Көне түркі жазуларының зерттелуі. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 2 сабақ.


1.https://massaget.kz/forum/viewtopic.php?f=142&t=11714

2. Классикалық зерттеулер VI том, Алматы «Жазушы» баспасы

3. http://oldconf.neasmo.org.ua/node/2049

КӨНЕ ТҮРКІ ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Автор:

Чукуров Асхат (Казахстан, Астана)

Қазақстанның ортағасырлық археология тарихы өте теренде жатыр. Ғалымның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеуіне негіз болған ойлардың бірі қазақ халқының пайда болуын, тарихын, мәдениетін жан-жақты зерттеу мен зерделеу болды. Осы бағытта ортағасырлық ескерткіштерге археологиялық зерттеулер жүргізу арқылы сол уакыттағы халықтардың тыныс-тіршілігінен, сол уақыттың мәдени және саяси өмірінен мол мағұлматтар аламыз. Отандық ғылымда Ә. Марғұланның ортағасырлық ескерткіштерді зерттеулерде алар орны ерекше. Оның жан-жақты ғылыми-зерттеу еңбектерінде ортағасырлық Қазақстандағы қыпшақтардың этно-мәдени құрылысы мәселесі жоғары орын алады. Болашақта қазақ халқының этноқұрылымында қыпшақ мәселесі негізгі кілті болатыны сенімді болған Ә.Х. Марғұлан бүл мәселені жан-жақты қарастырып отырды. Ол қыпшақтану саласында көрнекі із қалдырды.

Шығыстанудың ленинградтық классикалық мектебінен алған білім оның мұсылман әлемінің жазбаша ескерткіштерін: араб, парсы, ежелгі түрік жазбаларын түпнұсқадан оқуына мүмкіндік жасады. Ол ортағасырлық: Ибн Хордадбех, Ибн әл-Факих, Гардизи, әл-Идриси, Бируни, Махмұт Қашқари, Закрия Казвини, Жамал Кашри, Ауфи және басқа да көптеген авторлардың еңбектерін ғылыми айналымға қосты.

Ғұлама ғалым жас ғалымдар мен аспиранттарына тарихи деректерді рет-ретімен қарауға, қол жетерлік барлық жазба ескерткіштерді қамтуға, әр уақыттағы, әртүрлі бағыттағы және кей уақытта бір-біріне карама қайшы келетін пікірлерді анықтауға әрқашанда жол сілтеп отырды. Ә.Х. Марғұлан қыпшактануда айқын із қалдырды, - деп баға берді ҚР ҰҒА академигі Көмеков Б.Е.

Қыпшақ мәселесін зерттеушілерге Қазақстан қыпшақтануының негізін қалаған Ә.Х. Марғұланның ғылыми ойларын айналып өту мүмкін емес. Ол кыпшақ тайпаларының (қыпшақ, кұман, қимақ) тарихын зерттеушілерге әл-Идрисидің (XII ғ.) географиялық шығармасындағы зерттеулерге көп көңіл бөлу қажеттігін айтып отырды.

«Қыпшақ тарихы» - Ә.Х. Марғұланның басты арманы болды деді көрнекті ғалым Л. Кызласов езінің академик жайлы жазған «К портрету ученого и человека» [1, 125]- деген мақаласында.

Ә.Х. Марғұлан XIV ғ. бірінші жартысы деп танылған - Нұрадағы қыпшақ қабірін ашты. Бұл қыпшақ қабірі жөнінде 1959 жылы жан-жақты зерттей келелі мақала жариялады.

Ал академиктің басты мақсаты болған ежелгі түркі тақырыбын оның үш оқушысы жалғастырды. Олар С.М. Ақынжанов - қыпшақтар жөнінде бағалы еңбек қалдырды, Б. Е. Көмеков - араб және парсы деректері бойынша қимақтар мәселесі және А.Ш. Қадырбаев - ХІІІ-ХІУ ғғ. түріктер мен ирандықтар жайында ортағасырлық қытай деректерін сөйлетті.

Академик ғалымның тағы бір басты көңіл бөлген мәселесі Орта ғасырдағы тасқа жазылған таңбалар сыры. Ол өзінің «Тамғалы тас сыры» атты мақаласында өзіне дейінгі зерттеген ғалымдардың байқауынша топталған таңбалар бір замандыкі емес, талай ғасырлар ішінде түсірілген деп жазып, өзіне дейінгі жазылған әртүрлі еңбектерге талдау жасап, тас сырын ашуға тырысты.

Тастағы тамғалармен қатар тағы бір археологияға байланыстырып зерттеген тақырыбының бірі тарихи дәуірдегі қазақ тайпаларының жазу мәдениеті тақырыбы болды. «Тарихи дәуірдегі қазақ тайпаларының жазу мәдениеті» [2, 7] атты мақаласында ғалым Қазақстанның жазба мәдениеті мәселесін тарихи тұрғыдан қарастырды. Тарихи заманнан, неше ғасыр бойы үсті-үстіне топталып келе жатқан «көк тастағы», «кұлпы тастағы» жазулар - қазақ халқының білімді, ой-сананы, жазуды жақсы кергенін, оған аса ынта қойғанын, аса жарқын түрде суреттейтін бір ашық дәлел деп Ә. Марғұлан өз халқына «жазуы болмаған ел» деген атау еш анықтыққа келмейтінін, үстіртін айтылған пікір екендігін деректермен дәлелдеп көрсетті.

Қола дәуірінде, ертедегі кешпенділер заманында ежелгі тайпалардың мифологиялық сюжеттері мен аңыз әңгімелерінің негізінде жасалған көп пішінді композициялар пайда болған. Орта ғасырлардағы жартасқа сурет салу өнері бұрынғы қалыптасқан дәстурде дамыды. Бұл заманның суреттері көне петроглифтердің үстіне салу да жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда олардың жасы дәуірге тән белгілер мен сюжеттер және суреттер бояуы арқылы анықталады. Сурет неғұрлым көне болса, бояуы күңгірттене түседі. Кейбір ортағасырлық петроглифтердің жанында жазулар кездеседі. Кейінірек қазақтар өмірінің этнографиялық сюжеттерін бейнелейтін петроглифтер пайда болды.

Көне заман суретшілерінің ашық аспан астында галереялар жасауы таңғаларлық жағдай. Қазақстанныңтасқа салынған гравюралары, ата-бабаларымыздың бізге қалдырған ұлы мұрасы - көне заман жайында дерек беретін даусыз жәдігер. Қазақстан жеріндегі петроглифтердің барлық өлкелерде кездесуі, жасау шеберлігімен, сюжеттік байлығымен таң қалдырады. Ертедегі суретшілердің туындыларынан жабайы аңдардың бейнелерін - құлан, сайғақ, елік, арқар, марал, ертедегі бұқа - тұр, барыс, қасқыр, жабайы жылқы бейнелерін кездестіреміз. Жануарлар жанды қимыл үстінде көрсетілген. Ертедегі шеберлер қос өркешті түйенің тәкаппар келбетін, тұлпарлардың сымдай сымбатын, бұғы мен сайғақтың әсемдігін, барыстың серіппеше атылуға әзір тұлғасын көрсете алған. Әсіресе аңшылық көріністері, жануарлардың арпалысы, батырлардың жыртқыштармен жекпе-жектері бейнеленген гравюралар өте қызықты. Жартастардағы суреттерден ертедегі малшылардың, темір қорытушылардың, көшпелі керуеншілердің өмірінен деректер беретін сызбаларды да керуге болады. Түйелі керуендер мен салтаттылар топтары бейнеленген петроглифтердің сюжеттері қазақтардың Желмая жайлы көне аңызымен үндеседі (Ұлытау, Бұланты, Білеуті, Абыралы және басқалары).

Гравюраларды гранит, порфир, диорит, құм тас, сланец-филлит беттеріне салған. Орындау техникасында үш әдіс: нуктелеу, сызу, бояу қолданылған. Қайталанбас қызықты ескерткіш - Шет ауданындағы Тесіктас үңгіріндегі қызыл жіп сызықпен белдеуленген көне заман бүқасының суреті. Мұнда жоғарыда аталған үш әдіс те қолданылған. Бұл гравюраны ең алғаш қырқыншы жылдары (XX ғ.) Әлкей Марғұлан зерттеген. Сарыарқа аймағында кездесетін петроглифтері мен суреттері «маманданған дараланған суретшілер мен граверлардың шығармашылық әрекеттерімен байланысты жасалған»’[3, 57 ].

Жақсы Қызылтау (Шет ауданы) және Теректі тауларында (Жезқазған ауданы) көне заман өнерінің тамаша ескерткіштері, ең ертедегі жартасқа салынған суреттер мен гравюралар кездесті. Бұл суреттер салыну әдісі мен сюжеттеріне қарағанда қола дәуірінің алдыңғы кезеңіне жататын сияқты. Ертедегі бұқа, тур, жабайы жылқы және басқа да жануарлар нүктелеп қашау немесе жиектеп сызу әдісімен жасалған. Гранит жартастың көлемді жарық жер бетіне суретші жыртқыш аңдардың айқасын, аңшылық, тұрмыс сахналарын бейнелеген. Теректі аңғарындағы петроглифтер Сарысу өзенінің оң жағалауынан 40 км жердегі гранитті қарымның ұшар басында орналасқан.

Мұнда жабайы құландар үйірі ертедегі бұқа, турлар, жабайы жылқылар және адам бейнеленген. Теректі аңғары тек қана жартас суреттерімен ғана емес, ежелгі заманнан қалған палеолит заманының үңгірлерімен, қоныстарымен, жерлеу құрылыстарымен де белгілі.

Тесіктас үңгірінің төбесінде бұқа-тұрлар салынған. Әдеттегіше жартастардағы суреттерде бұқаның басын төмен салып, тыныш тұрған күйі де бейнеленген. Бұқаның басы, мықты мүйізі әжептәуір дәлдікпен салынған, денесінің мығым келген кеуде жағы өркешімен жақсы көрсетілген. Баянауыл, Тесіктас және Бұқтырма үңгірлеріндегі суреттер қызыл охрамен салынған.

Ұлытаудың оңтүстік батыс баурайында гранитті жартастарда көшпелі тұрмысты, түйелі керуенді (кейбірі жетілген), ат, түйе, шабандоздарды, жайылымдағы жылқы үйірін, сонымен қатар жабайы аңдарды: арқарларды, таутекелерді, құландарды тағы басқаларды анықтап көрсеткен нүктелі әдіспен қашалған петроглифтер бар. Ұлытау ауданында, ескі қазақ қыстауы Ұсабайқоңның жанында Сарылық өзенінің жағасындағы жартастарда кұландар, таутекелер, жылқы үйірі, жеке жегілген екі өркешті түйе бейнеленген петроглифтер бар (олардың саны жиырма шақты).

Жартас гравюраларының үлкен тобы Бұланты өзенінің жартасты жағалауында орналасқан. Көптеген жануарлар суреттерінен, аңшылық сахнасынан тұратын ондаған метр жерге созылған петроглифтердің ішінде біреуі жетілген түйелі керуен де бейнеленген, кейбір жануарлар тыныш күйде, бір бөлігі қозғалыс үстінде. Петроглифтердің көп бөлігі біздің заманымызда адам аяғы жете алмайтын қиын жерлерде, биіктігі 200 м қайқаған қия жартастарда орналасқан. Шөл антабы күйдірген жартас беттерінде суреттердің ақшыл жиек сызығы жақсы байқалады.

Адамның болғандығының белгілері Бетпақдаланың оңтүстік шығыс бөлігінде Майжарылған, Жамбыл, Арқарлы, Өгізтау тауларының аумағында байқалады [4, 108]. Гранит жартастардың жарықшақтануынан көптеген бүлақ, бастаулардың арқасында осы арада Бетпақдаланың негізгі оазистерінің бірі орналасқан. Жер асты суларының мол қоры мен ұланғайыр жайылымды жердің болуы аумақтық және экономикалық жағынан Орталық Қазақстанмен қатар Шу өзенінің орта ағысындағы аңғарлармен байланысқан бұл аудан көшпелі малшыларға ұзақ уақыт тұрақты қоныс болған. Бетпақдаланың шығыс, оңтүстік шығыс аудандары көші-қон кезінде керуендердің өтуі, демалу орны болғанымен өзінің ескерткіштерінің ерекшеліктерімен де белгілі. Жамбыл және Майжарылған тауларының маңында ертедегі көшпенділердің қорғандары, осы маңда өмір сүрген тайпалардың көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұштастырғанын дәлелдейтін шағын су шығару құрылыстары бар.

Ертедегі адамның санасында Көк Тәңірге, күн мен айға, басқа да табиғат құбылыстарға табыну басым болған. Петроглифтерде мифологиялық сюжеттер, діни нанымдар, әдет-ғұрып сахналары - «Көкке табыну», «Кунге сиыну», «Көк Тәңірге жол тарту», «Құрбандық шалу салты», «Ата-бабалардың киелі ағашының түбінде құрбан шалу», «Жылқы пірі – Қамбар ата», «Түйе пірі - Ойсылқара», «Қымыз мұрындыққа байланысты бір ғұрыптық көрініс» бейнелеген. Бір петроглиф ерекше таң қалдырады. Онда нанымсенімдік сахна бейнеленген: қүрбандыққа шалынатын жылқылардың алдында аласұра билеп жүрген бақсы аспан құдайлары пішінділері мен билеп жүрген адамдардың ортасында бейнеленген. Солтүстік Балқаш өңірі мен Шу-Іле тауларындағы петроглифтер ерекше қызық. Бір сюжеттерінде көшпенділердің діни сенімдері мен олардың өміріндегі әдеп-ғұрыптық сахналарын көреміз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу