Сұранысқа ие мамандықтар. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 7 сабақ.


Оқылым алдындағы тапсырма.

1-тапсырма.

  • Тұтас мәтіндер дегеніміз не?
  • Тұтас емес және аралас мәтіндер дегенімізді қалай түсінесіз?

Төмендегілерді тұтас және тұтас емес мәтіндерге бөліп жазыңыз.

  • Ертегі
  • Сурет
  • Әңгіме
  • График
  • Мақала
  • Кесте
  • Диаграмма

Оқылым алдындағы тапсырма.

1-мәтін.

 Қандай кәсіп иелері сұраныста болмақ? Тоқырау жылдары зауыт-фабрикалар жабылып, өндіріс тоқтаған соң, жұмысшы мамандарды даярлау ісі қажет болмаған-тын. Бүгінде кәсіптік білім беру өз бағытын қайта тапқандай. Яғни, қазір жұмысшы мамандықтар сұранысқа ие. Сондай-ақ, сарапшылар Астанада аудармашыларға сұраныс азаятынын болжап отыр. Ал «сәнге» айналған экономист, мұнайшы, кеден ісі секілді мамандықты таңдаушылар әлі де кездеседі. Алайда жұмыс орны аз. Сондықтан, биылғы жылдың түлектері техникалық мамандықтармен қоса, жұмысшы мамандықтарын (инженер-құрылысшы, металлург, дәнекерлеуші және т.б.) таңдауда. Алайда, мамандар 2-3 жылдан кейін оның да сұранысы төмендейтінін алға тартады. Ал, сұранысқа ие медицина мамандығы жылдар өтіп артпаса, төмендемейтін көрінеді. Жылдар бойы Қазақстанда зерттеу жүргізетін мамандардың түлектерге берер кеңесі мынадай: Мәдина Денисова, HeadHunter.kz порталының маркетинг және PR жөніндегі директоры сұранысқа ие мамандардың тізімін айтты:

 ТОП-5 сұранысқа ие мамандықтар:

 - Менеджерлер;

 - IT мамандары;

- Қаржы және есепші мамандары;

- Маркетинг саласы (маркетолог, PR маманы);

- Құрылыс мамандары.

Ал ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда техникалық мамандықтар сұранысқа ие екенін алға тартып отыр:

- Дәнекерлеуші (сварщик);

- Құрылысшы (строитель);

- Автомеханик.

 

 

 

 

 

 2-мәтін.

1-тапсырма. Тұтас және тұтас емес мәтіндердегі ақпараттарды салыстырып, сұрақтарға жауап беріңіз.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Екі мәтіннің айырмашылығы неде?

Мәтіндердің тақырыбы

Екі мәтіндегі деректерде қандай сәйкестік бар?

Мәтіндердегі ақпаратта алшақтық бар ма?

Мәтіндегі ақпарат кімдерге пайдалы болады деп ойлайсың?

Сіздің ойыңызша, қай мәтінді түсіну, ақпаратты қабылдау жеңіл? Неліктен?

Ал қай мәтінде ақпарат толығырақ берілген?

Дескриптор:

  • Тұтас және аралас мәтіндерді салыстырады;
  • ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды;
  • деректердегі ұқсастық пен алшақтықты табады;
  • мәтіндердегі ақпаратты қабылдауға қатысты жеке көзқарасын білдіреді.

2-тапсырма.

  • Мәтіннен сөздік қорға енген жаңа сөздерді тауып жазыңыз.
  • Осы жаңа сөздердің пайда болуына не әсер еткені туралы ойланып, жауап беріңіз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дескриптор:

  • Мәтіннен жаңа сөздерді анықтап жазады;
  • Жаңа сөздердің пайда болуының себептері туралы пікір білдіреді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма.

3-тапсырма.

Мәтіндегі ойға қатысты «Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы бір-біріңізден сұхбат алыңыз.

Шарты:

  • Төрт адамнан тұратын топтарды жұптарға бөліңіз: А және Ә, Б және В.
  • 1-қадам. А Ә-дан сұхбат алады, ал Б В-дан сұхбат алады.
  • 2-қадам, керісінше. Ә А-дан сұхбат алады, ал В Б-дан сұхбат алады.
  • 3-қадам. Әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен төрт адамдық топ ішінде бөліседі.

Мына фразаларды негізге алыңыз.

Ақпараттың шынайылығы, қандай мамандықты таңдаған дұрыс, жұмыс орнымен қамтылу, сұранысқа ие, тағы басқа мамандықтар.

Мәтіндердегі ақпараттарды пайдаланып, жаңа сөздерді орынды қолданы, сұхбат құраңыз.

Дескриптор:

  • Жұпта сұхбатқа түседі;
  • фразаларды негізге алып сөйлейді;
  • мәтіндегі ақпараттар мен жаңа сөздерді тиімді қолданады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу