Құсбегілік – ата кәсіп. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 8 сабақ.
Құсбегілік – ата кәсіп.
Халқымыздың атадан балаға жалғасып келе жатқан өлмес мұрасы – құсбегілік, оның төл өнері, ұлттық мақтанышы. Әрине, туған табиғатын төл перзентіндей аялап өткен қазақ үшін ит жүгіртіп, құс салудың қанында барлығының айқын дәлелін, жер бетіндегі халықтардың ішіндегі жеке дара осы текті дүниесінің алтын арқауын жоғалтпай, күні бүгінге дейін алып келгенінен көруге болады.
«Есі кірген — ескісін іздейді» деген қағида ертеден бар. Киіз туырлықты көшпелі елдің құс салу өнері кәсіптен гөрі, серуен, сейілге, спортқа жақын. Бұл өнерді кейде «салбұрын», кейде «саятшылық» атауымыз содан.
«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы…» — жігіттің жігітіне жарасар, серінің серті мен серігіндей өнер.
«Атам өлсе қойылар, атан өлсе сойылар, ал мынадай қансонар енді қайдан табылар» — деп, дүниенің бәрін тәрк етіп, құсын қолға ондырып, жүйрігін жаратқан ер мінезді елдің ұрпағымыз.
Халқымыздың арғы-бергі тарихын зерттеушілер саятшылық кәсіптің үш мың жылдан аса тарихы бар деседі. Ал, ғалымдардың зерттеуінде айтылғандай, Тамғалы тастағы саятшының қыран құспен аңға шыққан сәтін бейнелеген өрнекті суреттің салынғанына екі мың жылдан әріде десе, бүгінгі жеткен шындыққа бергісіз жүздеген аңыздардың өзі неге тұрады?!
Халқымыз қансонарды ерекше қадірлеген. Шытырлаған аязда қызара бөртіп, таза ауаны еркін жұтып, ат үстінде жүрудің өзі қандай ғанибет! Салауатты өмір салтының далада екенін түсінсек жалқаулықтан тапқан сырқаттарымыздан айырылар едік.Әр адамға өз елінің аң – құстары аса қымбат. Қазақ қалқы қыран құстары киелі деп көп аулап ұстамайды. Оларды қорғайды. Қыран құстар ғалымдардың бақылауынша 100 жылға дейін өмір сүреді. Қазақ құсбегілері бүркіт жасын былайша есептейді.
1. жасында – балапан2. жасында – қан түбіт3. жасында – тірнек4. жасында – тас түлек5. жасында – мұз балақ6. жасында – көк түбіт7. жасында – қана8. жасында – Жана9. жасында – май түбіт10. жасында – барқын11. жасында – баршын12. жасында – шөгел
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұнын талқылаңыз.
Кім? Не?
Қашан? Қалай?
Не істеді?
2-тапсырма. Мәтінді оқып, ішінен көнерген сөздер мен кәсіби сөздерді тауып жазыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.
Осы сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құраңыз.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор:
- Мәтін мазмұнын түсінеді;
- Мәтіннен көнерген және кәсіби сөздерді анықтайды;
- Сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.
3-тапсырма. Аңшылыққа қатысты тиымдар мен ырымдарды оқып, өз көзқарасыңды білдіріп көп. Пікір білдіруде мәтіндегі сөздер мен тіркестерді орынды пайдаланып сөйлеңіз.
- Аңға шығар алдында аңшыға «қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
- Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды .
- Атып алған арқардың, тау ешкінің басын немесе сауырын аңды атқан аңшы өзі пайдаланады , ал қалған етті серіктестерімен бірдей етіп бөліседі .
- Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады , үйдің төріне
немесе бесікке іліп қояды .
- Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек .
4-тапсырма. Мәтіндегі кәсіби, көнерген сөздерді тиімді қолданып, қазақтың көне кәсібін жаңғыртып жүрген азаматтар туралы репортаж дайындаңыз.
Рөл | Аудитория | Формат | Тақырып |
Тілші | Теледидар көрермендері | Репортаж | Құсбегілік – ата кәсіп! |
Дескриптор:
- Рөлге енеді;
- репортаж мәтінін дайындайды;
- тақырыпты аша алады;
- сөздік қор, сөздік құрам ерекшеліктерін орынды қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?