Тарихи жәдігерлер. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.


5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Тарихи жәдігерлер

1 тапсырма мәтіні:

Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы» мемлекеттік кәсіпорнының жұмысымен көпшілік жақсы таныс. Оның мақсаты ғылымды, техникалық прогресті дамытуға, ғылыми жетістіктерді өмірге енгізуге ықпал ету. Мұнда ұлттық тарихи-мәдени және ғылыми мұраларды сақтап, көбейтуге, оларды одан әрі зерттеп, жан-жақты насихаттауға көңіл бөлінеді.  «Ғылым ордасындағы» бір ерекшелік – осында Қазақстан ғылымының тарихы, Сирек кездесетін кітаптар, Археология, Табиғат мұражайы деген төрт мұражай орын тепкен...

...Сирек кездесетін кітаптар мұражайының негізгі міндеті – Қазақстанда және шетелдерде сақталған ел тарихына, мәдениетіне, ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптарды бір орталыққа жинақтау, сақтау, зерттеу және дәріптеу; әртүрлі мәдени-тарихи жағдайлардағы олардың әлеуметтік рөлін, көне ғасырдан бері қалыптасқан отандық жазба мәдениетін жан-жақты көрсету. Мұражай қоры Орталық ғылыми кітапхананың көне қолжазбалар мен сирек кітаптар қоры негізінде жасақталды. Мұражай қорындағы XІII–XX ғғ. аралығындағы жазба мұралар таңдап алынып, «Ғасырлар қойнауындағы асыл мұралар» атты экспозиция жасақталды.Қолжазбалар қашанда елдің сан ғасырлық рухани, саяси өмірінен, мәдениеті мен тарихынан мол мәлімет беретін құнды жәдігер, ұлт мұрасы ретінде есептелген. Сондай құнды жәдігерлер қатарында мұражай экспозициясынан атақты шығыс шайырларының қазақ тілінде жырланған шығармаларын, Хакім Абайдың өлеңдер жинағын (М.Бікеұлының қолжазбасы), халық мұрасын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің этнографиялық материалдарын қолжазба күйінде көруге болады. Шағатай тілінде жазылған «Хандар шежіресі» (XVIII ғ.), Түркістан шеберлерінің «насталик», «насх» жазу үлгілерінде жазған қолжазба Құрандары мұражай көрмесінен лайықты орнын алды. Жаяу Мұсаның 1911-1918 жылдары жазған күнделігі, Кенен Әзірбаевтың өз қолжазбасы, Шәкәрім шығармаларының (ұлы Ахат Құдайбердиевтің) қолжазбасы және Құнанбайдың Омбы кадет корпусында оқып жүрген ұлы Халиоллаға 1885 жылы жазған хаты мұражайдың құнды жәдігерлері....

«Аа тілі» газеті 14 - маусым, 2012 ж, Алтынай Әубәкірова,«Ғылым ордасы» Сирек кездесетінкітаптар мұражайының қызметкері

3-тапсырманың толық нұсқасы:

..Қолжазбалар қашанда елдің сан ғасырлық рухани, саяси өмірінен, мәдениеті мен тарихынан мол мәлімет беретін құнды жәдігер, ұлт мұрасы ретінде есептелген. Сондай құнды жәдігерлер қатарында мұражай экспозициясынан атақты шығыс шайырларының қазақ тілінде жырланған шығармаларын, Хакім Абайдың өлеңдер жинағын (М.Бікеұлының қолжазбасы), халық мұрасын жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің этнографиялық материалдарын қолжазба күйінде көруге болады. Шағатай тілінде жазылған «Хандар шежіресі» (XVIII ғ.), Түркістан шеберлерінің «насталик», «насх» жазу үлгілерінде жазған қолжазба Құрандары мұражай көрмесінен лайықты орнын алды. Жаяу Мұсаның 1911-1918 жылдары жазған күнделігі, Кенен Әзірбаевтың өз қолжазбасы, Шәкәрім шығармаларының (ұлы Ахат Құдайбердиевтің) қолжазбасы және Құнанбайдың Омбы кадет корпусында оқып жүрген ұлы Халиоллаға 1885 жылы жазған хаты мұражайдың құнды жәдігерлері...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу