Тастарға тіл бітірген. Қазақ тілі, 8 сынып, қосымша ресурс. 7 сабақ.


https://abai.kz/post/809

(Түркі филологиясы және жазу тарихы, 27-бет)

https://abai.kz/public/post/809

Тастарға тіл бітірген

 Өр Алтайдың баурайында өсіп-өнген ғалым әке Алтай тауының өрелі де көшелі мінезін, дархандығы мен асқақтығын өзінен туған бала мінезінен көргісі келді ме екен кім білсін, атын Алтай қойған екен. Өр Алтай мен асқақ Алатаудың сұлулығына қатар тамсанып, жасынан ғылымның қиын жолының қандай боларын жүрегімен, бүкіл болмысымен сезініп өскен Алтай Сәрсенұлы бүгінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, белгілі түрколог ғалым. Алтайдай еңселі, біреуге жағынып, жақсы атануды білмейтін қайсар мінезді, ғылым жолында адалдықты мақсат тұтқан, нағыз ғылым жасаушы тұлға – Алтай ағаның бүгінде мерейтойы. Аға тірлігінен болдым, толдым деп марқаюдан гөрі, ғылымдағы негізгі мақсат, мүдде биіктігі аңғарылады.Белгілі түрколог Алтай Сәрсенұлы Аманжолов есімі тек Қазақстан немесе ТМД елдеріне ғана емес, сондай-ақ, көптеген шетелге белгілі. Бұлай деуімізге ғалымның Түркиядан, Қытайдан шыққан еңбектері куә.

Өр Алтайдың баурайында өсіп-өнген ғалым әке Алтай тауының өрелі де көшелі мінезін, дархандығы мен асқақтығын өзінен туған бала мінезінен көргісі келді ме екен кім білсін, атын Алтай қойған екен. Өр Алтай мен асқақ Алатаудың сұлулығына қатар тамсанып, жасынан ғылымның қиын жолының қандай боларын жүрегімен, бүкіл болмысымен сезініп өскен Алтай Сәрсенұлы бүгінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, белгілі түрколог ғалым. Алтайдай еңселі, біреуге жағынып, жақсы атануды білмейтін қайсар мінезді, ғылым жолында адалдықты мақсат тұтқан, нағыз ғылым жасаушы тұлға – Алтай ағаның бүгінде мерейтойы. Аға тірлігінен болдым, толдым деп марқаюдан гөрі, ғылымдағы негізгі мақсат, мүдде биіктігі аңғарылады.Белгілі түрколог Алтай Сәрсенұлы Аманжолов есімі тек Қазақстан немесе ТМД елдеріне ғана емес, сондай-ақ, көптеген шетелге белгілі. Бұлай деуімізге ғалымның Түркиядан, Қытайдан шыққан еңбектері куә.Өр Алтайдың жазғы ғажайып сұлулығы мен қайсар қысы Сәрсенұлы Алтайдың ішкі болмысын танытардай. Сұлулығы – ғылым жандылығы, ғылыми ортадағы таза мінезділігі болса, қайсарлығы (мықтылығы да осында ма кім білсін?!) – кез келгеннің уысына түсе қоймайтын, кез келгеннің шамасы жетіп, табан тіреп зерделей алмайтын көне тарихи мұралардың тілін қиыннан қиыстырып, жігерлілікпен зерттеп келе жатқаны болса керек. Нар көтерер жүкті көтерген нар тұлғаны бүгінгі жетпіске келген шағында қалай мақтаса да, қалай ардақтаса да жарасатыны – шындық.1893 жылдың желтоқсан айында Дат ғалымы В.Томсен дүние жүзін дүр сілкіндірген сенсациясында Орхон және Енисей өзендерінің бойындағы руникалық жазулардың түркі халықтарының еншісіне тиетіндігін дәлелдесе, одан бір ғасырдан кейінгі А.Аманжоловтың көне түркі жазуларының пайда болып, қалыптасқан мерзімін 1000 жылға шегеруі де ғылым үшін дәл осындай жаңалық еді. Алтай Аманжоловтың ХХ ғасырдың 70-жылдары айтылған ғылыми тұжырымдалған, тілдік деректер негізінде дәлелденген осы болжамы ХІХ ғасырдан әлем түркітанушыларына аксиома негізінде қалыптасқан көзқарас тамырына балта шапқандай әсер етті. Атақты ғалым Л.Гумилев А.Аманжоловтың докторлық диссертациясына берген пікірінде: «…Ғалым еңбегінің негізгі дәні автордың ғылым ордасында қалыптасып кеткен пікірге қарсы шығуы. А. Аманжолов көне руникалық ескеркіштердің қалыптасу тарихын V-VI ғасырларға жатқызатын ғалымдар пікірінен өзгеше пайымдау айтып, оның мерзімін 1000 жылға шегереді. Жазудың тарихын Хун мемлекеті дәуірінен бастайды. Белбеудегі жазудың руника екенін дәлелдеген. Алтай Аманжоловтың пікірі дұрыс па? Оны дөп басып айту қиын. Алайда ХІХ ғасырдан бері ғылыми болжам ретінде тұрақты қалыптасқан пікірге қарсы пікір айту, ол – ерлік. Ғылым әрқашан даму үстінде болу керек, сондықтан «қатып» қалған ғылыми пікірлерді жаңартып отыру қажет. А.Аманжолов пікіріне қосарым, хундардың алфавиті болған. Алфавиттің біздің дәуірге жетпеген себебі хундар жазуды ұзақ сақталмайтын материалдарға жазған…».А.Аманжолов Қазақстандағы көне түркілік жазба мұрағаттар тілін зерттеуші санаулы ғана ғалымдардың бірі ғана емес, санаттысы. Әрине, бұл жолға түсуі де кездейсоқ болған нәрсе емес, қайсар ғалымның саналы таңдауы болса керек. Кім білсін, кезінде, қазақ халқының этникалық құрамы туралы, көне қазақ ру-тайпаларының ежелгі тарихы туралы тереңнен сыр тартқан ғалым әкенің өзі іске асыра алмаған асыл арманына баласын жетелеген үміті жатыр ма екен? Ішкі сырын көпке жариялай қоймайтын, жариялылығынан гөрі қалтарыс сыры басым ағаның ғылымдағы жолының басталуын осылай топшыладықХалқының дара перзенті, дарынды түркітанушы, көне түркі руникалық ескерткіштердің Қазақстандағы бірегей маманы, ардақты ұстаз, ғалым А.Аманжолов бүгін 75 жаста. А.Аманжолов 1957 жылы М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Шығыс тілдері институтын бітіріп, аспирантурадан кейін 1963 жылы проф. В.Насилов жетекшілігімен «Көне түркі жазу ескерткіштері тіліндегі етістіктердің меңгеруі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.1963 жылы жазылған кандидаттық диссертациясы жетекшісі В.Насиловтың жауапты редакторлығымен 1969 жылы Мәскеуде «Наука» баспасында «Глагольное управление в языке древнетюркских памятников» деген еңбегі жарық көрді . «Көне түркі жазуының тарихы туралы деректер мен зерттеулер» тақырыбындағы 1975 жылғы докторлық диссертациясы А.Аманжоловтың ұзақ жылғы ізденуінің жемісі болды. Араға 30 жыл салып жаңа эпиграфиялық және палеографиялық деректер негізінде докторлық диссертациясының ғылыми тұжырымдары екшеленіп, дәйектеліп, қосымша тілдік және ғылыми деректермен толықтырылып 2003 жылы «Мектеп» баспасында «История и теория древнетюркского письма» (365 бет) еңбегі жарық көрді.Жарты ғасыр ғұмырын ата-баба жазуының этногенезі мәселесіне, олардың жазу мәдениетінің құпия сырын ашуға бағыштаған Алтай Сәрсенұлы өзінің ғылымдағы поэзиясын ешқашан өзгерткен емес. Ғалым ағаның өз сөзімен баға берер болсақ, «Ғылым күнкөрістің қамы үшін жасалған сауынды сиырдың сүмесіні де емес, кәсіпқордың қалыпқа құя салатын бұйымы да емес, жалынына жанын күйдіріп, ақыл азабын кешіп қана жасалатын бейне бір түпсіз терең мұхит қой. Әрине, мұхиттың суы ащы, дауылы үрейлі, толқыны асау, қауіп пен қатер де мол, сыры да тұңғиық. Ғылым жолы да осы іспетті. Ғылым кемесіне мінген адамға туар қиындықтың түрі көп, тек оның азабына қасқая қарсы тұрып, төтеп беру үшін қайсарлық пен батылдыққа,тапқырлық пен шыдамдылыққа белін бекем буса ғана мерейлі болмақ». Білім министрлігі табалдырығын тоздырып, талай хаттар мен өтініш-тілектер жазып оқу бағдарлама жүйесінде міндетті мамандану пәні ретінде оқытылуына өз күшін салған проф. А.Аманжолов «Көне түркі тілі», «Түркі филологиясына кіріспе» пәндерінде университеттің филология факультеті студенттеріне осылай деп үйретеді. Саңырауқұлақтай қаптаған университеттер ішінде біздің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филолог-студенттерінің ерекшелігі аталған пәндердің біздің университетте оқытылуында ғана емес, Қазақстандағы руника жазба ескерткіштерінің төл маманы проф. А.Аманжоловтың лекциясын өз аузынан тыңдауы.Ата-бабамыздың тарихы мен көне жазба мәдениетінің ұшан-теңіз жұмбақ сырларына бойлай енген ғалым жүрегінен мынадай жыр жолдары төгіліпті:Елжіреп елге жүрегім,Еркелеп мәңгі жүремін.Көзіндей ата-бабаныңКөріндің маған, өр елім!Түркілік деп танылатын жазудың қыр-сырын таныған қазақ ғалымының жүрегі осылайша елжірей соғып, тарихтың қатпар-қатпар көне шежіресінен қазақ жазуының да өзіндік сілем-ізін іздеп, заманалар шаңы басса да, тот баспас сары алтындай сақталған жазудың ізін қалың соқпақ жолдардың арасынан сарыла жүріп, тауыпты. Талас, Іле, Сыр, Ертіс өзендері бойынан табылған біршама көне руникалық жазудың бар екені анықталған тұста, соны оқып, сырын ашқан бірден-бір ғалым Алтай Сәрсенұлы екенін ел біледі, мойындайды. Айталық, Іле өзенінің Кетмен тау жотасының қия жартасына қашалған руникалық жазуды үш жерден тауып, суретін түсіріп, оқыған, Есік қаласының іргесінен ашылған сақ дәуіріне жататын үлкен қорғаннан табылған күміс тостағанның сыртқы түбіне ойылып жазылған жазуды оқып тиянақтаған, Сыр бойындағы Шардарадан табылған ескі қорғаннан шыққан алқадағы жазуды оқыған, Павлодар облысынан табылған қорымның сақ дәуіріне жататынын дәлелдеген, Марқакөлден табылған қола айнадағы руникалық жазуды оқыған профессор А.Аманжолов болатын.Алтай Сәрсенұлының тағы бір қайсарлығы түркі тіліндегі лексикалық бірліктерді шумерлік жазулармен салыстырып, Орталық Қазақстандағы Кеңгір өзенінің атын Шумер (Кеңгер) жерінің атымен үндес келуі тегін емес деуімен де байланыстырар едік. “Түркі тілі жөніндегі ең алғашқы мәлімет Месопотамияның оңтүстігінен (Шумерден) табылған біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-ІІІ мың жылдықтарды меңзейтін идеографиялық жазба ескерткіштерінен байқалатынын” нақты мысалдар арқылы дәлелдеген ғалымның тұжырымына назар аударыңызшы: “Тіл мен этностың бірегейлігін ескерсек, этностың өз ана тілін қадірлеуі әбден заңды болары хақ. Ана тіліне деген шынайы сүйіспеншілік пен құрмет халықтың сана-сезімі неғұрлым дамыған сайын соғұрлым кемелденіп, өсіп, өркендей түсудің нышаны болып табылады” (Түркі филологиясы және жазу тарихы, 27-бет).Қазақ жерінің әлемдік өркениеттен аулақ болмағанын тереңнен таныған ғалым зерттеулерінің маңызын түсініп, бағалау парыз. Қазақ жері ежелгі өркениеттермен терезесі тең, рухани және материалдық мәдениетті жасаушы ортаның бірі болғанын зерделеген ғалым зерттеулерінің шоқтығы биік екені даусыз. Өткен ғасырда Жетісу өлкесінен табылған ежелгі жазу үлгілерін терең таныған ғалым-аға “ата-бабамыз көне грек алфавитін білген” деген ғылыми тұжырым жасайды. “Көне грек жазуы Ескендір патшаның заманында, я одан бір-екі ғасыр бұрын таралып, Орта Азия мен Қазақстан жерінде әлдебір құпия “өнер” есебінде, буддалық монастырлерде ұзақ уақыт өткеніне қарамастан, өзгерілмеген қалпында сақталғанын” автор тәптіштеп дәлелдейді. Көне түркі алфавиті мен ертедегі грек алфавитінің арасында генетикалық байланыстың бар екенін жазады. Ғалым зерттеулерінің негізінде жасалған тұжырым қазақ жазуы тарихының көне бастауларын танытады деп пайымдаймыз.А.Аманжоловтың “Демек, ата-бабаларымыздың көне грек алфавитін меңгеріп, пайдаланып, өз тілінің дыбыстық жүйесіне лайықты төл жазуын – көне түркі алфавитін өте ерте, біздің заманымыздан бірнеше ғасыр бұрын ойдағыдай жасап шығарған” деуі әлемдік жазу үлгісі Арамей таңбаларынан бастау алған деген ғылыми ойды нақтылай түседі. Яғни көне түркі жазуы сақ жазуының заңды жалғасы деген ғылыми байламды негіздеп, салмақты ғылыми зерттеулер арқылы дәлелдейді.Алтай аға зерттеулерін оқып отырғанда, қазақтың байтақ даласындағы әр тау, әрбір тас, атамекеннің текті атаулары сыр шертіп жатқандай көрінеді. Шешуін тап та сырын таны дейтіндей. Оның сырын ерінбей іздеген, талмай, таусылмай табандылық танытқандар ғана ашары тағы да рас. Сірә, мұндай зор еңбек, қажыр-қайрат туған жерге, өскен топыраққа деген ыстық махаббаттан нәр алса керек. “Сен неткен асылсың, ата мекен! Қазыналы қойнауыңда талай ұрпақ өмір кешсе де, құпия сырыңды жария етпей, ішке бүгіп, момақансып жатасың да қоясың. Сол бір сырыңды білсек-ау деген ынтызар перзенттерің жар құлағы жастыққа тимей қанша талпынса да, “шеш көңілімнің жұмбағын” деген сыңайыңнан бір айнымайсың” деп толғанады Алтай аға.Мәскеу университетінің профессоры В.Насилов 1959 жылы 18 наурызда Алтай Сәрсенұлына жазған бір хатында былай деген екен: “Я убежден, что Вы верная его смена и продолжите его исследовательскую работу”. Иә, профессор қателеспепті. Алтай Аманжолов әкенің ғылыми жолын жалғастырып, дамытып, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейте түсіп, жаңа ғылыми бағыттарға ұластыра алды.“Жар жағалатқан” жаһандану заманында жалғыз жүріп, көненің киелі көзін ашып, туған жердің қасиетті топырағында көміле жаздаған жәдігерлерді тауып, кілтін ашып, туған халқыңызға қайта тарту етіп, өз тарихын өзіне қайта танытып, тағылымын көрсетіп, танытқан Сіздей нар тұлғалардың Алаш елінде болғанына тағы да тәуба!Раушан Авакова, Анар Салқынбай, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу