Құсбегілік – ата кәсіп. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 8 сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Құсбегілік – ата кәсіп
Оқу мақсаты:
8.4.3.1. Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолдану.
Мәтіннен көнерген сөздер, кәсіби сөздерді анықтай алады;
сөздік қор мен сөздік құрам ерекшеліктерін түсінеді;
айтылымда орынды қолданады.
Бағалау критерийі:
Мақалдың мәнін ашыңыз.
Бүркіт - құс тәңірісі .
Сұңқар масаға соқтықпас .
Аңшының кешіккеніне сүйін .
Ит иесі үшін , құс тамағы үшін алады .
Ақ сұңқар ұшар жем үшін ,
Ер жігіт туар елі үшін.
Құстың алғанынан салғаны қызық .
Қыран құс
1 жасында – балапан
2. жасында – қан түбіт3. жасында – тірнек4. жасында – тас түлек5. жасында – мұз балақ6. жасында – көк түбіт7. жасында – қана8. жасында – Жана9. жасында – май түбіт10. жасында – барқын11. жасында – баршын12. жасында – шөгелСаятшылыққа қатысты кәсіби сөздер
Томаға - қыран құстың басына көзін бастыра кигізіп қоятын былғары қалта .
Балдақ- құсты ат үстінде алып жүруге арналған тіреу .
Тұғыр - құсты қондырып қоятын жабдық .
Биялай - бүркітші құс қондыру үшін оң қолына киетін қолғап .
Шырға, аяқ бау - бүркіт аяғына байлайтын баулар .
Жем саптаяқ - бүркітке жем беретін ыдыс .
Жем қалта - аңға шыққанда құсты шақыруға
арналған жем салатын қалта .
Ырғақ - асау құсты ырыққа көндіруге арналған орнықсыз , ырғақты тұғыр .
Аңшылыққа байланысты ырымдар
1.Аңға шығар алдында аңшыға «қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
2.Аңдағы алғашқы олжа ешкімге сыйланбайды .
3.Атып алған арқардың , тау ешкінің басын немесе сауырын аңды атқан аңшы өзі пайдаланады , ал қалған етті серіктестерімен бірдей етіп бөліседі .
4.Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады , үйдің төріне
немесе бесікке іліп қояды.
Дескриптор:
Рөлге енеді;
репортаж мәтінін дайындайды;
тақырыпты аша алады;
сөздік қор, сөздік құрам ерекшеліктерін орынды қолданады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?