Асыл шөп. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


САБАҚ: 2-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 8-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Сабақтың тақырыбы

Асыл шөп

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін тыңдап, мәтінде көтерілген мәселені талдайды. Негізгі ойды анықтауға тырысады.

Сабақтың мақсаттары

8.1.4.1.- мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

8.4.2.1. – сөйлеу ағымындағы интонацияны құрамдас бөліктері: әуен, әуез,тембр,қарқын,кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Тұрмыстық жағдаятында көтерілген мәтінді тыңдап, автордың ойын анықтай алады;
  • Сөйлеушінің әуенді, әуезді, тембрді,қарқынды, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану ерекшелігін түсіндіре алады;
  • Интонацияның құрамдас бөліктерін ауызша сөйлеу барысында дұрыс қолдана алады.

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар интонацияның құрамдас бөліктерімен танысады. Интонацияны сөйлеу барысында орынды қолдана алады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Ұсынылған сурет арқылы сабақтың тақырыбына болжау жүргізіледі.

- Сабақтың тақырыбы не туралы болуы мүмкін?

- Адамгершілік дегенді қалай түсінесіңдер?

- Құндылықтарға қатысты көзқарастарыңды білдіріңдер.

Сабақтың ортасы

Тыңдалым алды тапсырмасы:

Төменде берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірі көріңдер.

Сабырлы адам сақтанып сөйлер,

Сабырсыз адам мақтанып сөйлер,

Сапырыстырып, ақтарып сөйлер.

Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

Сабыр еткен, мұратқа жеткен.

Оқушылар Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесін тыңдайды.

Оқушылар әңгімені баяндаушы адамның интонациясына көңіл аударуы тиіс. Қағаз бетінде мәтіннің дыбысталуы, интонацияның құрамдас бөліктерін ажыратып отыруы тиіс.

Оқушылар мәтінді тыңдап болған соң, оқушыларға интонацияның құрамдас бөліктері туралы ақпарат беріледі.

Оқулықта берілген анықтама, ережелер түсіндіріледі.

Тыңдалым тапсырмасы:

1-тапсырма:

Осы сурет арқылы Злиха мен Бәтиманің іс-әрекеттерін, сөйлеген сөздерін баяндап бер.

Баяндау барысында әуенді, әуезді, тембрді,қарқынды, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануға тырысып көр.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Білім алушы:

ӘТН8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

  • Сөйлеу барысында дауыс ырғағына мән бере алады
  • Әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдана алады

2-тапсырма:

Бүкіл сыныппен орындалатын тапсырма. Сыныптың төрт қабырғасына төрт түрлі қағаз ілінеді. Сыныптағы оқушылар кезек-кезегімен ауысып жүріп, «Сабыр түбі – сары алтын» тақырыбында түйін сөздерді жинақтауы тиіс. Осылайша әр қабырғада сан түрлі идеялар жинақталып, соңында оқушылар өз ойдарымен сыныпта бөлісетін болады.

Қазақтың мақал-мәтелдері.

https://kitap.kz/audiobooks/anggimeleri_men_ertegileri

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу