Болашақ мамандықтары. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 3 сабақ.


«Болжап көріңіз». Төмендегі болашақтың мамандықтары немен айналысуы мүмкін? Болжам жасаңыз.

  • Виртуалды әлем дизайнері
  • Робоэтикалық адвокат
  • Сандық мәдениет шолушысы
  • Биохакер
  • Адам денесінің дизайнері
  • Ғарыштық гид
  • Тұлға кураторы

Оқылым алдындағы тапсырма.

Перифраза дегеніміз не?

Перифразаны жасаудың қандай жолдарын білесіз?

Перифраза жасау не үшін керек?

Оқылым тапсырмасы.

1-тапсырма:

  • Мәтінді мұқият оқыңыз.
  • Мәтіндегі ақпаратты менталды картаға түсіріңіз.
  • Мамандықтарға берілген анықтамаларды синонимдермен алмастырып, перефразалаңыз.

Дескриптор:

1. Мәтіннен мамандықтардың ерекшелігін анықтайтын сөз тіркестерін таба алады.

2. Сөз тіркестерін синонимдермен алмастырып, анықтаманы перефразалайды.

Болашақтың мамандықтары

 Жаңа ашылулар мен технологиялар адам өміріне өзгеріс енгізіп жатыр. Осыған орай, жаңа мамандық түрлері де күн өткен сайын артып келеді. Ғарыштық гид, биохакер, робоэтикалық адвокат — бұлар болашақта пайда болатын мамандықтардың бірнешеуі ғана.

 Microsoft корпорациясы демеушілігімен The Future Laboratory ұйымы еңбек нарығының даму божамын жасады. Олар 2025 жылға қарай беделді болатын 5 мамандық тізімін ұсынып отыр.

 Виртуалды әлем дизайнері

 Зерттеушілердің пікірінше, қазіргі таңда шынайы өмірден гөрі виртуалды әлем басым болып отыр. Сондықтан адамның оған бөлетін уақыты мен назары артып келеді. Өз әлемі мен қоршаған ортаға аса мән беретін адамдар уақыт өте келе виртуалды өмірін әрлеуге көшері хақ. Оны жүзеге асыру мақсатында арнайы виртуалды әлем дизайнерлері секілді мамандарға ұсыныс артпақ. Яғни, қазіргі уақытта адамдар тұрғын үйлерін безендіруге маман жалдаса, кейін дәл солай виртуалды тұрағын да безендіреді.

 Робоэтикалық адвокат

 Адам мен робот арасында міндеттердің бөлінуі қазіргі күннің өзінде даулы мәселеге айналып отыр. Кейін, роботтардың еңбегін пайдалану кең етек жайған кезде, олардың құқықтарын қорғайтын жақтаушы қажет болары анық. Демек, уақыты келгенде роботтар өздеріне қатысты этикалық қатынасты талап етеді.

 Сандық мәдениет шолушысы

 Техника дамыған заманда кітап оқитын және жазатын адамдар саны азайып барады. Олар көп жағдайда визуалды дүниелер қызықтағанды жөн санайды. Сол себепті Facebook, Twitter секілді әлеуметтік желілердің мәтіндік түріне қарағанда, суреті көп Pinterest және Instagram фотохостингтері қарқынды дамып келеді. Ғаламтор қолданушылары осындай көп мөлшердегі визуалды ақпарат легінің астында қалмас үшін болашақта оларды сараптайтын арнайы мамандар пайда болады. Сандық мәдениет шолушылар суреттер мен видеороликтерді зерделеп, тұтынушыға ақпараттар ұсынады.

 Ғарыштық гид

 2020-2025 жылдарға қарай ғарышқа саяхат жасау әдеттегі туристік ұсыныстар қатарына енеді. Соған байланысты тур ұйымдастырып, ғарыш көруге ниет білдіргендерді жетелейтін арнайы гид мамандығының беделі артады. Оның міндеті туристердің қасында жүру емес, әлдеқайда қауіпсіз жол сызбасын жасау. Ал, батыр саяхатшыларды техникалық қамтамасыз етумен басқа маман айналысатын болады.

 Сізді білмеймін, бірақ мен The Future Laboratory ұйымы ұсынған еңбек нарығының даму болжамы қалжың болар деп үміттенемін. Әрине, үнемі жетіліп отырған дұрыс. Алайда, дәл осы мәселеге қатысты адам ретінде жүрегім дауламайды. Жоғарыда көрсетілген тізімдегі мамандықтар тек фантастикалық фильмдерде ғана кездесуі жалғаса берсін. Табиғат-Анадан алшақтамай, үйлесімділікті жоғалтпай, адами өмір сүруге не жетсін?!

2-тапсырма:

Перефразаланған анықтамалардың негізінде жіңішке және жуан сұрақ құрастырыңыз.

Дескриптор:

1. Перефразаланған анықтама мәліметін қолдана отырып, нақты жауапты қажет ететін сұрақ құрастыра алады.

2. Перефразаланған анықтама мәліметін қолдана отырып, дәлелді жауапты қажет ететін жоғары деңгейлі сұрақ құрастыра алады.

Жіңішке сұрақтар – нақты, әрі қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар.

Жуан сұрақтар – сын тұрғысынан ойланып, толыққанды, мазмұнды жауап беруді қажет ететін сұрақтар.

Кім?

Не?

Қашан?

Қайда?

Қанша?

Неше?

Қалай аталады?

…не себепті деп ойлайсыз?

…айырмашылықтары неде?

...келісесіз бе?

...екені рас па?

Егер …болса, не болар еді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу