Көне түркі жазбалары. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 1 сабақ.


1.https://www.youtube.com/watch?v=e2eO_Xkkw6c

Көне түркі жазбалары

2. ЕРҒАЛИЕВ ҚУАНЫШ СОВЕТҰЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯСЫ МЕН ПУНКТУАЦИЯСЫ «Оқу құралы»

3. http://dereksiz.org/aza-edebietini-ejelgi-deuiri-kone-trki-eskertkishteri.html

Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі: көне Түркі ескерткіштері

Кез –келген халық, ру, тайпа ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілді түркі халқының да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы ҮІ ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті ҮІ-ХҮ ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру-тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.

ҮІ-ІХ ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» туралы құлыптастарға қашап жазылған жырлар, сондай-ақ, «Оғыз-наме» дастаны мен «Қорқыт ата кітабы», Әбу-Насыр Әл-Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.

Х-ХІІ ғ. әдебиет. Бұл қараханид түріктерінің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. Ж.Баласағұнның «Құтты білік», М.Қашғаридің «Түркі тілінің сөздігі», А.Яссауидің «Даналық кітабы», А.Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», С.Бақырғанидың «Хакім ата», «Жұбан ана», «Әулие Мария» туындылары Х-ХІІ ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары.

ХІІІ-ХІҮ ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын Орда не Хорезм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: «Кодекс куманикус», Хорезмидің «Мұхаббат наме», Н.Рабғузидің «Қисса сул Әнбия», Дүрбектің «Жүсіп-Зылиха», С.Сарайдың «Гүлстан бит түрк», Құтыбтың «Хұсрау-Шырын дастандары . Сонымен қатар Х.Дулатидің «Тарихи Рашиди», Қ.Жалайыридың «Жамиғ ат тауарих», З.Бабырдың «Бабыр наме» шығармалары осы кезеңнің үлгілері.

Б.з.б. 1 мың жылдықтың басында Орта Азия мен Қазақстан далаларын сақтар мекендеген. Сол сақтардың Солтүстік тобы түркі тілдес, ал оңтүстік тобы иран тілдес тайпалар болды. Бұлардан кейінгі тарихта белгілі үйсіндер мен қаңлылар да түркі тілінде сөйледі. Түркі қағанаты тұсында түркі тілінің өрісі кеңейіп, негізгі тілге айналды. Бұрын иран тілі тобына енетін тілдерде сөйлейтін халықтармен аралас-құралас болып, енді түркі тілінде сөйледі. Түркі тілінің әр түрлі диалектінде сөйлейтін тайпалық ұлыстар бір-бірімен үздіксіз экономикалық, мәдени-байланыс жасап,қатысып тұрды.

Соның нәтижесінде бұл екі топтағы тілдер бір – біріне ықпал жасап келген. Батыс түрік қағанатында түрлі диалектідегі көне түрік тілдерімен қоса соғды тілі мен жазуын да пайдаланған. Өйткені түрік қағандарының ордасында соғдылықтар да түрлі лауазымды қызмет атқарған. Сөйтіп, түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде түрік таңбаларына ұқсас келетін түрік жазуы пайда болды. Бұл жазу түріктердің тілінің фонетикалық ерекшеліктерін дәл жеткізген. Бұл «руна» жазуы деп аталды. Скандинавия тілінде «рунь-құпия» деген ұғымды білдірді. Өйткені ХҮІІІ ғ. 20-жылдарында Орхон-Енисей аңғарынан табылған көне түрік жазуын көпке дейін ешкім оқи алмаған. Бұл жазудың сырын В.Томсен ашпастан бұрын Орхон-Енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы ХҮІІ ғ. ІІ жартысында басталды. Ең алғаш 1662 ж. Орхон-Енисей жазуы жөнінде хабар еткен ғалым Витзен болатын. 1697 жылы Тобыл қаласында Ремезовтың «Сібір қалаларының шөл далалары мен таулы жерлерінің чертежі» еңбегі жарық көрген. Сол еңбекте Талас бойындағы «Орхон тасы» деген жер аталған. Орхон-Енисей ескерткіштері үлгілерінің алғашқы жарық көруі Сібірде 13 жыл айдауда болған Табберт-Страленгбергтің атымен тығыз байланысты. Оның 1730 Стокгольмде неміс тілінде басылып шыққан «Европа мен Азияның солтүстік және шығыс бөлімдері» еңбегі көне ескерткіштер туралы мағлұмат береді.

Сондай-ақ 1721-1722 ж. Сібір өлкесін аралаған Миссершмидтің күнделігінде көне түркі жазуларының үлгілері туралы деректер келтіріледі. 1793 жылы Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін жариялады. Осы кезден бастап, оларды жинау, бастыру қолға алынды. «Сібір хабарлары» деген журналда Спаскийдің «Сібір естеліктерінің жазбалары» еңбегі жарияланды. Бұл еңбек латын тіліне аударылып, шетел ғалымдарына белгілі бола бастады. Осы еңбекті белгілі ғалымдар Гумбольдт пен Ремюза жоғары бағалап, көлемді мақалалар жариялаған. Олардың орысша аудармалары 1825 ж. «Азия хабарлары» журналында бастырылған. 1887-88 ж. фин елінің ғалымы Аспелин арнаулы экспедициямен Енисей өзені бойындағы жазуларды зерттеп, қорытынды экспедиция материалдары 1889 ж. Гельсенфоргте «Енисей жазбалары» деген атпен жарық көрген. Бұнда 32 жазу таңбасы, 8 фотосуреттер қамтылған. 1889 ж. Ядринцев бастаған орыс экспедициясы Монғолиядағы Орхон өзені бойынан екі үлкен ескерткіш тауып, тюркология ғылымына үлес қосқан. Олар Күлтегін мен Білге қағанға арналған ескерткіштер. 1890 ж. Гейкель және 1891 ж. Радлов басқарған экспедициялар Монғолияға барып, Орхон-Енисей бойындағы ескерткіштерді зерттеген. Осы жазулардың сырын ашып, оқып, қай халықтікі екенін анықтау ғалымдарға міндет жүктеді. Белгісіз жазуларды оқып, талдау даниялық ғалым В.Томсенсеннің үлесіне тиді Ол алдымен ескерткіштегі кейбір таңбалардың басқа екінші бір таңбалармен қатар келетін және келмейтін ерекшеліктеріне назар аударды. Бұдан ол көне түркі жазуындағы дауысты дыбыстардың қолданылуына байланысты жуан және жіңішке айтылатын екі жүйе бар екендігін анықтады. 1893 ж. 15 желтоқсан күні Дания королінің ғылыми қоғамы мәжілісінде жасаған өзінің 15 беттік баяндамасында сол күнге дейін белгісіз болып келген жазулардың кілтін тауып, оның түркі халықтарының төл жазуы екендігін дүние жүзіне дәлелдеген. Томсеннің бұл еңбегін В.Розен 1894 ж. орыс тіліне аударып, бастырып шығарды.

Томсеннің екінші еңбегі 1896 ж. Гольсингфоргте жарық көрген. Ол өз еңбегінде Орхон-Енисей алфавитінің пайда болуы, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді бір-бірінен ажырататын қос нүкте жөнінде деректер берген, және ҮІ-ҮІІІ ғ. түркі тайпалары және олардың әдет-ғұрыптары жөнінде мәлімет береді. Орыс ғалымы Радлов алғаш «Күлтегін» мен «Білге қаған» ескерткіштерінің тілі біркелкі емес, оның құрамында говорлар бар. 1912 ж. «Түркі ескерткіштерінің тілі» еңбегінде ескерткіштер тілінде 3 диалектілік ерекшеліктер бар деген. Олар:

1. Ежелгі солтүстік диалектісі ( түркі тілдері жатады)

2. Ежелгі оңтүстік диалектісі (ұйғыр)

3. Аралас диалекті ( батыс және шығыс көне түркі тілдері)

Сонымен қатар Мелиоранский да тюркология саласында 40-тан астам еңбек жазған. Соның бірі Күлтегін ескерткішін зерттегені. Ол 140 беттен тұрады. Мұнда ғалым ескерткіштердің зерттелуіне, түркі тайпаларының тарихына, дауысты, дауыссыз дыбыстардың қолданылуына, лексикалық ерекшеліктеріне, Күлтегіннің орысша аудармаларына, траскрипциясына көңіл бөлген.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу