Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 8 сабақ.
«Ойлан, ізден, тауып көр» әдісі.
- Кемінде екі сөзден тұрады, мағыналық жағынан байланысады
- Бұған жалғау, шылау,интонация көмекке келеді.
- Бұл екі сөздің атауы Б-дан басталады. Қанадй сөз?
- Екі сөздің бірі әрқашан екіншісіне бағынышты болады? Ол қандай сөз?
- Басыңқысы арқылы түрін анықтауға болады.
- Атау, ілік септігіндегі сөздерден басқа септіктердегі сөздермен дос болады.
- Ілік септігі бірде бар, бірде жоқ. Неге?
- Тек жақпен ғана жүреді.
- Біресе анда, біресе мүнда, біресе шылаумен дос болады, біресе үстеумен дос болады.
- Маған жалғау да, шылау да керек емес, мен дербеспін,тек өзім сияқты дербес сөздерді ғана жаратамын.
Ойды жинақтау.
Бағыныңқы | Басыңқы |
Бес | Шық |
Дәптерін | Армандады |
Әдемі | Аспан |
Биікке | Алды |
Асыл | Ғасыр |
Ашық | Гүл |
Сөз тіркесін жасаңыздар, түрін анықтаңыздар.
- Сөз тіркесінің басыңқысы арқылы қандай сөз тіркесі жасалады?
- Өз тобыңыздың атына сай сөз тіркестерін тауып,қоржыныңызға салыңыз.
Мен сөйлеймін, Жарастың досы, жиналысқа қатысу,жасыл жайлау, әдейі сұрану, сен апарасың,ұжым жиыны, тамақ ішті, алтын қасық, былтыр келді, Абай-ақын, менің дәптерім, хат жазу, үйілген шөп, бүкіл жұмыс, шалқасынан жатыр. |
- Қоржындағы сөз тіркесі есімді тіркес пе әлде етістікті тіркес пе?
Тапсырма.
- «Мен ғарыштамын»
тақырыбындағы «Санадағы кинофильмді» баяндап жеткізіңіз. Баяндап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
- Баяндау барысында мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрлерін қолданыңыз.
- Баяндау кезінде мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрін ерекше дауыс ырғағымен айтыңыз..
Тапсырма.
1 Сөз тіркесінің байланысу түрінің әрқайсысына бір мысал жазыңыз
2. Жазған мысалыңыздың әрқайсысын қолданып, көңіл-күйіңізді сипаттап жазыңыз.
3. Көңіл-күйіңізді смайликтің екінші бетіне салып көрсетіңіз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?