?
Сөз тіркесінің жасалу тәсілі нешеу? Атаңыз.
Жазылым тапсырмасы.
Тапсырма.
1. Сөз тіркестерін қолданып, «Ғарыш және жер» тақырыбында мақала жазыңыз.
2. Сөз көлемі: 50-80 ˂ сөз
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерін орынды қолданады
2. Тақырыпты аша біледі
3. 80-сөзден тұратын мақала жазады
4. Стилі жанрға сай
Жұпаралық бағалау.
«Көршің қалай?» әдісі.
Кері байланыс.
1. Сөз тіркестерін орынды қолданады./ дұрыс қолдануды үйрену керек»
Жазылымнан кейінгі тапсырма
«Үштік» әдісі. 1-оқушы сұрақ қоюшы, 2-оқушы жауап беруші, 3-оқушы бақылаушы.
Сұрақ қоюшы мәтін бойынша 3 сұрақ қояды. Сұрақ сөз тіркесінің жасалу тәсіліне байланысты болу керек.. Мысалы, « Сіз өз мәтініңізде шылау арқылы байланысқан сөз тіркесін қолданбапсыз. Неге?; Сіз қосымша арқылы байланысқан сөз тіркестерін жиі қолданыпсыз. Сөз тіркесіндегі қосымшаның рөлі қандай?» т.с.с
Сұраққа жауап беруші сұрақтарға орынды жауап айтады, өзінің пікірін білдіреді.
Бақылаушы екі оқушыны сырттай бақылайды. Қойған сұрақтың салмақтығына, берілген жауаптың ұтымдылығына баға береді, өзінің ұсыныс айтады.
Бағалау критерийі (сұрақ қоюшылар үшін):
1. Сөз тіркестерінің жасалу тәсілдерін ажырата біледі
2. Сөз тіркесінің жасалу тәсілдеріне байланысты 3 сұрақ қояды
Бағалау критерийі (жауап берушілер үшін):
1. Сөз тіркесінің жасалу тәсілін біледі
2. Сөз тіркесінің қолданысына түсінік береді
Рефлексия
«Блоб ағашы» әдісі.
Өзіңіздің қай жерде тұрғаныңызды көрсетіңіз және бояңыз. Неге сіз ол жерде тұрсыз? Қанадй дәлеліңіз бар?
Үй тапсырмасы:
Сөз тіркестерінің түрлері туралы ақпаратты қайталап, конспект жазып келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?