Асыл мұра. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.
ttps://www.google.kz/search?biw=1242&bih
http://alie-parusa.ucoz.ru/MO/MO_rus/gia-sistema-raboti-s-c1.pdf - жинақы мәтін анықтамасы, үлгілері (орыс тілінде)
http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/239-tarikh/2800-kne-trk-zhazulari.html
Мырзатай Жолдасбеков, осылайша, ірі ғылыми жаңалық ашып, қазақ әдебиетінің түп-төркінін VІІІ ғасырдан, Орхон ескерткіштерінен бастау туралы ғылыми идеяны бірінші болып іске асырды, сөйтіп, қазақ әдебиетінің тарихын он ғасырға байытып, мың жылға тереңдетті, қазақ әдебиеті ғана емес, тұтас түркологияны дүр сілкіндірген елеулі табыстарға жетті. Мырзекеңнің қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі мен қазақ халқының жыраулық, ақындық өнері туралы зерттеулері мен зерделеулері, сараптаулары мен саралаулары ұлттық мәдениетіміздің баға жетпес қымбат құндылығына айналды.
Ғалымның зерттеу еңбектерінің нәтижесінде Қазақ ұлттық университеті республикада бірінші болып қазақ әдебиетінің тарихын жаңаша дәуірлеп, жаңаша оқыта бастады. Сол жаңалықтар арнасында дайындалған “Ежелгі дәуір әдебиеті” атты оқу пәнін Мырзекеңнен оқыған студенттер легінің кеуде тұсында біздер де болдық. Ол кезде ұстазымыздың алмастай жалт-жұлт еткен жігіт шағы. Сабағының әр сәтін, айтар ойының әр сатысын түркология іліміне негіздеп, ұлттық мазмұнға, халықтық мәнге бөлейді. Әдебиет сабағы Мырзекеңнің оқытушылық әлемінде бірде тіл білімімен, бірде тарихпен, бірде пәлсапамен, бірде мемлекеттік саясатпен, енді бірде археологиямен, тіпті үңгіртанумен де сабақтасып, тұтасып жатар еді. Ғалым көне түркі жазба ескерткіштерінің толық атласын жасау, ежелгі әдебиет ескерткіштерінің табиғи көшірмесін жасап, университеттің алдындағы ашық алаңға қою туралы арманы жайында да ағынан ақтарылып сыр қозғайтын. Сонымен қатар, лектор өз лекциясында ежелгі дәуір әдебиетінің Қазақстандағы туған, өсіп-өнген ғылыми ортасы Қазақ ұлттық университеті екендігіне де аса зор мән беріп, соны үлкен мақтанышпен, бек қанағаттанғандық сезіммен толғанып айтатын.
Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің 1955-1960 жылдардағы студенті бүгінгі күнге дейін халықтың ұлы мұратына бастаған ұзақ жолда өнегелі де өркенді үлкен өмір сынынан өтті. Біздің білуімізше, Халықтың ұлы мұраты күн іспетті. Оған қарай жүрген адамның алды да, айналасы да жарық. Ал одан теріс айналған адам алдынан өзінің көлеңкесін ғана көрмек. Мырзатай Жолдасбеков күнге бет алды – өзі білім алған факультеттің аспиранты, оқытушы-ұстазы, деканы, одан соң І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институтының ректоры (1977 – 1987) бола жүріп, халқының ұлы мұратына қызмет етті, Қазақстан жоғары мектебінің көрнекті басшысы әрі ұйымдастырушысы болып қалыптасты. Бұл ретте халқымыздың асқан қайраткер ұлы, заманының заңғар тұлғасы Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің қолдауы мен қорғауы, ақылы мен кеңесі, тәрбиесі ерекше маңызды болды. Одан беріде Оқу министрі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің идеология бөлімінің меңгерушісі, Президенттік кеңестің мүшесі, Мемлекеттік кеңесші, Премьер-министрдің орынбасары, Президент кеңесшісі (1987 – 1993), Қазақстанның Иран Ислам республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі (1993 – 1999), Дипломатиялық Академия ректоры (1997 – 1999), Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры (2000 – 2004), Еуразия
гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының директоры (2004 – 2006) қызметтерін атқарған жылдары да Мырзекең халқымыздың ұлы мұраты жолында маңдай терін төгіп, түн ұйқысын бөліп, аянбай еңбек етті, ақыл-ой қуатын, жүрек отын еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына, әдебиеті мен тілінің, мәдениеті мен өнерінің өсіп, өркендеуіне арнады, Алаш ардақтыларының аты мен шығармашылығын, қоғамдық және мемлекеттік қызметін ақтауға, қоғамдық сананың жаңаруына, ұлттық идеяның салтанат құруына, ұлттық рух туының биікте желбіреуіне, мемлекеттігіміздің нығаюына өлшеусіз үлес қосты, Елбасының кемеңгер кеңесшісі, сенімді серігі болды. Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының директоры қызметін атқарып жүрген қазіргі шақта да Мырзекең күш-қайратын, білімі мен тәжірибесін еліміздің өркендеуі жолында жұмсауда.
Бүгінде Мырзатай Жолдасбеков – қоғамдық сананы, ғылыми ойлар қорын байытқан “Ежелгі әдебиет нұсқалары”, “Асыл арналар” (1986, 1990), “Жүз жыл жырлаған жүрек” (1992), “Жамбыл және оның ақындық ортасы”, “Асыл сөздің атасы” (1996), “Ел тағдыры – ер тағдыры” (1997), “Елтұтқа” және басқа іргелі ғылыми зерттеу еңбектердің авторы. Бұл еңбектердің бірқатары Қытайда, Түркияда, Иранда және басқа елдерде жарық көріп, әлем жұртшылығының игілігіне айналды. Автордың ғылыми-шығармашылық еңбектері бірнеше іргелі елдердің ірі ғылыми орталықтарында жоғары бағаға ие болды, өзі бірнеше елдің ғылым академияларына мүше, университеттеріне құрметті профессор болып бекіді. Қазақ әдебиетінің ежелгі жазба ескерткіштерінің толық атласын жасау, табиғи көшірмесін жасап, университет алаңына қою, сөйтіп оларды елдің, еліміздің өсер өркенінің рухани байлығына айналдыру туралы баяғы биік арманына жетті. Мырзекеңнің жүріп өткен жолына осы биіктен қарай қалған көз қазақ аспанында сайрап жатқан құс жолын көргендей болар деп ойлаймын. Кісінің көкірек-көзі Мырзатай Жолдасбековтің ел игілігі үшін төккен терінің әр тамшысы сол жолда бір-бір жұлдыз болып жанып тұрғанын да көрмей қалмас-ау.
Мырзекеңнің өткен жолын құс жолындай ақ даңғылға айналдырып, арманына жеткізген құдірет-күштің бірі – оның халқына деген, халқының рухани асыл байлығына, ұлы мұратына деген шексіз құрметі. Мырзатай Жолдасбеков – туған халқын, туған халқының рухани асыл байлығын, ұлы мұратын шексіз құрмет тұтқан, құрмет тұтып келе жатқан көрнекті мемлекет қайраткері. Мұндай құрмет халықтық пайым мен халықтық парасаттан шығады. Мырзатай Жолдасбеков – осындай халықтық пайым мен халықтық парасаттың ғалымы. Кісі өзі шексіз құрметтеген нәрсесін әрқашан шетсіз сүйе бермейді. Белгілі бір өмір құбылысын қаншалықты шексіз құрметтесе, оны соншалықты шетсіз сүю әрбіреудің басынан табыла беретін қабілет емес. Ол – ілуде біреудің, онда да өздеріңіз сияқты ғылым мен білімнің ұлықтары мен ұлылары бас қосқан ұлттық университет түлегінің ғана бойына даритын ерекше қасиет. Мырзекеңнің маңдайын жарқыратып, оң жолға, биік мақсатқа бастаған құдірет-күштің енді бірі осы болса керек. Мырзекең – туған халқын, туған халқының әдебиеті мен мәдениетін, ғылымы мен білімін,
рухани асыл қазынасын шексіз құрметтеумен бірге шетсіз сүйетін ғұлама. Бүгінде ел ағасы жасына жеткен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерінің ақылы мен жүрегі, ойы мен сезімі ғана емес, ғылыми жұмысы мен ұстаздық ұлағаты, азаматтық үлгісі, қоғамдық һәм мемлекеттік қызметі, туған халқының әдебиеті мен өнеріне, ғылымы мен біліміне сіңірген ерен еңбегі түгелдей осы құрметке, осы сүйіспеншілікке, туған халқына деген шексіз құрмет пен шетсіз сүйіспеншілікке, толы. Меніңше, бұл ағалық қасиеттің ғана емес, даналық қасиеттің де көрінісі. Бұл – Мырзекеңнің өзі түлеп ұшқан, қабырғасында үздіксіз он жеті жыл қызмет атқарған университетінен тапқан асыл байлығының, сырлы қазынасының сөнбейтін жарығы, өшпейтін жарқылы. Ел ағасы ердің көркі осындай даналық болғанда, даналықтың көркі – қарапайымдылық, ал қарапайымдылықтың көркі – ақ терін ағызған адал еңбек. Мырзатай Жолдасбековтің ойы мен бойында осы үш көріктінің үшеуінің де сәулесі мен сәулеті бар. Сондықтан да Мырзекеңнің алды нұрлы, айналасы сәулетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?