Сұранысқа ие мамандықтар. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 2 сабақ.


1-кесте

Мамандық атауы

Жалақысы, теңге

1

Жүргізуші

300 000

2

Маркетолог

400 000

3

Сақтандыру агенті

300 000 – 500 000

4

Бухгалтер

300 000 – 1 200 000

5

Сатылымдар бойынша менеджер

100 000 – 1 000 000

2-кесте

Мамандық атауы

Жалақысы, рубль

1

Жүргізуші

70 000

2

Вебмастер

20 000 – 120 000

3

IT-маман

150 000

4

Аудитор

200 000

5

Коллектор

400 000

Жауап беру және бағалау парағы

Орындаған оқушының аты-жөні:

Сұрақ

Жауабы

Жауабын тексеру (жауабы дұрыс болса ٧ белгісін қойыңыз)

Комментарий (оқушыға жауабын түзету үшін не ұсынасыз?)

1

Кестеге қандай атау беруге болады? Неліктен?

2

Кестелерде қандай мемлекеттер туралы ақпарат берілген?

3

Кестелердегі ақпараттың орналасу реті неге негізделген?

4

Кестелердегі мәліметтер кімдерге арналған?

5

Кестелердегі ақпараттарды қайда қолдануға болады?

Тексерген оқушының аты-жөні:

2-мәтін

 Қазақстандағы жалақысы жоғары мамандықтардың жетілігін ұсынамыз.

 Мұнай-газ ісі мамандарының орташа жалақысы – 202 мың теңге. Егер жақсы жұмыс нәтижесін көрсете алсаңыз, 900 мың теңге көлемінде жалақы аласыз. Бұл мамандықты еліміздің жетекші оқу орындарынан меңгеруге болады. Ол жерлерде мұнай-газ саласына қажетті инженерлер даярланады.

 Көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандарының орташа жалақысы – 175 мың теңге. Мамандыққа құжат тапсыру үшін физика пәнін таңдайсыз. Оқуды бітіргеннен кейін машина жасау зауыттарында, конструкторлық, жобалық және технологиялық ұйымдарда, машина жасау және жөндеу зауыттарының фирмалық және дилерлік орталықтарында жұмыс істеуге мүмкіндігіңіз бар.

 Тау-кен ісі мамандарының орташа жалақы мөлшері – 174 мың теңге. Мамандық бойынша тау-кен инженері, телеметрия мағлұматтарының инженер интерпретаторы, өндіру салаларындағы талдаушы болып жұмыс істей аласыз. Тау-кен инженері болу – жауапты міндет. Әрі мамандықтың ауқымы кең. Шетелде де қызмет атқара аласыз. Африка, Австралия, Жаңа Зелан­дия, Канада, АҚШ және Оңтүс­тік Америка елдерінде таукен инженері болып жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Еуропа, АҚШ, Австралияда тәжірибелі инженерлер жылына 100 мың доллар жалақы алады.

 Автоматтандыру және басқару мамандығының орташа айлық мөлшері – 159 мың теңге. Жыл сайын мамандықтың жаңа бөлімі ашылуда. Технология дамыған сайын, мамандықтың келешегіне сеніммен қарауға болады. Мысалы, 2015 жылы осы мамандық негізінде «робототехника және мехатроника» бөлімі ашылды. Сондай-ақ оқу бітіргеннен кейін, цехтың басшысы, инженер-конструктур, инженер-лаборант, инженер-бағдарламашы, инженер-жобалаушы болып жұ­мыс­қа қабылдана аласыз. Маркетинг маманының орташа жалақы мөлшері – 149 мың теңге.

 Маркетологтар халық сұранысын зерттеп, нарыққа талдау жасайды. Компанияның тауар айналымы маркетологқа байланысты. Олар тұтынушының қалағанын дәл тауып, компания үшін жаңа тренд қалыптастыруға барын салады. Егер өз ісіңізді тиянақты атқарсаңыз, ай­лық табысыңызды 700 мың теңгеге дейін жоғарылата аласыз.

 Есеп және аудит – қазіргі кезде экономика және қаржы саласындағы сұранысқа ие мамандық. Ең төменгі жалақы мөлшері – 84 мың теңге. Тәжірибе мен біліктілік көрсеткіші бойынша жоғары жалақы мөлшері – 443 мың теңге. Оқуды аяқтағаннан кейін эко­номист, бухгалтер және аудитор болып жұмыс істейсіз. Таң­дау пәндері – математика мен география. Еліміздің жетекші жо­ғары оқу орындарында бұл маман­­дықты ағылшын тілінде де оқытады.

 Заңгерлердің орташа жалақы мөлшері – 130 мың теңге. Ең жоғары жалақы – 554 мың теңге. Аталған мамандық салық меке­ме­ле­рінде, Ішкі істер органдарында, әкімдіктер мен прокуратурада қызмет атқаруға жол ашады. Компьютерлік технология мен шет тілдерін еркін меңгерсеңіз, сізді әлемнің кез келген нүктесінде жарқын болашақ күтіп тұр.

Толығырақ: https://aikyn.kz/2018/07/28/62347.html



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу