Шумер жазуы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
3-сабақ
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы | Мектеп: | ||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Шумер жазуы | ||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | Ж8.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазу | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Жазусыз өркениет болмасы анық , әлемиет дәуір, антикалық дәуір, ресми қағаздар Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: -Меніңше...., -Атап айтқанда..., -Қысқасын айтқанда.... Жұптық тапсырмада қарым – қатынастың маңызды бір құралы болып табылатын жазу туралы әңгімелеседі. | ||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды жазу тарихының маңыздылығын түсінуге бағыттайды | ||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет, өнер | ||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылардың көне жазба ескерткіші, күрделі –құрама атаулар туралы білімдері бар. Бұл сабақта шумер жазуы туралы ақпаратпен танысады және күрделі атауларды бас әріппен жазады. | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Қызығушылықты ояту: Сыныптың әр бұрышына мұғалім «Шумер жазуына» қатысты сөйлем немесе сөздерді ақ параққа жазып іліп қояды. Оқушылардың қолдарына сол сөз немесе сөйлемдердің жауабын немесе сұрағын карточкаға жазып береді (мысалы,1. Шумер жазуы қашан пайда болған? Жауабы: б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтарда Алдыңғы Азияда кең тараған көне жазу түрі. 2. . Шумерлердің 4-мыңжылдықтың 1-жартысынан 3-мыңжылдықтың басына дейін қайда мекендеген? Жауабы: Тигр мен Евфрат өзендері бойын мекендеген т.б.). Оқушылар сыныпты айналып жүріп, өзінің қолындағы тапсырмаға қатысты парақты табады. Барлығы тауып болған соң, бірлесе жүріп әр парақтың жанына барады. Өз парағының жанына келгенде, сол оқушы өзіне қатысты оқу материалын түсіндіреді. Бұл тапсырма жұпта орындалады. | Қажетті дәйексөздер | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы | Мәтінмен жұмыс кезеңі. 1-тапсырма. Алдымен, оқушылар «Шумер жазуы» тақырыбындағы мәтінді мұқият оқып, негізгі ақпаратты табады және сұрақтар құрастырып, топтық тапсырма орындайды. ... Ежелгі адамдардың алғашқы қонысы Африка, алғашқы өркениет ошағы Шумер мемлекеті болып табылады. Мемлекеттік құрылым, жазу-сызу, білім-ғылым, мәдениет-өнер – осының бәрі Шумерде бастау алып, өркендеген. Шумер мемлекетін құрғандардың этникалық негізі, олардың жазу-сызуының тілдік негізі, наным-сенімдерінің түбірі, батыстық зерттеулер үшін әлі күнге құпиясын ашпай келеді... 2-тапсырма. «Кереге диктанты» әдісі. Сынып оқушылары 4-6 топқа бөлінеді. Әр топқа мәтіні бар түрлі-түсті парақ беріледі. Парақтарды оқушылар отырған жерден аулағырақ қабырғаға ілесіз. Оқушылар қабырғадағы мәтіндерді (Сына тәріздес сызықшалардың үйлесімді жиынтығы болып табылатын шумер жазуларына қатысты деректер мен сандық ақпараттарды т.б.) мейілінше жылдам өз дәптерлеріне түсіреді. Әр топтан бір адам мәтіндеріне барып, оның бір сөйлемін оқып, есіне сақтап, содан кері өз тобына келіп, басқаларға оқып беруі тиіс. Топтың басқа мүшелері оған кез-келген сұрақ қоя алатынын ескертіңіз. Оқушылар кезекпен керегедегі парақта жазылған мәтіннің бір сөйлемін тобына есіне сақтап әкеліп жазғызады. Бір оқушы қайтып оралып әкелген ақпаратын айтып жатқанда, келесі оқушы қабырғадағы мәтінге бет алуы керек. Оқушылардың жазбаларында кемістік болуы қорқынышты емес. Олар қалдырып кеткен жерлерді артынан түпнұсқа мәтінмен салыстыра отырып толықтыра алады. 3-тапсырма. Жаңа білімді игеру Бұл тапсырманы орындауда мұғалім әрекеті басым болады, себебі оқушыларға жинақы мәтін туралы жан-жақты түсіндірілуі қажет. Мысалы, Жинақы мәтін құрастыру жолдары:
қайталауларды жалпылауыш сөздермен алмастыру; сөздерді синонимдермен алмастыру; бірнеше жай сөйлемді бір құрмалас сөйлемге немесе құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру. 4-тапсырма. Оқушылар 1-тапсырмадағы «Шумер жазуы» мәтінінен алынған негізгі ақпаратты басшылыққа алып, мәтін көлемін барынша қысқартып жинақы мәтін құрастырады және өзара бағалайды.
Үлгі:
Жұптық бағалау: жинақы мәтінді төмендегі критериймен бағаланады.
Шумер жазуы туралы ақпараттармен танысып, зерттеу | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Неге?Неге?Неге? әдісі. Оқушылар шеңберді айналдыра тұрып, бүгінгі сабақтың түйінді идеяларын еске түсіреді. Осы сабақта не үйренгендерін айтып, сөйлемдерін «неге?» деген сұрақпен аяқтайды. Келесі оқушы сол сұраққа жауап беріп, жауабын «неге?» деген сұрақпен аяқтауы тиіс. Үлгі: 1-оқушы: Адамдардың қарым – қатынас жасауын қамтамасыз етуде жазудың маңызы мен қызметі зор. Неге? 2-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 3-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? 4-оқушы: -------- --------- ---------- Неге? | Неге сөзі жазылған парақша |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?