Асыл мұра. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 7 сабақ.
Оқылым мәтіні:
Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
- ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.
- Х-ХІІ ғ. әдебиет. Бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. Ж.Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А.Яссауидің «Даналық кітабы», А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С.Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары Х-ХІІ ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары.
- ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын Орда не Хорезм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», Хорезмидің «Мұхаббат наме», Н.Рабғузидің «Қисса сул Әнбия», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», С.Сарайдың «Гүлстан бит түрк», Құтыбтың «Хұсрау-Шырын дастандары . Сонымен қатар Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ.Жалайыридың «Жамиғ ат тауарих», З.Бабырдың «Бабыр наме» шығармалары осы кезеңнің үлгілері.
Тезис (баяндаманың, лекцияның, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары)
Мәтінге тезис құрастыру дегеніміз – мәтінді ой бөліктеріне бөлу, негізгі ақпараттарды табу және оларды әр бөлім бойынша тезис түрінде қысқаша тұжырымдау.
Тезис – дәлелдеуді қажет ететін жағдай, ақиқат.
Тезис – қысқартудың күрделі түрлерінің бірі: абзацтың, дәрістің, баяндаманың негізгі ойын қысқаша тұжырымдау. Тезис мөлшері мәтіндегі ақпараттық түйіндермен сәйкес келеді.
Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.
Жинақы мәтін құрастыру жолдары
-Мазмұндық өңдеу:
-Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
-Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
-Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.
Оқушылар жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алады:
- Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
- Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
- Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
- Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.
Жинақы мәтін жазуға үлгі
Түпнұсқа мәтін | Жинақы мәтін |
Асыл арна Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді. | Кез келген халықтың өз тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы сонау ертеден бастау алады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?