Асыл шөп. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 2 сабақ.


Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Асыл шөп

Оқу мақсаты:

8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бағалау критерийлері:

Тұрмыстық жағдаятында көтерілген мәтінді тыңдап, автордың ойын анықтай алады;

Сөйлеушінің әуенді, әуезді, тембрді,қарқынды, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану ерекшелігін түсіндіре алады;

Интонацияның құрамдас бөліктерін ауызша сөйлеу барысында дұрыс қолдана алады.

Ой қозғау

- Сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

- Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

- Құндылықтарға қатысты көзқарастарыңды білдіріңдер.

Сабырлы адам сақтанып сөйлер,

Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,

Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.

Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Сабыр еткен, мұратқа жеткен.

Тыңдалымалды тапсырмасы:

https://kitap.kz/audiobooks/anggimeleri_men_ertegileri

Әңгімені баяндаушы адамның интонациясына көңіл аудар.

Қағаз бетінде мәтіннің дыбысталуы, интонацияның құрамдас бөліктерін ажырат.

Интонация дауыс ырғағы. Түрлі интонациямен айтылған әр сөйлем әртүрлі мағына береді.Интонация айтылған пікірлердің мағыналық және эмоциялық айырмашығын көрсетеді, сөйлеушілердің көңіл күйін, олардың әңгіме тақырыбына, бір-біріне деген көзқарасын білдіреді. Интонация лексикалық құрылым, синтаксистік қатар мен фразаның стильдік ерекшелігін танытып, дыбыстық әрі негізгі әуеннің, дауыс пен ырғақтың, кідіріс пен екпіннің өзгеруімен танылады. Әр халықтың сөйлеу интонациясына сәйкес өзіне тән ішкі ерекшелігі бар. Олар: әуен, әуез, (тембр), қарқын, ұзақтылық, кідіріс.

2-тапсырма:

Бүкіл сыныппен орындалатын тапсырма. Сыныптың төрт қабырғасына төрт түрлі қағаз ілінеді. Сыныптағы оқушылар кезек-кезегімен ауысып жүріп, «Сабыр түбі – сары алтын» тақырыбында түйін сөздерді жинақтауы тиіс. Осылайша әр қабырғада сан түрлі идеялар жинақталып, соңында оқушылар өз ойдарымен сыныпта бөлісетін болады.

рефлексия

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу