Жұмыс берушімен сұхбат. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Кәсіп пен еңбек. Болашақ мамандықтары | Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің ТАӘ: Жакыпжанова А.С | ||||||||||||
Сынып: 8 | Қатыспағандар саны: Қатысқандар саны : | ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Жұмыс берушімен сұхбат | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.4.1. мәтінде көтерілген мәселені(тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: Тыңдалым мәтініндегі астарлы ойды түсінеді. Негізгі ойды анықтайды. Тақырып қояды. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері
|
| ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: Мәтіннің негізгі ойы Тыңдалым мен айтылымға қажетті сөз тіркестері: Қағида, ортақ ұстастығы, сұхбаттасу. | ||||||||||||
Құндылықтар | Ашықтық, құрмет | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
| ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы», «Азаматтық құндылықтар және әлем мәдениеті» бөлімдері арқылы тыңдалым және айтылым дағдылары дамытылды. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақ кезеңдері | Жоспарланған әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы
5 минут | Оқушылар жұпта талқылау сұрақтарына жауап береді.
Талқылаудан соң, сабақтың тақырыбын анықтайды, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін талқылайды. | Таныстырылым | |||||||||||
Сабақтың ортасы
5 минут 5 минут 10 минут 10 минут | Мұғалім оқушыларға тыңдалым мәтінін дауыстап екі қайта оқиды. Оқушылар тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындайды. 1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, кестені толтырыңыз. Кейіпкерлердің жұмысқа орналасуына не көмектесті?
2-тапсырма. Үш кейіпкердің әңгімесіндегі ортақ ұқсастықты тауып жазыңыз. 3-тапсырма. «Ойлан-Жұптас-Бөліс»
Тыңдалым мәтіні Скотт Данлап, кәсіпкер 1. Мен осы жылы Бостонда болған жарылысты өз көзіммен көрдім. Келесі күні Нью-Йорк қаласында жұмыс берушімен әңгімелесуге отырдым. Ол кезде бір медиакомпанияның басқарушылық жұмыс орнын алғым келген. Әңгімелесіп отырған адамдардың екеуі тұрып кетті. Жағдайым қиындай бастаған сияқты болды. Сосын жалғыз қалған маман сұрақ қойды: «Соңғы 5-10 жылда біздің компанияны қалай елестетесіз?». Шындықты айтқым келді. «Сіздердің өндіріс орындарыңыз жабылып қалады. Себебі мына сіздер өз жұмыстарыңызды түземей барлық қателікке басқарушыларыңызды айыптай бересіздер. Сол үшін де қайта-қайта басшы ауысады. Мұндай сөздерді айтып отырғанымды кешіріңіз, бірақ сіздердің қамдарыңызды ойлап отырмын. Мен де дәл сіздердей болғанмын. Бірақ сіздер мойындамайсыздар ғой. Сіздер бұл іске жаңалық енгізіңіздер немесе жұмыстарыңызды босатыңыздар». Тыныштық орнады. Сосын ол: «Меніңше, бүгін осымен аяқталсын». Келесі 2-3 сағаттық уақыттан кейін ол жұмыс ұсынды. Дэн Холидей, 10 жылдық тәжірибесі бар менеджер 2. Мен жұмысқа қабылдану алдында оған дейінгі жұмысымнан қандай шатақ шығарып кеткенімнің барлығын да жасырмай айтып бердім. Күнде бір ғана іспен айналысатын айтып, арызданғанымды айтқан соң жұмыс берушіге «Мен керемет жұмыс істеймін демеймін, бірақ өте көп ақша тапқым келеді» дедім. Қызығы сол, жұмысқа қабылдандым. Ричард Вэддингтон 3. Мен бір компанияда 10 жыл уақыт бойы жұмыс жасадым. Ол жұмыстан кеткен соң, ұзақ уақыт бойғы үзілістен соң әңгімем жараспай қала ма деп те қорыққаным бар. Киімімді түзеп, галстук тағып бардым. Үйден шығып бара жатқан сәтте 4 жасар қызым кішкентай ғана ойыншық сиырды ұстата салды. Қызымды құшақтап, үйден шығып кеттім. Түрлі мамандардың алдынан өткен соң, кадр бөлімінің бастығымен бетпе-бет отырдым. Орта жастағы әйел қатқыл көрінді. «Компания қызметкерлері сіз туралы тек жақсы мінездеме беруде, бірақ жұмыста түрлі бассыздықтар болу мүмкін, сіз одан өте алар ма екенсіз?» Айта салдым: «Менің қалтамда сиыр бар!» Тыныштық орнады. Сосын қалтамнан сиырды алып, оның жұмыс столына қоя салдым. Барлығы да қыран-топан күлкіге басты да кетті. Сонымен, мен жұмысқа қабылдана кеттім. Дескриптор:
Оқушылар дескрипторға сай бірін-бірі бағалайды. Оқушылар тыңдалым негізінде ереже құрап жазады. Ережелерді маңыздылығына байланысты орналастарады. 4-тапсырма.
|
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы
| |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Оқушылар сұрақтарға сүйеніп, кері байланыс береді. | Кері байланыс парағы | |||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | |||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?