Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


САБАҚ: 6-сабақ

Мектеп: №5 көпсалалы мектеп-лицейі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Киршимова Н.Қ.

Сынып: 8-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы:

Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.

Сабақтың тақырыбы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.2.4.1. – мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау;

8.3.2.1. – тақырып бойынша материал жинақтап, тезистік жоспар құру;

8.3.2.1. – жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу.

Сабақтың мақсаттары

Тезистік жоспар ұғымы туралы білімін бекіту, мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін түсіну.

Бағалау критерийлері

- Тірек сөздер негізінде негізгі ойды анықтайды;

- Тыңдаған мәтін негізінде тезистік жоспар құра алады;

- Мақала жаза алады.

Құндылықтар

Құрмет, отансүйгіштік, үздіксіз білім алу.

АҚТ қолдануы

Интерактивті тақта арқылы слайд-презентация пайдаланылады.

Тілдік мақсаттар

Оқушы осы сабақта абзац жазуды үйренеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 мин

Сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийлері түсіндіріледі.

Сабақтың ортасы

Тыңдалымалды тапсырма:

Мұғалім сынып бөлмесіне қайырымдылық қорларының немесе акцияларының логотиптерін іліп қояды. Оқушылар суреттермен танысып, сабақтың тақырыбын болжайды. Қайырымдылық қорларының атауларына назар аударып, олардың мағынасын түсіндіруге тырысады.

Оқушылар тыңдалым алдында талқылау сұрақтарына жұпта жауап береді.

- Сендер қайырымдылық қорлары туралы не білесіңдер?

- Олардың міндеті қандай?

Оқушылар «Қайырымдылық қорлар» мәтінін тыңдайды.

Тыңдалым тапсырмасы.

1-тапсырма.

Мәтінді тыңдап, оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі ойды анықтайды.

- Мәтіннің тақырыбы не туралы?

- Мәтіндегі тірек сөздерді атап көрсетіңдер.

- Іріктелген тірек сөздер негізінде мәтіннің негізгі ойын баяндап беріңдер.

Бағалау критерийлері

Дискриптор

Тірек сөздер негізінде негізгі ойды анықтайды;

Тыңдаған мәтін негізінде тезистік жоспар құра алады.

- Тірек сөзді табады;

- тірек сөздермен құрастыра алады;

- тезистік жоспар құра алады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

2-тапсырма.

Мұғалім оқушыларды топтарға бөліп, «Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы «Қоғамда қайырымдылық қорлары қажет пе?» тақырыбында талқылау жүргізеді. Оқушылар сөйлеу барысында әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданулары керек.

Талқылау аяқталған соң, әр оқушы тыңдалым мәтіні негізінде тезистік жоспар құрады.

3-тапсырма.

Тезистік жоспар негізінде мақала жазу ұсынылады. Оқушыға таңдауға үштүрлі тақырып беріледі:

- Еліміздегі қайырымдылық қорларының рөлі

- Қайырымдылық ісіңнен көрінеді

- Қайырымдылық – адам жанының нұры

https://www.youtube.com/watch?v=zzdz2K3WjCQ

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия

Рефлексия мына сұрақтар негізінде жүргізіледі:

- Мен осы сабаққа дейін не білдім?

- Осы сабақ маған несімен пайдалы болды?

- Қандай мәселені әлі жақсарту керек?

Қосымша ақпарат

Дифференциация

Мүмкіндігі төмен оқушыларға мұғалім жеке нұсқаулықтар, түрткі сұрақтар беріледі, топтағы талқылаулар көмектеседі.

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Топтағы талқылауларды бақылаймын, оқушылардың маркерлеген мәтінін бақылаймын

Рефлексия кезінде ұсынған сұрақтар бойынша айтқан пікірлерінен ақпарат аламын

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Бірқатар оқушылардың өз біліміндегі ақаулары үшін алаңдамайтындай жайлы атмосфера тудыру

Оқушылар бірі біріне деген құрмет пен үйренуге ашықтық құндылықтарын дамыта алады

Слайд-презентация пайдаланылады

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу