Мамандық таңдаудағы бес қадам. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Камбелова У. | |||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | |||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мамандық таңдаудағы бес қадам | |||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ж3 Мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу. ӘТН3 сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану. | |||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Графиктік мәтін, мәтін құрылымы, мәтін түрлері Жазылымға қажетті сөз тіркестері: | |||||||||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, өмір бойы оқу. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
| |||||||||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы бөлімдерде оқушылардың жазылым дағдылары дамытылды. Оқушылар графиктік мәтіннің ерекшеліктерімен таныс. | |||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы минут 5 минут | Мұғалім оқушыларға төменде аталған істерді атқарушы мамандықтар тізімін жасауды тапсырады. А) көркем фильм -... Б) бөлке нан -... В) газет -... Г) оқушы дәптері -... Д) магнитофон -... Е ) тұрғын үй -... Сабақтың оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды. | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 7 минут 5 минут 15 минут | Мұғалім оқушыларды 4 шағын топқа бөледі. Топқа бөлу: Оқушыларға бес түрлі мамандыққа қатысы бар сөздер таратылады. Оқушылар сол сөздер бойынша мамандықты тауып, бірге топтасады.
Топтық тапсырма. Оқушыларға мамандық таңдауда оның бес қадамын жоспарлау тақырыбында сурет көрсетіледі. Оқушылар суретке қарап, талқылайды. Осы қадамды өз ойынан толықтырады. Талқылау сұрақтары:
Жазылым тапсырмасы. Оқушылар графиктік мәтіндегі ақпараттарды түсіндіріп, пайымдау мәтінін құрайды. Ол үшін алдымен мұғалім пайымдау мәтінінің құрылым түсіндіреді. Ол үшін төмендегі тапсырманы орындайды. Оқушыларға сөйлемдер жазылған парақшалар таратылады. Олар берілген тұжырымдарға сай келетін сынып қабырғаларында ілініп тұрған сөздердің жанына барып тұрулары қажет. Неліктен ол сөзді таңдағандарын түсіндіреді, дәлел келтіреді. Әңгімелеу мәтіні Мәтін мақсаты тақырып туралы ақпарат беру, іс-әрекетті баяндау. Мәтінде етістіктер көп қолданылады. Мәтін құрылымы композициялық жоспарға негізделеді. Мәтінде «не істеді?» сұрағына жауап беріледі. Сипаттау мәтіні Мәтінде зат, құбылыс сипатталып жазылады. Мәтінде сын есім, эпитеттер, теңеу мол ұшырасады. Мәтіннің кіріспе бөлімінде сипатталатын зат, құбылыс туралы ақпарат беріледі. Негізгі бөлімде заттың, құбылыстың ерекшеліктері жеке қасиеттеріне сай сипатталады. Қорытынды бөлімінде затқа, құбылысқа қатысты автордың көзқарасы, қарым-қатынасы жазылады. Мәтінде «қандай?», «қай?» сұрақтарына жауап беріледі. Пайымдау мәтіні Мәтіннің кіріспе бөлімінде дәлелденетін тұжырым жазылады. Мәтіннің негізгі бөлімінде автор дәлелдер келтіреді. Мәтіннің негізгі бөліміде автор өз пікіріне түсініктеме береді. Қорытынды бөлімінде өз тұжырымына қайта оралады. Мәтінде «неліктен?» деген сұраққа жауап беріледі. Жазылымда дескрипторды негізге алып, соған сай орындайды. Дескриптор:
Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Мен айтайын» стратегиясы. Оқушылар өз қалаулары бойынша жазған мәтіндерін сыныпқа оқиды. Оқушылар дескриптор арқылы жұмысты бағалайды. | Кесте | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Оқушылар сабақтағы проблемалар кестесін толтырады.
Кестенің «шешімі» бөлімін мұғалім толтырады. Оқушыда туындаған қиындықтың шешу жолдарын ұсынады. | Рефлексия парағы | ||||||||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?