Мамандық таңдау. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.


Қосымша 1

http://bilimsite.kz/tarbie_sagaty/4664-men-tandagan-mamandyk.html

Мамандық дегеніміз не?І. Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі.Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Мамандық таңдау - өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, қалауына сүйену керек. Әркім өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Ертеден өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атауға болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады.

ІІ. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Соған байланысты дүниеге түрлі жұмыстар, мамандықтар келді. Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осыған байланысты. Бүгінгі таңда агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, қаржы, сауда-саттық, жоба менеджері, кеңсе менеджері т.б.ІІІ. Бастысы, таңдаған мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Өз ісіне сенімді, шынайы таңдау жасаған адам ғана жетістікке жетеді.

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сенде бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан» - деп ұлы Абай Құнанбаев айтқандай, әркім болашақта өз мамандығын таңдай білгені жақсы.

Мәтінге берілген сұрақтар https://learningapps.org/ «Миллионды кім ұтып алады?» үлгісінде берілген.

1. Кәсібіңді таңдау деген не?

  • байланысты таңдау
  • қажетті таңдау
  • ортаны таңдау
  • өміріңді таңдау

2. Мәтіндегі бұрыннан сұраныстан кетпеген кәсіп қандай?

  • агент
  • инженер
  • менеджер
  • оқытушы

3. Жаңадан пайда болған мамандықтар туралы қай абзацта айтылады?

  • І
  • ІІ
  • ІІІ

4. Өмірден өз орныңды табу туралы қай абзацта айтылған?

  • І
  • ІІ
  • ІІІ

5. Автор не айтқысы келді?

Таңдауды дұрыс жасаған адам қандай болады?

  • ақылды
  • маңызды
  • табысты
  • шынайы

Зауыт

Сот

Ғарыш

Мамандығын мақтан тұтқан тәрбиеші

Ақбатес Саламатова - балдырғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып сапалы білім берудің шебері. Әріптестері оның осы қырын жоғары бағалайды. Яғни алдына келген балаларды баурап алу арқылы зейінін ашып, оқу немесе жаттығуға қызығушылықтарын арттырады. Мұны өзі тәрбиешілік қызмет емес, міндет деп есептейді. 

Ақбатес Саламатова - тәрбиеші

Үш жастан бастап келіп жатқан балаларды өз ырқына көндіріп, оларды еркелете отырып, талап қоя отырып, алға сүйреп осы балабақшаның ішкі ережелеріне сай соған үйрету болып табылады.Тәрбиеші мамандығы әрине ол қиын да, қыстауы бар, өте қажетті де, ұлағатты мамандық. Мен осы мамандықты таңдай отырып өзімнің осы ұлы жолды таңдағаныма қуаныштымын.

Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл Фараби: «адамға алдымен тәрбие берілу керек»,-деген. Өйткені онсыз білім нәтижесіз келеді. Бұл Ақбатес Саламатованың басты ұстанымы. Ал бөбектері болса мәнерлеп оқу, ертегі айтудан қалалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері.

Ақбатес Саламатова - тәрбиеші

Сабырлылық, мейірім, аса бір өзіңнің мамандығына деген құрмет болу керек. Тәрбиешінің өзіндік жүрегіндегі жылуды балаға бере алса ғана адам өз мамандығын сүйіп, одан ләззат алады деп ойлаймын.

Мамандығын - мәртебем деп білетін тәрбиеші ата-аналардың да алғысына бөленіп жүр. Ол бұдан асқан марапат жоқ деп есептейді.

Мамандығын мақтан тұтқан тәрбиеші

Ақбатес Саламатова - балдырғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып сапалы білім берудің шебері. Әріптестері оның осы қырын жоғары бағалайды. Яғни алдына келген балаларды баурап алу арқылы зейінін ашып, оқу немесе жаттығуға қызығушылықтарын арттырады. Мұны өзі тәрбиешілік қызмет емес, міндет деп есептейді. 

Ақбатес Саламатова - тәрбиеші

Үш жастан бастап келіп жатқан балаларды өз ырқына көндіріп, оларды еркелете отырып, талап қоя отырып, алға сүйреп осы балабақшаның ішкі ережелеріне сай соған үйрету болып табылады.Тәрбиеші мамандығы әрине ол қиын да, қыстауы бар, өте қажетті де, ұлағатты мамандық. Мен осы мамандықты таңдай отырып өзімнің осы ұлы жолды таңдағаныма қуаныштымын.

Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл Фараби: «адамға алдымен тәрбие берілу керек»,-деген. Өйткені онсыз білім нәтижесі келеді. Бұл Ақбатес Саламатованың басты ұстанымы. Ал бөбектері болса мәнерлеп оқу, ертегі айтудан қалалық, облыстық байқаулардың жүлдегерлері.

Ақбатес Саламатова - тәрбиеші

Сабырлылық, мейірім, аса бір өзіңнің мамандығына деген құрмет болу керек. Тәрбиешінің өзіндік жүрегіндегі жылуды балаға бере алса ғана адам өз мамандығын сүйіп, одан ләззат алады деп ойлаймын.

Мамандығын - мәртебем деп білетін тәрбиеші ата-аналардың да алғысына бөленіп жүр. Ол бұдан асқан марапат жоқ деп есептейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу