Көне түркі жазуларының зерттелуі. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Қысқа мерзім жоспары
2 –сабақ
Бөлім тақырыбы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты -жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Сабаққа қатысушылар: Қатыспағандар: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Көне түркі жазуларының зерттелуі | ||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | О8.2.2.1 - публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||||||||||
Тілдік мақсат | Пәннің лексикасы мен терминологиясы: «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар, грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар т.б. Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс: -Сөздің түйініне тоқталсақ..., - Ең алдымен.. -Дегенмен... -Әрине, келісемін, бірақ.... Жұптық тапсырмада көне түркі жазуы туралы әңгімелеседі. | ||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Бұл сабақ оқушыларды түркі жазуларының зерттелуін қарастыруға бағытталады | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар көне жазба ескерткіші туралы ақпаратпен таныс. Оқушылар бұған дейін қазақ әдебиеті, тарих пәндерінен Орхон –Енесей жазба ескерткіштері туралы хабардар. Бұл сабақта күрделі-құрама атауларды Көне түркі жазба ескерткіштері және зерттелуі туралы мәліметтерді мәтіндерден анықтап, орфографиялық нормаға сай қолданады. | ||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Қорлар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы |
| Жауап парағы | |||||||||||||||||
Сабақ ортасы | 1-тапсырма. Оқушылар төмендегі мәтінді мұқият оқып, ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай қай саланың арнайы терминдері қолданғанын анықтайды. ... Сібір және Монғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді.... 2-тапсырма. Оқушылар Көне түркі жазуларының зерттелуі туралы мәтінмен жеке танысқаннан кейін, төмендегі сұрақтарға жауап беріп, түркі жазуының құпиясы жөнінде жұбымен пікірлеседі:
3-тапсырма. Оқушылар төменде берілген екі мәтінді салыстырып, публицистикалық және ғылыми стильдің айырмашылықтарын анықтайды.
1-мәтін: ...Екі күнге ұласқан форумда Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей және өзге де түркітілдес елдерден келген ғалымдар мен отандық мамандар «Түркі жазуы: өткені, бүгіні және болашағы» және «Ортақ тарих: теориялық-методологиялық мәселелері» атты секциялар бойынша баяндамалар жасап, пікір алысты. Жиын аясында Түркі академиясының шығарған еңбектерінің таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, кеше Түркі академиясы Ресей Ғылым академиясындағы Уфа ғылыми орталығымен меморандумға қол қойды. Жиын қорытындысы бойынша түбі бір түркі жұртының ортақ қазынасы түркі жазуына алдағы күндері атқарылуы тиіс шаралар көрсетілген байланысты арнайы қарар қабылданды. Айгүл СЕЙІЛОВА, «Егемен Қазақстан».https://egemen.kz/article/asyl-mura 2-мәтін: … Рас түрік ру–тайпаларынң бұл тұстағы әдебиеті араб әрпімен, араб тілінің ықпалымен жазылды. Бірақ араб әдебиеті болып кетпеді. Өздерінің ежелгі әдебиетінің жалғасы, жаңа жағдайдағы жаңаша өсіп–дамуы болды. Түркі тайпалары мен ұлыстарының ертедегі әдеби нұсқаларынан «Оғыз–Нама», «Мұхаббат нама» деген шығармаларды зерттеген түрколог ғалым А.М.Щербак: «бұлардың алдыңғысы ІХ ғасырға, ұйғыр дәуіріне, екіншісі ХІІІ ғасырға, араб, моңғол билеген дәуірге жатады. Бірақ екеуінің тілдік, әдебиеттік негізі бар. Екеуі бір әдеби дәстүрдің екі дәуірін сипаттайды» дегенді айтады… Классикалық зерттеулер VI том, Алматы «Жазушы» баспасы
Бағалау критерийі: Әр жұп өз тапсырмаларын төмендегі критерийлермен бағалайды:
Грамматикалық тапсырма: Бас әріппен жазылатын күрделі – құрама атаулар туралы оқушыларға кеңірек түсіндіріледі. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай төрт түрлі болады: біріккен сөздер (Жетісу, Ақорда), қос сөздер (үлкен-кіші, аяқ-табақ), қысқарған сөздер (ТМД, БҰҰ), тіркесті сөздер (шұбар ат, қара көк, жүз бес). Күрделі сөздер, бір жағынан, сөз тудырудың (сөзжасамның) белгілі жолдары (біріктіру, қосарлау, тіркестіру) арқылы жасалған жаңа сөздер болса, екінші жағынан, күрделі түбір, яғни түбірдің бір түрі болып табылады. 4-тапсырма. Төмендегі сөздердің тиістісін емлеге сай бас әріппен жазу керек: Мысалы, шекшеката, қазақстан республикасының ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, инновациялық евразия университеті, тәурат, леонардо да винчи, түрксіб темір жолы, қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі, еуразия ұлттық университеті, орхон-енисей жазбалары, в.томсен,руна жазуы, есік қорғаны. | ||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Ойтолғаныс: Сабақтың соңында оқушылар: Топтарға тақырыптың түйінді сөздері таратылады (Мысалы, күрделі сөз, руна жазуы, , күрделі ттарихи жәдігер т.б.). Топтың бір мүшесі сөздерді араластырып оқиды. Тыңдаушылар тақырыптың түйінді идеясынан ауытқымай, түйінді сөздерді қатыстырып, әңгімелеседі. Сабақ соңында оқушылар төмендегі кестеге өз ойларын жазады.
| Қажетті сөздер жазылған парақша, А4 парағы |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?