Көне түркі жазбалары. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 1 сабақ.
1 -сабақ
Сабақтың тақырыбы: Көне түркі жазбалары
Бас әріптің қолданылуы.Бас әріппен жазылатын сөздер:
Жалқы есімдер: Павлодар, Манас
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет аттары мен құрметті атақтар: Президент Әкімшілігі Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атауларының әр сөзі Қазақстан Республикасы Нүкте, сұрау, леп белгілерінен кейінгі сөйлемнің бірінші сөзі, өлеңнің әрбір жолы Жанұя – шағын мемлекет. Мен – президент, сен – премьер. (Қ.Аманжолов)
Кісі аттарымен қабаттаса айтылатын тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан келсе Жаяу Мұса, Ер Төстік Корея, индонезия, бирма, тайланд т.б. халықтардың аты-жөндерінің әрбір сөзі Ким Ир Сен, Хо Ши Мин
Бас әріптермен қысқарған сөздер БҰҰ, ТМД
Түрлі мекемелер, білім-ғылым орындарының т.б. күрделі атауларының бірінші сөзі Павлодар мемлекеттік университеті
Мифологиялық «иелердің», «құдайлардың», «әулиелердің» аттары Ойсылқара Мал, құс, ит т.б. қойылған аттар Ақбоз, Тайбурыл
Маңызды тарихи дәуірлер, революция, уақиғалар, мерекелердің аттары Ұлы Отан соғысы Бұрынғы ордендердің аттары Қызыл Жұлдыз ордені
Ресми құжаттардағы шартты атаулар Жоғары мәртебелі Президент мырза Аса маңызды құжаттардың аттары Тіл комитетін құру туралы жарлық Ордендер мен медаль аттары және құрметті атақтардың бірінші сөзі «Ардақты ана» ордені Кітап, газет, журнал аттары «Қартқожа» романы Көше, алаң, парк, шоссе, көпір, жол т.б. аттарының бірінші сөзі Жібек жолы көшесі Рудың аты жалқы есімнің алдынан келетін тұрақты эпитеттің орнында жұмсалса Қызылқұрт Теке би, Қаракерей Қабанбай.
2. Ескерту. Мифологиялық, қиял-ғажайып бейнелердің тегін, затын білдіретін атаулар кіші әріппен жазылады: пері, ібіліс, періште, шайтан, дию. Титулды білдіретін сөздер жалқы атаудың алдынан келсе, бас әріппен, соңынан келсе, кіші әріппен жазылады: Әмір Темір, Ағатай хазірет. Найман, керей, албан, арғын, адай, қыпшақ, үйсін т.б. рулардың ішкі жіктерін көрсететін атаулардың жалқылық сипаты басым болғанса, бірінші сөзі бас әріппен жазылады: Сары үйсін, Көлденең қыпшақ т.б.
3. Төмендегі шығармаларды емле ережесі бойынша жазып, авторларын анықтаңыздар.
«асыл арналар»,«кең өріс», «ақбілек», «жапандағы жалғыз үй», «шұғаның белгісі», «бақытсыз жамал», «үркер», «жас түлектер», «құлагер», «бай баласы мен жарлы баласы», «москва үшін шайқас», «оянған өлке», «ақ жайық», «көшпенділер», «батыр баян», «қызыл жебе», «каһарлы күндер», «ботагөз», «қилы заман», «тар жол, тайғақ кешу», «қалың мал», «аласапыран», «инеш», «қан мен тер», «алтын сақина», «қамар сұлу».
Шығармалардың авторлары: Ғ.Сланов, Ә.Әбішев,М.Жолдасбеков, Т.Ахтанов, С.Жүнісов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Шаймерденов, Б.Момышұлы, Қ.Есенжанов, І.Есенберлин, Ш.Мұртаза, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, Ә.Нүрпейісов, Қ.Кемеңгеров, С.Торайғыров, Ғ.Мүсірепов, М.Әуезов, С.Көбеев, С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, Ы.Алтынсарин, М.Дулатов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?