Сұранысқа ие мамандықтар. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ.


Оқу дағдыларын дамытуға арналған идеялар

Төменде əртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға бағытталған идеялар ұсынылған.

  • Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)
  • Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа əңгіме мен ақпараттық мəтін оқиды. Олар негізгі мəселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.
  • Оқушылар дəлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мəтін оқиды.
  • Оқушылар бірқатар мəтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқса мəтіндер т.б.
  • Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мəтінге қатысты: Кім? Не?
  • Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? жəне Қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
  • Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мəселелерге қатысты ауызша кері байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мəтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне
  • қарай саралауға болады).
  • Топ мəтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауап береді.
  • Оқушылар басқа оқушыларды мəтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін, шын/өтірік жəне мəтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтарды əзірлейді.
  • Топтар/сынып мəтіннің мəнісін анықтауға арналған əдіс-тəсілдер тізімін жасайды.
  • Оқушылар мəтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысады жəне олардың əрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттермен сəйкестігін анықтайды.

Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу)

  • Оқушылар мəтінді қайта оқиды жəне өздерінің бірінші рет оқығанда нені қалдырып кеткенін жəне екінші рет оқығанда байқағанын айтады.
  • Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мəтінді тыңдайды, сосын нені естерінде сақтағанын айтады. (Олар, бəлкім, маңызды бір тұстарды естерінде сақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесе статистикалық деректер).
  • Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып тастауға болатын, мəтіндегі екінші дəрежелі элементтерді атап көрсетеді. Оқушылар баса көрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Нақты нəрсені анықтауға арналған оқылым

Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мəтін ұсынылады.

  • Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-əрекеттерді анықтау сұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен қыздарға арналған жергілікті клубтарға жəне/немесе жергілікті көрікті жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл адамдар қандай жұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын анықтайды жəне өздерінің нені жəне қашан істей алатынын көрсететін график құрастырады.
  • Жұптасып отбасының əртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін талқылау (əртүрлі жас санаттары, қолжетімдік жəне т.б.).
  • Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі бар шоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік желімен не болғанын түсіндіреді.

Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым

Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мəтін беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды:

  • таныс сөздермен ұқсастығы;
  • өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы;
  • мəнмəтіндегі байланыс;
  • сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда).  Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе оларды басқа сөзбен жазады.

Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету жəне бекіту үшін, сөйлемде жаңа сөздерді пайдаланады.

Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша басқалар білмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана отырып, олар анықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды.

Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері құрастырады. Сосын мəнмəтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады.

Мақсатын анықтауға арналған оқылым

  • Оқушыларға шағын топта əрбір мəтіннің мақсатын жəне мақсатты аудиториясын талқылау үшін үш мəтін беріледі: проспект (анықтамалық), саяси баяндама (біреудің көзін жеткізу) жəне қайырымдылық хат (үндеу). (Сынып жазбаның мақсатын, кімге арналып жазылғанын қалай анықтап, бұның мəтіннің стилі мен құрылымына қалай ықпал еткенін талқылайды).
  • Оқушылар сынып/топ ресурсын жасау үшін «Қармақ тілін» пайдаланады. Мысалы, оқушылардан, олардың ойынша, əртүрлі мақсатта/əртүрлі аудиторияға арнап жазылған кем дегенде үш мəтін табуды сұрайды. Кейін мəтіндерді ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша топтастырады, айырмашылықтарын, мысалы, Венн диаграммасының көмегімен жазып алады.Бұл мəтіндерді курс барысында басқа жаттығу аясында ақпарат көзі ретінде пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
  • Оқушылар жұптасып оқырман мəтіннің қалай қатыстырылатынын, тілдік қолданыстардың қандай эмоция тудыратынын анықтайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу