Ғарышты игеру жетістіктері. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 8 сабақ.


ӘҢГІМЕ ЖАЗУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ

1 Жас қаламгерлердің көбісі мықты жазушы болуды көксейді де дереу роман жазуға кіріседі. Прозаның майын ішкен майталмандар жазу шеберлігін игеру үшін шағын формадан бастаған жөн деп кеңес береді. Егер расында жақсы жазушы болғыңыз келсе, әңгімені қолға алған жөн секілді. Сізге қажетті мыналар: Қағаз бен қалам/компьютер, ойдан қиыстыра білу, төзімділік   Инструкция Тақырыптың басын ашып алыңыз. Ең абзалы өзіңізді толғандырған жәйтті жазған дұрыс. Егер сіз көпшілікке қызықты, бірақ өзіңіздің қолайыңызға жағыңқырамайтын материалды таңдайтын болсаңыз  - ақыр аяғында бір сүлесоқ әңгімені ғана тудыру қауіпі бар. Сюжетті ой сүзгісінен өткізіңіз. Әңгіменің аяғы қалай аяқталатынына мән бермей жазатындар яки кемеңгер, яки графоман.  Әрине, өзіңізді графоман санаудан аулақсыз. Кемеңгер болсаңыз, хош делік. Дейтұрғанмен сюжетке жауапкершілікпен қарап, сақтанғаныңыз абзал. Сіз әу бастан қахарманыңыздың ұстанған бағыты мен мақсатын және ең маңыздысы: осы әңгімеңіз арқылы не айтқыңыз келгенін де.анық білуіңіз тиіс.   Әңгіме басын көрнекті және тартымды түрде бастау керек. Егер сіз өзіңіз үшін емес, елге арнап жазсаңыз – онда алғашқы азат жолдан-ақ  оқырманның назарын жаулап алуға тырысыңыз. Әдебиетте есімі танымал жазушы он беттік әңгімеде бір құлап жатқан үйдің қирандысын тәптіштеп суреттеуге қақылы. Ал жазары тырнақалды жазарманға ондай кеңшілік жоқ. Бастапқы жолдан елітіп әкете алмаған бейтаныс автордың жазбасын интернет-пайдаланушы да журнал редакторы да оқуға құлықсыз келеді.  Әңгіменің аяғын сұрапыл қиыстыру керек! Алдын-ала аяғы болжауға келетін әңгімеде сән қалмайды. Оқырманды таң қалдырып, сілкілеп алсаң ол келесі шығармаңды тағатсыз тосады. Кейіпкерлердің мотивировкасын мұқият ойлап шық. Олардың әр іс-қыймылында өміршең бір негіз болуы тиіс. Егер оны келтіре алмасаң, оқырманның басын қатырғаным деп біл. Әңгіменің логикасы бүлдыр, түсініксіз болса ол оны оқи қояры неғайбыл. Жазған әңгімеңізді қайыра оқып шығыңыз. Мүмкін қиыспай тұрған келеңсіз жерлерін немесе стилистикалық қателіктерін байқарсыз. Өңдеп шығыңыз. Тағы бір мәрте оқыңыз. Кім біледі, өзгеде қателіктер де табылып қалуы кәдік. Жалықпай түзеңіз, ерінбей қайталап оқыңыз, қашан көңіліңіз толғанда ғана қоярсыз. Пікіріне құлақ асатын бір адамыңызға дүниеңізді оқуға беріңіз. Алайда ол өзіңіз байқамаған қателіктерді аңғаруы мүмкін. Осындай өткелдерден өткен соң ғана барып, жазбаңызды оқырманға немесе редакторларға ұсынуға болады.     2: ӘҢГІМЕНІ ҚАЛАЙ БАСТАУ КЕРЕК Әдебиет әлемінде танымал болуды армандау ерсі емес. Ерсілігі: соны армандай тұрып, жазушылық шеберлігіңді шыңдау үшін шыбық басын сындырмау. Сондықтан әңгіме жазуға құштар кімде кім болмасын - өз кәсіби деңгейін жатпай-тұрмай өрлетуге ниетті болуы тиіс. Инструкция Шығарманың ұтымдылығы үш тағанға байланысты: сюжет, стиль, ойлануға мүмкіндік беретіндей толық айтылып тасталмауы. Осы үшеуінің бастапқысын алыстан іздеп қажеті шамалы, өзіңіз жақсы білетін жәйтті негізге алыңыз. Егер әңгіме жазуға ниеттеніп, баяндалуға тиістің жалпы сұлбасы ойыңызға қонақтаса – отырыңызда жаза беріңіз. Басыңызға әңгіменің алғашқы керемет бір жолдары мен талдырып түсіретін соңғы тіркес қашан келеді деп уақыт жоғалтпаңыз. Сосын шығарманың барша мәтінін ретімен тізбектеп жазып шығуға ұмтылмаңыз. Редакциялаумен кейінірек шұғылданасыз.   Барлығы жазылып болған соң, қағаздарыңа тиыштық бер, біраз жатсын. Соңыра таман қайта оралып, мұқият ежіктеп тұрып оқуға кіріс. Логика жағынан шалыстық жоқ па? Сюжеттік тарамдары қиюласып тұр ма? Стилің ақсап жатқан жоқ па? Шығарманың осы тұсында маңызды жүк арқалаған ой-оралымдарды, диалогтарды, суреттеулерді өңдеуден өткізу керек. Өз талантыңның жанашыры кім екенін естен шығарма: ортақ идеяға қызмет етпейтіннің барлығын аяусыз жойа бер, іш пыстыратын қайталаулардан арыл және тартымсыз баяндауларға бой алдырма. Әрине, ақылын тыңдайтындай біреуге оқытып алғанда жақсы. Жазған дүниең қолма-қол жарық көріп кетуі екіталай. Сондықтан тоса білу де керек. Редактормен хабарласып кем-кетігі болса, сұрап білген де жөн. Егер ол түзетулер енгізу керек десе, қыңыраймай көнген дұрыс. Себебі ол кәсіби білікті адам. Ал өзің болсаң бұл саладағы сарыауыз балапансың. adebiportal.kzhttp://adebiportal.kz/kz/blogs/view/341

Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Б. Майлин, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов тағы басқа. Әңгімелері — қазақ әдебиетіндегі осы жанрда жазылған үздік шығармалар. Қазіргі әңгіменің бастаулары халық ауыз әдебиетінде жатыр. Сонау көне заманнан-ақ халық өзінің тұрмыс-салты, күнделікті тіршілігі жайлы ауызша әңгімелер туғызып отырған. Мұндай әңгімелер бір рет қана айтылып қоймай, әр жерде, жиын болған кезде айтылған да, ондағы оқиға бірте-бірте тұрақты сюжетке айналған. Сөйтіп, ауыз әдебиетіндегі дәстүрлі жанрға айналған. Жеке адамның басынан өткен оқиға ретінде айтылатын мұндай әңгімелерді халықаралық фольклортануда меморат деп атайды.

adebiportal.kzhttp://adebiportal.kz/kz/genres/view/192

Жазу шеберлігін арттыруға арналған жаттығулар

Бақшада өсіп тұрған жерінен біреу жұлып алған гүлдің монологын жазыңыз. Ең оңай шешім қабылдаған кезіңізді бірнеше сөйлеммен сипаттаңыз. Мына сөздерден әңгіме құрастырыңыз: ата, пошта, көлік, глобус, сіріңке, альбом. Азық-түлік толып тұрған тоңазытқышқа әлдекім әлі ешкім кимеген шұлықты шатасып салып жіберді дейік. Дүниеге сол жаңа шұлықтың көзімен қарап, ой толғап көріңіз. Бұрын оқыған мектебіңізге не қызмет еткен орныңызға қайтадан оралдыңыз деп ойлайық. Олар сізді қалай қарсы алуы мүмкін? Сондағы сезіміңізді елестетіп, қағазға түсіріңіз. Саудагер бизнесі жақсы жүріп тұрған қаланы тастап басқа жаққа кетіп қалды. Оған не себеп болуы мүмкін? Кісінің ойына келмейтін жеті мысал келтіріңіз. Бұрын өтіп кеткен істі қайта орнына келтіруге мүмкіндік болса, не жайында сөз қозғар едіңіз? Жұмыстан қуылған адамға қалай басу айтуға болады? Драматург қандай жағдайда қатты ұялып-қызаруы ықтимал? Жеті жағдай келтіріңіз. Аяз атаға хат жазыңыз. Құдық, тарақ, тиын, әңгіме, үгіттеуші, баспалдақ сөздерін қатыстырып мәтін құраңыз. Жалақы түсуге әлі бір апта бар. Қалтаңызда соңғы 5000 теңгеңіз қалды. Осы ақшаны ойланбастан жұмсай алатын 10 заттың тізімін құрыңыз. Не себепті ол нәрселерді таңдадыңыз?Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/34037

Жас жазушылар жіберетін қателіктер

Бірсарынды сөздерді, сөйлемдерді, абзацтарды қатар қолданамыз. «Тіл байлығымызды» көрсетеміз деп, ой жұтаңдығын аңғартып алмайық. Айтар ойы, идеясы бір болса, мәтінді ұзарта бергеннен пайда жоқ, зияны – оқырманды жалықтырамыз. Басы бірікпеген, грамматикалық жағынан байланыспаған сөздер қолданамыз. «Сан құбылмалы мәнерлі, ырғақты дауыспен сөйлеуге құмарлардың адамгершілігі аз болады». Кейде логикалық тұрғыдан қисын таппайды. Мағынасыз, дөрекі теңеулерге ұрынамыз. «Қойдай қоздаған келіншектер», «ешкідей бақырып жан дауысы шықты». Адамды малға теңейміз. Мұндай "сәтсіз" теңеуді қолданғаннан, қарапайым сөзді қолданған жөн.  Көркем әдебиетке ақылгөйсіп өсиет айту жараспайды. Айтқыңыз келіп, алқымыңыз кеуіп бара жатқан ақылыңызды кейіпкердің аузына салып берсеңіз ұтылмаған болар едіңіз. Әр сөзді орнымен қолданыңыз. Оқырманыңызды әліпті таяқ деп білмейтін ақымаққа баламаған лазым. Әр сөзді тәптіштеп түсіндіруді тоқтатайық. Дөрекі сөздерді, диалектілерді сүзгіден мұқият өткізіп, көркем әдебиетіміздің оралымды, ырғақты тіліне ерік берейік. Әртүрлі ұғымдағы сөздерді бірыңғай мүшелер етіп қолданбайық. Мысалы, «сан қырлы және проблемалы повесть». «Қырлы» мен «проблемалы» сөздері бірдей "-лы" жұрнағымен аяқталып тұрғанымен екі түрлі ұғымда қолданылады. Артық деталь, қажетсіз штрихтардан арылайық. Суреттеп отырған бейнеміз, баяндап отырған оқиғамыз нені көздейді, осыны анықтайық. Мақсатсыз, мүддесіз бос сөзділікке ұрынбайық.Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/shyigarma/31622

Сергіту сәтіне арналған логикалық сұрақтар

1. Сіз Алматыдан Мәскеуге ұшатын ұшақты жүргізесіз дейік. Бұл ұшақтың жылдамдығы сағатына 150 шақырым болса, қарсы соғатын жел жылдамдығы сағатына 30 шақырым құрайды. Жол ұзақтығы 550 шақырым. Ұшақ салонында барлығы 24 адам бар. Ұшақ жүргізушісі, стюардесса, және жолаушылар. Стюардессаның жасы 22-де. Жолаушылар жастары 7 мен 48-дің арасында. Сонда ұшқыштың жасы нешеде болуы керек?

2. Бөлмеде бар болғаны екі адам отыр. Оның біреуі — екіншісінің әкесі де, алайда, екіншісі біріншісінің ұлы емес. Сонда кімі болғаны?

3. 3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақ Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай?

4. Үш жолаушы келе жатса керек. Алдынан көл кездеседі. Бірінші жолаушы көріп көлді кешіп өтеді, екіншісі көреді бірақ кешпейді, өтеді, ал үшіншісі көрмей де, кешпей де өтеді. Сонда қалай өткен?

5. Бір қаз ұшып келе жатса, қарсы бір топ қаз кездеседі. Бір қаз "сендер нешеусіңдер?" деп сұраса, аналар «Біздің санымызға тағы осынша қосса, сосын тағы жартысын қосса, сосын ширегін қосса, сосын сені қосса жүз болады деп жауап беріпті. Сонда неше қаз болғаны

6. Бильярдта көлемдері, түстері бірдей 9 шарик бар. Оның 8-і 300 грамм да, біреуі 290 грамм. Таразыға екі рет қана тартып, жеңіл шарикті табыңыз.

7. Әдетте адамдар бас киімін кімнің алдыңда шешеді?

8. Сол жақтан оқысаң да, оң жактан оқысаң да бірдей сан қайсысы?Толығырақ: https://massaget.kz/okushyilarga/mektep_omiri/34847

БАЯНДАМА жазу тапсырылғанда, көпшілігі қолына қаламсап алады да, алғы сөзінен бастап, қорытындысына дейін түгел жазып шығады. Баяндама дайын болғанша, көп уақыт кетіп, неше қағаз бүлінуі мүмкін. Сен де баяндаманы осылай дайындайсың ба? Оны дайындаудың оңайырақ жолын үйренгің келе ме? Егер баяндама жоспарын жасауды үйреніп алсаң, саған әрбір сөзді жазып жатудың қажеті болмайды, сондай-ақ қайталап жаттығуға да көбірек уақыт қалады. Оның үстіне, баяндаманы айту жеңіл әрі қызықтырақ, тыңдаушыларыңды іс-әрекетке талпындырарлық болады. Әдетте көпшілікке арналған баяндаманың жоспары болады. Әйтсе де, көп жағдайда жоспар беріле бермейді. Көбінесе жалпы немесе нақты бір тақырып берілуі мүмкін. Не болмаса қандай да бір басылымдағы материалға негіздеп дайындау керек болады. Ал кейде жай ғана не жөнінде және қалай айту керектігі жөнінде нұсқау берілуі мүмкін. Міне, осындай жағдайлардың бәрінде жоспарды өзің құруың керек болады. Бірақ, ең бастысы, жоспарды құрудың негізгі принципін ұғып ал, сонда баяндамаңның материалын жақсылап реттеп, аз уақыттың ішінде дайындай аласың. Неден бастасаң болады? Талдау, іріктеу және реттеу Алдымен, саған тақырып қажет. Тақырып — бір сөзбен бере салуға болатын жалпы ой емес. Ол тыңдаушыларға жеткізу керек негізгі ой болып, сол талқыланғалы жатқан нәрсеге қай қырынан қарау керектігін көрсетеді. Егер тақырып берілсе, оның әрбір сөзіне мұқият талдау жаса. Тақырыпты қандай да бір мақалаға негіздеп ашу керек болса, тақырыпты ойыңда ұстай отырып, сол мақаланы жақсылап зертте. Ал егер не туралы айтылу керек екені ғана берілген болса, тақырыпты өзің ойлап табуың керек болады. Ол үшін алдымен біраз ізденгенің дұрыс. Байқампаз бол, сонда тақырыпты ашудың жаңа бір қырын табуың әбден мүмкін. Осы қадамдарды жасай отырып, өзіңнен былай деп сұра: бұл мәлімет тыңдаушыларым үшін неге маңызды? Мақсатым қандай? Сенің мақсатың тек материалды айтып шығу, я болмаса қызықты, есте қаларлықтай баяндама дайындау ғана емес, тыңдаушыларың өздеріне пайдалы нәрсе алатындай болу керек. Мақсатыңды анықтап алған соң, оны жазып қой да, дайындық барысында есіңде ұста. Мақсатыңды анықтап, соған сәйкес келетін тақырыпты таңдаған соң (немесе берілген тақырыптың мақсатыңмен байланысын анықтаған соң), қайсы бағытта ізденуің керектігі белгілі болады. Тыңдаушыларың үшін құнды болатын мәліметтерді ізде. Жалпылай айтылған ойларды қанағат тұтпай, нақты, мәнді және шын мәнісінде пайдалы болатын ойларды іздеп тап. Бірақ шектен тыс шығып кетпе. Көбінесе қажетінен артық мәліметтер жиналып, оларды іріктеуге тура келеді. Тақырыпты ашу үшін және мақсатыңа қол жеткізу үшін қажет болатын негізгі ойларды анықтап ал. Бұл — баяндамаңның қаңқасы, ал жоспарыңның негізі болады. Негізгі ой нешеу болу керек? Қысқа талқылауға әдетте екеу, ал бір сағаттық баяндамаға әдетте бесеу жеткілікті. Негізгі ой көп болмаса, тыңдаушылардың есте сақтауларына да жеңіл болады. Тақырыбың мен негізгі ойлар дайын болған соң, жинаған мәліметтеріңді ретте. Негізгі ойлармен қайсысы тікелей байланысты екенін анықта. Баяндамаңды жандандыра түсетін ойларды таңдап ал. Негізгі ойларды растайтын Жазба орындарын таңдағанда оларды нақты түсіндіретін ойларды белгілеп ал. Қосымша ойларды өзі қатысты болып тұрған негізгі ойлардың астына жаз. Егер қандай да бір мәлімет негізгі ойдың ешбірімен қиыспаса, мейлі ол қанша қызықты болса да, олардан бас тарт немесе кейін өзге жағдайда қолдана алуың үшін сақтап қой. Тек ең жақсы деген мәліметтерді қалдыр. Егер мәлімет тым көп болса, онда тез сөйлеуге тура келіп, ештеңені терең аша алмайсың. Сондықтан аз болса да, саз болатындай етіп сөйлеген жақсы. Берілген уақыттан асырма. Осы қадамда, немесе бұған дейін, материалыңды қисынды ретпен орналастыр. Ізгі хабарлардың бірін жазған Лұқа осылай еткен. Ол өзінің жалпы тақырыбына байланысты деректерді жинап алған соң, оларды “рет-ретімен” жазған (Лұқа 1:3). Мақсатыңа жетуге қайсысы жарамды болатынына қарап, материалыңды хронологиялық не тақырыптық, “себеп — салдар” немесе “проблема — шешімі” принципі бойынша ретте. Бір ойдан екіншісіне аттап кетуден аулақ бол. Тыңдаушыларыңа ойдың желісі мен әрбір ойдың мағыналық байланысын көру қиын болмау керек. Келтірілген дәлелдер оларға қисынды қорытындылар жасауға көмектесу керек. Материалдарды реттегенде, тыңдаушыларың қалай қабылдайтынын ойлан. Оларға ой желісімен жүріп отыру жеңіл бола ма? Естігендеріне сай әрекет етуге талпына ма және де бұл қойған мақсатыңа сәйкес келе ме? Енді жалпы тақырыпқа қызығушылық оятатын және тыңдаушыларың үшін талқылаудың шынында да құнды болатынын көрсететін алғы сөз дайында. Егер қаласаң, бастапқы сөйлемдерді жазып алсаң да болады. Ақырында, қойған мақсатыңа сай, тыңдаушыларыңды іс-әрекетке талпындыратындай қорытынды дайында. Егер жоспарыңды ертерек құрып қойсаң, баяндама айтқанға дейін оны өңдей түсуге уақытың болады. Бәлкім, кей жеріне дәлел ретінде айғақтарды, көрнекі мысалдар немесе қандай да бір оқиғаны қосуға болатынын байқарсың. Болып жатқан оқиғаларды не жергілікті жердегі қандай да бір қызықты хабарларды қолдану арқылы тыңдаушыларыңа баяндамаңның өзекті екенін көруге көмектесесің. Баяндамаңды өңдей отырып, мәліметтеріңді тыңдаушыларыңа қалай көбірек бейімдей түсуге болатынын көруің мүмкін. Талдау жасау мен өңдеу сатысы жақсы материалдан іс жүзінде қолданарлықтай және жүрекке әсер ететіндей баяндама дайындау үшін өте қажет. Кейбір баяндамашылар қысқаша жазып алса, өзгелері көбірек жазып алуды дұрыс көреді. Алайда мәліметтеріңді бірнеше негізгі ойға топтастырып, оған қатысы жоқтарын алып тастап, сондай-ақ ойларды қисынды ретпен орналастыруды үйренген соң, айтатын сөзіңді түгелімен жазып жатудың қажеті жоқ екенін байқайсың. Нәтижесінде қаншама уақыт үнемделеді! Оның үстіне, баяндамаңның сапасы да арта түседі. Бұл Теократиялық қызмет мектебінен шынымен зор пайда алып жатқаныңды дәлелдейді. ЖОСПАР ҚҰРУ ҮШІН * Баяндамаң тыңдаушыларың үшін неліктен маңызды екенін және мақсатыңды анықтап ал. * Тақырыбыңды таңда; ал егер тақырып берілген болса, оған талдау жаса. * Мазмұнды да пайдалы мәліметтерді жина. * Негізгі ойларды анықтап ал. * Материалыңды реттеп, тек ең жақсыларын қалдыр. * Қызығушылық оятатындай алғы сөз дайында. * Іс-әрекетке талпындыратын қорытынды жаса. * Баяндамаңды қайталап, өңдей түс.Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/15616-ulgi.html© www.ZHARAR.com



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу