Асыл мұра. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

7-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Асыл мұра

Оқу мақсаттары

Ж8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

 

  • мәтіндегі көтерілген мәселені болжайды;
  • жинақы мәтін құрастырады;

 Бағалау критерийі

тыңдалым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу

 

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: ұлыс дәуірі, ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

-Меніңше, сенің айтқаның дұрыс, дегенмен.....

- әрине...

-сайып келгенде...

-автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.

Жұптық тапсырмада асыл мұра болып табылатын көне түркі ескерткіштері туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды асыл мұраларымыз болып табылатын жазба ескерткіштерді құрметтеуге бағыттайды.

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет

 Бастапқы білім

Көне жазба ескерткіші туралы соңғы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта көне жазба ескерткіштер туралы білімдерін кеңейтеді.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

  • Берілген суретке зер салып қараңдар.
  • Суретте не бейнеленгенін айтыңдар.

Суреттерде қандай ақпараттар берілген?

  • Берілген суреттегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазыңдар. Ол үшін суреттегі ақпараттарды жұпта қайта оқып, жазылым түрін ақылдаса отырып анықтаңдар. Жазылым барысында сөздік қор, сөздік құрам ерекшеліктерін орынды қолданыңдар.

Интербелсенді тақта, тақырыпқа қатысты слайдтар, суреттер, кестелер, А4 парағы, оқулық

Сабақ ортасы

1-тапсырма.

Жазылым тапсырмасы.

  • Оқушылар мәтінді оқиды.
  • Оқылым және тыңдалым мәтіндерінің баяндау желісін сақтап, жинақы мәтін жазады. Жинақы мәтіннің аннотация немесе тезис жазу түрін таңдайды.
  • Жазылым барысында бас әріппен жазылатын күрделі- құрама атаулардың дұрыс жазылуын ескеру қажет.

2-тапсырма.

Оқушылар 1-тапсырманы орындағаннан кейін, негізгі ақпараттарды басшылыққа алып жинақы мәтін құрастырады.

Тезис (баяндаманың, лекцияның, хабарламаның қысқаша тұжырымдалған негізгі қағидалары)

Мәтінге тезис құрастыру дегеніміз – мәтінді ой бөліктеріне бөлу, негізгі ақпараттарды табу және оларды әр бөлім бойынша тезис түрінде қысқаша тұжырымдау.

Тезис – дәлелдеуді қажет ететін жағдай, ақиқат.

Тезис – қысқартудың күрделі түрлерінің бірі: абзацтың, дәрістің, баяндаманың негізгі ойын қысқаша тұжырымдау. Тезис мөлшері мәтіндегі ақпараттық түйіндермен сәйкес келеді.

Жинақы мәтін – бастапқы мәтіндегі негізгі идеялар мен ақпараттарды сақтай отырып, мәтін көлемін ықшамдау және өңдеу.

Жинақы мәтін құрастыру жолдары

-Мазмұндық өңдеу:

-Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.

-Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.

-Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.

Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету.

Оқушылар жинақы мәтін жазуда төмендегі мазмұндық өңдеуді басшылыққа алады:

  • Мәтінді мұқият оқу және негізгі, қосымша ақпараттарды анықтау; қосымша ақпараттарды сызып тастау.
  • Негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді, сөйлемдерді белгілеу.
  • Автор ойын, баяндау желісін сақтай отырып, мәтіндегі негізгі ойды ықшамдау.
  • Мәтін түпнұсқасының сілтемесін көрсету. Мысалы: Автор айтқандай..., ғылымның арқасында ..., Мәтінде «.....» берілген, т.б.

Жинақы мәтін жазуға үлгі

Түпнұсқа мәтін

Жинақы мәтін

Асыл арна

Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

Кез келген халықтың өз тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы сонау ертеден бастау алады.

Бағалау критерийі:

Бағалау критерийі

№ тапсыр

ма

Дескриптор

Білім алушы:

Балл

тыңдалым материалы бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу

1

мәтін бөлігіндегі ақпараттардан жинақы мәтін құрастырады

сөз тіркесінің түрлерін орынды қолданады

4

3

Барлығы 7

Дифференциация:

Барлық оқушылар қабілетті болады:

  • Диалогте ғылыми терминді орынды қолданады;

Көптеген оқушылар қабілетті болады:

  • ақпараттық мәтіннен қажетті мәліметті тауып, таалдайды;
  • Кейбір оқушылар қабілетті болады:

стиль түрлерін анықтап, тілдік құралдарын талдайды

http://alie-parusa.ucoz.ru/MO/MO_rus/gia-sistema-raboti-s-c1.pdf - жинақы мәтін анықтамасы, үлгілері (орыс тілінде)

http://kitaphana.kz/ru/downloads/referatu-na-kazakskom/239-tarikh/2800-kne-trk-zhazulari.html

Сабақтың соңы

  • «Идеялар галереясы»

Оқушылар өздерінің жазған тұжырымдарын (Асыл арналар) сынып қабырғасына іледі. Сынып оқушылар «Идеялар галереясын» аралап стикерге әр оқушының жұмысына кері байланыс жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу