Сұранысқа ие мамандықтар. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Камбелова У

Сынып: 8

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :

Сабақтың тақырыбы

Сұранысқа ие мамандықтар

Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

О1 Тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

  • Тұтас емес мәтіндердегі деректерді түсінеді.
  • Мәтіндерегі ақпараттарды салыстырады.

 Бағалау критерийлері

 

  • Кестелердегі ұқсас мәліметті анықтайды.
  • Кестелердегі айырмашылығы бар ақпараттарды табады.
  • Кестелердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтардың орын алу себебін мемлекет экономикасына, саясатына сүйене отырып түсіндіреді.
  • Әр кесте бойынша сол мемлекеттің экономикалық жағдайын сипаттайтын қорытынды тұжырым жасайды.

 Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология:

Тұтас емес мәтін, аралас мәтін, графиктік мәтін

Жазылымға қажетті сөз тіркестері:

Салыстырсақ, жоғары,төмен, лауазым, жоғары мәртебелі

 Құндылықтар

Ашықтық, құрмет

 Пәнаралық байланыс

Осыған дейін меңгерілген білім

«Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тілдік дағдылары дамытылды.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Кабинеттің қабырғаларында постерлер ілініп тұрады. 1-постерде «мамандық» сөзі, 2-постерде «мамандықты таңдаудың критерийлері» сөз тіркесі, 3-постерде «Майталман маман болу үшін не істеу қажет?» сұрағы жазылып тұрады.

Оқушыларға осы 3 мәселе бойынша ойлануға уақыт беріледі.

Оқушылар 1-постерге мамандық сөзіне ассоциацияларын, 2-постерге критерийлерді, 3-постерге іс-әрекеттерді жазады.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

10 минут

15 минут

5 мин

Оқылым тапсырмасы.

Оқушыларға Қазақстандағы және Ресейдегі сұранысқа ие, жоғары жалақылы мамандықтардың атаулары, жалақы мөлшері көрсетілген 2 кесте беріледі. Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кесте мазмұнымен жұмыс жасаулары қажет, кестелердегі ақпараттарды салыстырулары керек.

Жеке жұмыс. 1-тапсырма.

Кестелерді зерттеңіз. Кесте бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Кестеге қандай атау беруге болады? Неліктен?
  • Кестелерде қандай мемлекеттер туралы ақпарат берілген?
  • Кестелердегі ақпараттың орналасу реті неге негізделген?
  • Кестелердегі мәліметтер кімдерге арналған?
  • Кестелердегі ақпараттарды қайда қолдануға болады?

Дескриптор:

1. Сұрақтарға кесте мазмұны бойынша жауап береді.

2. Жауаптарына кестелерден дәлел келтіреді.

Оқушылар жауаптарын кестеге толтырады. Сағат тілімен жұмысын келесі оқушыға береді, оқушы сыныптасының жауаптарын тексереді.

Сұрақ

Жауабы

Жауабын тексеру (жауабы дұрыс болса ٧ белгісін қойыңыз)

Комментарий (оқушыға жауабын түзету үшін не ұсынасыз?)

1

Кестеге қандай атау беруге болады? Неліктен?

2

Кестелерде қандай мемлекеттер туралы ақпарат берілген?

3

Кестелердегі ақпараттың орналасу реті неге негізделген?

4

Кестелердегі мәліметтер кімдерге арналған?

5

Кестелердегі ақпараттарды қайда қолдануға болады?

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Оқушыларға жоғары жалақыға ие маманық иелері туралы ақпарат беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, өзері түсіндірген ақпараттармен салыстырады. Тапсырманы венн диаграммасына орындатуға болады.

  • Мәтін мен кестедегі ақпараттарда қандай ұқсастық бар?
  • Мәтін мен кестеде қандай айырмашылық бар?

Дескриптор:

1. Кестелердегі ұқсас мәліметті анықтайды.

2. Кестелердегі айырмашылығы бар ақпараттарды табады.

3. Кестелердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтардың орын алу себебін мемлекет экономикасына, саясатына сүйене отырып түсіндіреді.

4. Әр кесте бойынша сол мемлекеттің экономикалық жағдайын сипаттайтын қорытынды тұжырым жасайды.

Оқушылар 2 жұптарға бірігеді. Мәліметтерін тыңдап, бір-бірін бағалайды, кері байланыс береді.

http://www.proprof.ru/stati/careera/vybor-professii/o-professiyah/oplachivaemye-professii

 

https://aikyn.kz/2018/07/28/62347.html

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Оқушылар сұрақтарға сүйеніп, кері байланыс береді.

Кері байланыс парағы

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу