Болашақ мамандықтары. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.
Перифраза туралы түсінік
Бүгінгі зерттеліп отырған перифраза дегеніміз не? Перифраз немесе перифраза деген атау грек тілінен келген, ол заттаң, құбылыстың тура атын атамай, суреттеп көрсету, тұспалдап айту дегенді білдіреді.[1.3] Мысалы: дәрігер деудің орнына «ақ желенді абзал жандар» деп атау, депутаттар деудің орнына «халық қалаулылыры» «халық қызметшісі» деп қолдаудағы мақсат бір сөзді басқа сөздермен ауыстырып қана қою емес, бұл ұғымды өз атынын басқаша етіп атау оны бейнелі етіп сипаттау үшін және қандайда бір эмоцияналды – экспресивті баға беру үшін қолданылады. Сондай – ақ, кітап деудің орнына «жан азығы» деп атай отырып, жазушыларды «жан азығын өндеушілер», «адам жанының инжинерлері» деп ауыстырып атаудың өзіндік мақсаты, атқаратын қызметі бар. Бұл, біріншіден, стильдік мақсатта айтылып тұрса, яғни бір сөзді қайталап айта бермес үшін ойды түсініктірек баяндау үшін, бір ұғымды түрлендіріп әрқандай атаулармен атап, жалпы мәтінің көркемдігін арттыру болса, екіншіден, перифразалар заттың, кейіпкердің қасиетін, ерекшеліктерін баса көрсетуде, уақиғаны суреттеуде образдылық жасап, айтылған ойдың әсерлілігін арттырады, сонымен бірге автордың субъективті сезімдерін білдіру үшін қолданылатын стильдік тәсіл болып табылады.
Айтылған сөзімізге дәлел болу үшін мысалы халқымыздың ұлы ақыны Жамбыл туралы зерттеу еңбектерін алып қарасақ Жамбылдың атын бір жерде ақын деп, қарт ақын, ұлы ақын деп, қарт жыршы, қазақ халқының ұлы перзенті деп, ұлы махаббат жыршысы деп, Алатаудың асқақ жыршысы, ХХ ғасыр Гомері, екі ғасыр куәсі, ақындардың атасы, жыр алыбы тағы басқа деп ауыстырып көрсетілген. Мәтіндегі нұсқасымен көрсететін болсақ «... Ұлы махаббат жыршысы құбылысқа, көрініске өзі жүрген ортасына салқын қанды қарай алмайды... Сондықтан ақын көргенін көрген жерде – ақ өз тұрғасынан, өзінің идеалық позициясынан бағалайды... Бұдан басқа Жамбылда басқа көзқарас жоқ. Мұндай тұста қарт жыршы албырт жанды жігіт сезіммен қабыл алған әсерін қайта атқарған сөздің де адал сырға өткір, ұшқыр тіл боларлық жандысын, жарығын төгеді. ...Поэзияның осындай қорығын, ұйығын, әрбір сөзді кристалдай өткір қырланған тұлғаларынан кесек – кесек алтындар шығады. »[2.55]
Осыдан көріп отырғанымыздай, перифразалық тіркестер ақынның атын қайталап айта бермес үшін, тек стильдік мақсатта қолданылып отырған жоқ, сонымен бірге Жамбылдың ерекшелігін, қайраткерлігін әр тұсынан көрсетіп, оның ерекше өмірін, талантын, көп жасаған суреткерлігін, қазақ әдебиеті тарихында алатын орны мен басқа ұлттардың поэзиясына тигізген әсерін айтып тұр.
Қазіргі кезде перифразаларды көп қолданылатын сала публицистика (яғни «газет тілі») болып отыр. Баяндауда стильді «әрлендіріп», мәтінге «өң беру» мақсатында астарлы сөздер мен сөз тіркестері қоланылады . Мысалы еңбек екпінділері жайында мәтіндерден комбайшы, тракторшы қыздарды дала тоғайлары, егін ерлері, бейбіт күннің мәншүктері, әлиялары, ел ішінің төл перзенттері, темір тұлпар мінген арулар деген сияқты перифразалық тіркестер егін жинау науқаны кезінде және мейрам кездеріндегі репортаждарда айтылу себебі әсіресе салтанаттық реңк беру үшін деп баса айтқан жөн. Немесе мынадай: «Сарыарқа төскейі қайта құрудың қоңыр самалымен терең тыныстап...» деген перифразалық орамының өз мағынасы «Сарыарқада қайта құру жүріп жатыр» деген болуға тиіс қой . Неге өз мағынасында айтылмай, ауыспалы мағынада қолданып тұр деп, перифраздап қолданудағы себептерін қарастыратын болсақ, бұл біріншіден, көркемдік үшін, көреріңкі леп, айрықша сезіммен айтылуы мүмкін; екіншіден асырып айтуы үшін, құр әсірелеп айтылуы мүмкін.
Сөйтіп перифразалардың қолданылу аясы көркем әдебиет, сөйлеу тілі, публицистика болып табылатындығана көзіміз әбден жетті. Перифраза және мәтінде ерекше реңк беріп адамның сезімін баурап қызығушылықты одан әрі оята түседі.
«Қазақ тіліндегі перифраза табиғаты» тақырыбындағы ғылыми жоба материалынан алынды. Орындаушы: . Амантайқызы Дильназ
Жетекшісі: Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Идирисова Б.Ж
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?