Бизнестегі бес қадам. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 3 сабақ.
1-ресурс
ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ СҰРАҚТАРҒА АРНАЛҒАН БАСТАПҚЫ СӨЙЛЕМДЕР |
Үдерісті немесе тұжырымдаманы түсіндіру үшін… Қалай жұмыс істейді__? __ үшін тәртіп қандай? __ пайдаланылатын әртүрлі бөліктер мен қадамдар қандай? ___ тәртібінің мәні бар ма? Түсіндіріңіз. __жасау үшін __ қалай пайландыңыз? Сіз мұны 5 жасар балаға қалай түсіндіресіз? |
Талдау және интерпретация үшін… ___не түрткі болды? Басқа қандай себеп болуы мүмкін? __ қалай әсер етеді? __және __ неге ұқсайды? Оның айырмашылығы неде? ____ мақсаты қандай? Бұл неге маңызды? Қандай ақпарат жетіспейді? Бұл топқа не/кім жатпайды? Кім ең үлкен/күшті/жақсы? Неге? Автордың пікірі қандай? Егер …. болса не болушы еді? __ нені рәміздеп көрсетеді? __ неге осылай болды? |
Синтездеу үшін… _____ басты идеясы мен тақырыбы қандай? Сіз қандай қорытындылар жасай аласыз? __ мынаған ___ қалай қарайды? Ықтимал шешім қандай? Сіз қандай қорытындылар жасай аласыз? ___ туралы жаттағанымызбен қалай байланысты болуы мүмкін? |
2-ресурс
Қарапайым сұрақтар.
Жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар.
Кім? Не? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды.
Анықтағыш сұрақтар
Оқушыларға алған ақпаратты дәл мәтіндегідей емес, оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады
«Менің түсінгенімше,», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар
Талдау сұрақтары. (Интерпретация)
Оқушыларға алған ақпаратты түйсініп, осыған ұқсас жағдайларда қолдану, мәселелерді шешу жолдарын табу ұсынылады. Интерпретацияға итермелеу арқылы біз оқушылардың түрлі пікірлер мен әрекет себептерін түсіну дағдысын қалыптастырамыз.
- Неге Қызыл Телпек сұрақ қоя береді, сұрай береді?
- Егер сен құс болсаң, қыста не істер едің?
- Мен үшін ықпалдастық (гравитация) заңын білу не үшін керек?».
Шығармашылық сұрақтар.
Оқушылар ақпаратты шағын бөліктерге бөліп, оның құрылысын анықтау тапсырылады. Оқушылар түрлі көзқарастарды талқылап, «неге?» деген сұраққа жауап іздеп, мотивацияны, себептерді анықтап, алған фактілер бойынша қорытынды жасайды.
Оқушылар мектепте оқып жатқан материал мен шынайы өмір арасындағы байланысты көреді, бұл дегеніңіз оқыту үрдісіне олардың көзқарасын өзгертуі мүмкін.
Оқушыларға ойлану мен анализдің арқасында жаңа ұғымдарды түсінуге көмектеседі:
* Сіз қалай ойлайсыз, не болады?
* Неге осындай болжам жасадыңыз?
* Бұл шешімге қалай келдіңіз?
* Неге бұлай болды?
* Қарсы мысалды елестете аласыз ба?
* Оны қалай дәлелдей аласыз?
* Дәлел ретінде неге осы мысалдарды алдыңыз?ық сұрақтар немесе итермелеу сұрақтары
Практикалық сұрақтар
Зерттеуге негізделген қорытынды шығару сұрақтары. Шағын бөліктерді біріктіру арқылы жаңа нәрсе алу тапсырылады. Мәселенің шешімі, оқиғаның өрбуін болжау сияқты тапсырмалар орындалады.
Астананың ауасы мен Алматының ауасы немен ерекшеленеді? Сіздің ойыңызша, ондай ерекшеліктер неге байланысты болады?
Баға беру немесе спецификалық сұрақтар
Алған ақпаратқа баға беріп, өз өмірімен байланыстыра отырып, пікір білдіреді, ұсыныс жасайды, белгілі бір көзқарасты қорғайды.
- Қалай ойлайсыңдар, Бауырсақ қашу керек пе еді?
- Телпекті қасқыр жеп қоймас үшін қыз не істеу керек еді?
- Бұл әңгіме, ақпараттың, т.б. маған пайдасы қандай?
- Не үшін бұл мысал келтірілген?
Сабақ барысында қарапайым сұрақтан бастау міндетті емес. Күрделі сұрақтарға жауап бере отырып та, оқушылар мәліметті қалай меңгергендерін таныта алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?