Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 8 сабақ.
Ғарышты игеру жетістіктері
Сөз тіркесінің байланысу түрлері
Есімді және етістікті сөз тіркестері
Оқу мақсаты:
8.4.4.1. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін ажырату, қолдану
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркестерінің етістікті, есімді түрлерін ажыратады
2. Сөз тіркесінің түрлерін анықтайды
3. Ойларын баяндап айтуда сөз тіркесінің түрлерін қолданады
«Санадағы кинофильм» әдісі.
Сіз ғарыштасыз
Тосын оқиға
Қорқыныш
Көмек
Сіз сыныптасыз
Топқа бөлу
«Шашу» әдісі.
«Ойлан, ізден, тауып көр» әдісі.
1. Кемінде екі сөзден тұрады, мағыналық жағынан байланысады
2. Бұған жалғау, шылау,интонация көмекке келеді.
3. Бұл екі сөздің атауы Б-дан басталады. Қанадй сөз?
4. Екі сөздің бірі әрқашан екіншісіне бағынышты болады? Ол қандай сөз?
5. Басыңқысы арқылы түрін анықтауға болады.
6. Атау, ілік септігіндегі сөздерден басқа септіктердегі сөздермен дос болады.
7. Ілік септігі бірде бар, бірде жоқ. Неге?
8. Тек жақпен ғана жүреді.
9. Біресе анда, біресе мүнда, біресе шылаумен дос болады, біресе үстеумен дос болады.
10. Маған жалғау да, шылау да керек емес, мен дербеспін,тек өзім сияқты дербес сөздерді ғана жаратамын.
Әдеби тіл нормалары алды тапсырмасы
1 –топ. Қиысу
2-топ. .Матасу
3-топ..Меңгеру
4-топ..Қабысу
5- топ. Жанасу
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің жасалу түрін таныстырады
2. Сөз тіркесінің есімді не етістікті екенін көрсетеді
Ойды жинақтау.
Сөз тіркесін жасаңыздар, түрін анықтаңыздар.(1-кесте)
1. Сөз тіркесінің басыңқысы арқылы қандай сөз тіркесі жасалады?
2. Өз тобыңыздың атына сай сөз тіркестерін тауып,қоржыныңызға салыңыз.(2-кесте)
3. Қоржындағы сөз тіркесі есімді тіркес пе әлде етістікті тіркес пе?
Әдеби тіл нормалары тапсырмасы.
Тапсырма.
1. «Мен ғарыштамын»
тақырыбындағы «Санадағы кинофильмді» баяндап жеткізіңіз. Баяндап айтуға 2 минут уақыт беріледі.
2. Баяндау барысында мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрлерін қолданыңыз.
3. Баяндау кезінде мәтіннің негізгі ойын ашатын сөз тіркесінің түрін ерекше дауыс ырғағымен айтыңыз..
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің түрлерін баяндауда қолданады
2. Сөз тіркесінің түрлерін қолдануын ерекше дауыс ырғағымен жеткізеді
3. «Санадағы кинофильмді» логикалық жағынан байланысты баяндайды
Топаралық бағалау.
Топтарды бағалау үшін топ ішінде өздеріңіздің рөлдеріңізді бөліп алыңыздар
Топтағы екі оқушы сөз тіркесінің түрлерін қолдану бойынша өз бақылауын жүргізеді, яғни сөз тіркесінің қандай түрлерін қолданғанын айтады.
Топтағы келесі екі оқушы сөз тіркесінің байланысу түрлерін қолдануда ерекше дауыс ырғағымен айтқанын бақылайды
Келесі екі оқушы әңгіменің логикалық байланысын бақылайды.
Топты бағалау кезінде бақылағаныңыз бойынша пікір айтыңыз.
Әдеби тіл нормаларынан кейінгі тапсырма
«Менің көңіл-күйім» әдісі
Тапсырма.
1 Сөз тіркесінің байланысу түрінің әрқайсысына бір мысал жазыңыз
2. Жазған мысалыңыздың әрқайсысын қолданып, көңіл-күйіңізді сипаттап жазыңыз.
3. Көңіл-күйіңізді смайликтің екінші бетіне салып көрсетіңіз.
Бағалау критерийі:
1. Сөз тіркесінің байланысу түріне мысал келтіреді
2. Сөз тіркесінің байланысу түрін жазылымда қолданады.
Өзін-өзі бағалау.
Үй тапсырмасы:
«Ғарышты зерттеудің маңыздылығы» тақырыбында аргументті эссе жазып келу. Сөз саны 200-250 сөз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?