Рухани адамгершілік құндылықтар. Қазақ тілі, 8 сынып, таратпа материал. 7 сабақ.


Ғылыми стильдің ерекшеліктері

Ғылыми стиль ғылым мен техника салаларында қолданылатындығы. Ғылыми стильдің басты мақсаты – хабарлама жасау және хабарланапы тұрған нәрсенің ақиқаттылығын логикалық дәлелдеу екендігі (ақпараттық-аргументтік функциясы).

Ғылыми стильдің ішіндегі кіші стильдер болуы:

  • таза ғылыми стиль (академиялық);
  • оқу-ғылыми стиль;
  • ғылыми-техникалық стиль;
  • ғылыми-көпшілік стиль.

Ғылыми тілдің ерекшеліктері: айқын логикалылығы мен кітаби тілді болуы.

Айқын логикалық ғылыми мәтінде тілдің барлық деңгейлерінде: сөз тіркесінде, сөйлемдерде, көршілес орналасқан сөйлемдерде, абзацтарда, көршілес орналасқан абзацтарда, тұтас мәтінде байқалатындығы.

 

Ғылыми мәтіннің логикалығын сақтайтын құралдар:

 

  • сілтеу есімдіктерімен бірге (сол, осы, ана т.б.) зат есімдердің қайталанып отыратын көмегі арқылы сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы;
  • ойдың ағынын бірізділікке түскенін көрсететін үстеулердің қолданысы (алдымен, ең алдымен, содан кейін, әрі қарай т.б.);
  • тұтас ойды білдіретін сөйлемнің бөлшектерінің өзара қатынасын білдіретін қыстырма сөздердің қолданылуы (осылай ете келіп, біріншіден, екіншіден, қорыта келгенде, осының нәтижесінде т.б.);
  • шылаулар арқылы (өйткені, үшін, себебі т.б.);
  • байланыстырушы оралымдар мен коснтрукциялар арқылы (енді мына мәселеге тоқтайық..., ерешеліктерін атап өтетін болсақ, ... т.б.).

 

Ғылыми стильдегі мәтіндердің, негізінен, жазбаша түрде келетіндігі:

 

  • ғылыми мақалалар мен хабарламалар;
  • ғылыми әдістемелік құралдар;
  • монографиялар;
  • рецензия;
  • аннотация;
  • реферат;
  • курстық жұмыс;
  • ғылыми жоба;
  • дипломдық жұмыс;
  • ғылыми диссертация.

 

Ауызша формадағы ғылыми стиль мәтіндері:

 

  • ғылыми баяндамалар;
  • ғылыми дәрістер.

 

Ғылыми стильдің өзіндік ерекшеліктері:

  • жақсыз баяндалуы немесе «біз» сөзі атынан қолданылуы (ұсынамыз, санаймыз, талдауға түсірдік т.б.);
  • ғылыми терминологияның аса мол қолданылуы;
  • сөйлеу клишелерінің көп болуы;
  • эмоциялық-экспресситвтік лексиканың өте мардымсыз болуы тіпті мүлде қолданылмауы;
  • етістікке зат есім, сын есім, үстеулердің көп тіркесуі;
  • ғылыми мәтін қабылдауға қиын, асықпай оқылатын болуы;
  • баяндалатын мазмұнның логикалылығы.

Ғылыми стильдің сипаттамасы: нығыздалған, қысқа да нұсқа, баяндаудың тезиске бөлінуі, цитаталарды қолдануы.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу