Көне түркі жазба ескерткіштері. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

6-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көне түркі жазба ескерткіштері

Оқу мақсаттары

Т/А8.1.3.1 - тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • қажетті ақпаратты тауып, астарлы ойды түсінеді

 Бағалау критерийі

  • арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті жауап беру

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Орхон-Енесей тас жазуы, түрік қағанаты тарихы

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

Ғалымдардың зерттеуі бойынша..., тарихқа көз жүгіртсек, дегенмен, менің ойымша, біріншіден, қорыта айтқанда

Жұптық тапсырмада Көне түркі жазба ескерткіштері туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Бұл сабақ оқушыларды көне жазба ескерткіштер срын ұғынуға бағыттайды

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, география

 Бастапқы білім

Көне жазба ескерткіші туралы алтыншы сабақ. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта көне түркі ескерткіштері туралы мәтіндерден ақпарат тауып, тілдік қолданыста пайдаланады.

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

 Төменде берілген сұрақтарға оқушылар жұбымен ақылдасып жауап береді:

 

 1.Көне түркі жазба ескеркіші дегенді қалай түсінесің?

 2.Моңғолияда қандай өзендер болды (5-7ғ.ғ)?

https://www.youtube.com/watch?v=z58--Q6CCeo

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс кезеңі.

1-тапсырма.

Ж. Тыңдалым тапсырмасы.

«Көне түркі жазбалары» тақырыбында бейнефильм көреді. Тыңдалым мәтініне байланысты болжамдарымен салыстырады.

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма.

ЖЖ.

  • Төмендегі сұрақтардың көмегімен жұпта диалаог құрып, ой бөлісіңдер.
  • Сұрақтарды қойып, жауап беруде сұрақ қоюшы мен жауап беруші рөлдерін алмастырып отыруды ескеріңдер.

-Көне жазбаларға Страленбергтің қатысы туралы не білесің?

-Көне жазбалар қандай себептен «Руно» жазуы аталған?

-1893 жылдың 25 қарашасында қандай оқиға болды?

-«Тәңірі», «Түрік» сөздері туралы не білесің?

-«Күлтегін» жыры туралы мәтінде не айтылды?

Формативті бағалау

.Осы топ ұсынған 3 маңызды ақпарат, 2 қызықты ақпарат, 1 менің ұсынысым.

2-тапсырма.

Оқушылар тыңдалым мәтінідегі негізгі және қосымша ақпараттарды төмендегі кестеге толтырып, негізгі ақапартты басшылыққа алып, Көне түркі ескерткіштері жөнінде әңгімелеседі (жұптық жұмыс).

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

3-тапсырма.

Сынып оқушылары «Көне түркі ескерткіштері» тақырыбындағы мәтінді тағы бір рет тыңдайды және мәтіндегі бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды анықтап, орфографиялық нормаға сай жазады.

Үлгі. Өзен атаулары: Енесей, Орхон т.б.

4-тапсырма.

«Кезбе тілші» әдісі.

«Көне түркі ескерткіштерінің маңыздылығын қалай сақтап қалуға болады сұрағына ортақ талқылау жүргізіледі. Топтарда талқылау басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттасады. Сұхбаттасу немесе диалог құру барысында ғылыми терминдерді, ғылыми деректерді, жалқы есімдерді орынды қолдануы керек. Жинаған мәліметтерін өз тобының басқа мүшелерімен бөліседі.

Сұхбат жазудың алгоритмі:

  • сұхбат берушімен амандасу;
  • сұхбат алу мақсатымен хабардар ету;
  • сұхбат алу мақсатына орай сұрақтарды іріктеу;
  • сұхбат беруші үшін қолайлы тілдік қорды қолдану;
  • сұхбат берушінің жауабына қарай сұрақтарды өзгерту.

Әр топ бірін – бірі төмендегі бағалау критерийімен бағалайды:

Сұхбаттаушыға арнайы сұрақтар қою және қойылған сұрақтарға дәйекті

жауап беру

Дескриптор

Білім алушы:

терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданады

диалог, сұхбат барысында бас әріппен жазылатын күрделі құрама атауларды ауызша тілдік қолданыста дұрыс қолданады

Балл

4

3

Тіл мәдениетін сақтау

3

Барлығы 10 ұпай

5-тапсырма.

Көне түркі жазба ескерткіштеріне қатысты төменде берілген сөйлемдерді мағыналық жағынан сәйкестендіреді. Толық нұсқасы дидактика материалдарында.

Қазақстан жеріне алғашқы тайпалық мемлекет

соңғы үйсіндер дәуірінде (ІІІ – VI ғ) құрылды

Атақты ғалым Абел Ремюзеннің пікірінше

парсы әдебиетімен тығыз байланыста дамыды

Үйсіндер кейінгі Түркі қағанаты кезінде

Иранға, Византияға, Қытайға елшілік хат жазып жіберген, құлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған

Орхон жазуларымен түркі қағандары

Орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналған

Көне түркі жазбалары

үйсіндер Орхон жазуын пайдалана білген

https://www.youtube.com/watch?v=z58--Q6CCeo

Сабақтың соңы

«Идеялар галереясы»

 Көне түркі жазба ескерткіштері туралы өз тұжырымыңды жазып, сынып қабырғаларына орналастыр. «Идеялар галереясын» аралап, сыныптағы бір оқушының тұжырымдамасына стикерге кері байланыс жазып іліп қой.

Стикер,плакат



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу