Көне түркі жазбалары. Қазақ тілі, 8 сынып, презентация. 1 сабақ.
Көне түркі жазбалары
Оқу мақсаттары:
8.1.1.1 - мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау;
8.4.1.1 - тақырып бойынша бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақтың мақсаты:
1.Күрделі-құрама атауларды орфографиялық нормаға сай жазу дағдыларын дамыту;2.Мәтіннен алынған дәйексөздерді түсініп, айтылмақ ойды одан дамытып, болжам жасауБерілген тірек сөздерді басшылыққа алып, тыңдалым мәтінінің мазмұнына болжам жаса
Асыл арналар
Көне жазбаларға Страленбергтің қатысы туралы не білесің?
-Көне жазбалар қандай себептен «Руно» жазуы аталған?
-1893 жылдың 25 қарашасында қандай оқиға болды?
-«Тәңірі», «Түрік» сөздері туралы не білесің?
-«Күлтегін» жыры туралы мәтінде не айтылды?
-Көне түркі ескерткіші туралы алғашқы мәліметті кім айтты? Қандай дәлелге сүйенді?
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер
Тыңдалым мәтініндегі туындаған мәселені анықтап, кестені толтыр
Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары географиялық атаулар, діни атаулар жануарлар атаулары, аспан денелерінің атаулары, тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары, рухани нысандар атаулары т. б. жатады.
Адам аттары-антропонимдер (Күлтегін, Тоныкөк, Тұмар)
Географиялық атаулар –топонимдер (Жидебай, Қоскөл)
Жануарлар атаулары –зоонимдер (Байшұбар, Кеоқұла)
Аспан денелерінің атаулары -астронимдер (Шолпан, Марс)
Тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары - хрононимдер (мысалы, Жеңіс күні, Түркі дәуірі т.б.)
Рухани нысандар атаулары - идеонимдер (Арыстан баб кесенесі)
Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ырғақ жағынан бірыңғай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексикаграмматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз.
Бас әріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар
Халықаралық ұйымдардың аттары;
жеке мемлекет ретіндегі республика аттары;
мемлекеттік мекемелердің, жоғары ұйымдардың күрделі атаулары;
жоғары дәрежелі қызмет атаулары мен берілген атақтардың әр сөзі бас әріппен жазылады.
Бас әріппен жазылатын сөздер:
Мысалы Жалқы есімдер: Теміртау, Айболат
Ең жоғарғы мемлекеттік қызмет атаулары: Президент Әкімшілігі
Мемлекет, республика, жоғарғы мекемелер мен ұйымдардың күрделі атаулары: Қазақстан Республикасы
Қысқарған сөздер: БҰҰ, ТМД
Мекемелер, білім орындарының күрделі атауларының бірінші сөзі Қазақ Ұлттық университеті
Кітап, газет, журнал аттары «Айқап»,«Асыл арналар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?