Қазақ жазуы. Қазақ тілі, 8 сынып, дидактикалық материал. 5 сабақ.
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жазуы
1-тапсырма. Сөздер тізбегіндегі сөздерді басшылыққа алып, «Қазақ жазуы » туралы жұбыңмен әңгімелес. Әңгімелесу барысында төмендегі сұрақтарға жауап бер.
- Төте жазу дегенді қалай түсінесің?
- Ұлттық құндылықты сақтауда ана тілі қандай роль атқарады?
- Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынас барысында жастар қандай тілді жиі қолданады? Неліктен?
Мәтінмен жұмыс кезеңі
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, қазақ жазуы тарихының даму кезеңдері туралы жұбыңмен пікірлес. Мәтіндегі бас әріппен жазылған күрделі атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуын еске сақта!
Қазақ жазуы
Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5-4ғ) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазуы сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру – тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон – Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (5 – 12ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 - ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960-1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып табылады. Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдіріп, ол 30 – жылдарға дейін «төте жазу» деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфологиялық дәстүрге негізделген. 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфографиялық емлесіне әр кезде (1957,1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр.
«Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық
«Аруана» баспасы Алматы, 2010ж
2-тапсырма. Тарихи әліпбилер туралы мәліметпен танысып, «Қазақ жазуының тарихы әріден басталған» тақырыбында өз ойыңда ортаға салып пікірлес.
- «Есік жазуы» (б.з.б. 5 – 4 ғ.) қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы;
- Руна, ұйғыр жазуы (5 – 12 ғ.) –. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы;
- Араб жазуы - 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан жазу;
- Латын жазуы 1929 – 1940 жылдары аралығында қолданыста болған жазу;
- Кирилл жазуы 1940 жылдан кейін
- Төте жазу Қазақстанда 30 - жылдарға дейін қолданылған жазу;
- 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі қолданысқа енді.
3-тапсырма.
Мәтіндегі қарамен берілген сөз оралымына назар сал. Осы сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерін анықтап, көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, орынсыз қолданылған сөздерге түзету енгіз.
Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі
Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тәуелсіздік үшін күресі ең бірінші рухани дүниеміздің өзегі – тілдің бостандығ басталған еді. Cонау 1905 жыл қарашасында Мәскеуде өткен Ресейдің жергілікті және қалалық қайраткер съезінде 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан аса көрнекті саяси реформатор, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан сөз сөй, өз халқының ана тіліне бостандық берілуін, ісқағаздарының қазақ тілінде жүргізіл, қазақ мектебінің қудаланбауын айтуы жайдан-жай емес болатын.
Әлеуметтік әділеттілікті ұрандатқанымен оны іспен дәлелдей алмаған кешегі кеңес заманында қабылдаған Қазақстанның екі Контитуция да елдің, жердің иесі қазақтың тілі жөнінде бір ауыз сөз болған жоқ. Дегенмен, Республикамызда Кеңес өкіметінің алғашқы 20-30-жылдарында қазақ тілін мемлекет деңгейде жүргізу үшін біраз әрекет жасалынды. 1920-1925 жылдары Қырғыз АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Төрағасы (бүгінгі Премьер-министр) Сәкен Сейфуллин қазақ тілінің тағдыры туралы тоғыз мақала жазды. Бірақ көп ұзамай халықтың мүддесі үшін күрескен ұлт зиялыларын түгел дерлік қуғындап, көбісін түрмеге тығып, алдын атып жойғаннан кейін кеңестік билік орыс тілін мемлекет мәртебе көтеруге тікелей кірісті. 1938 жылғы 13 наурызда БКП(б) ОК мен КСРО Халық комиссариаты «Ұлттық республикалар мен облыстардағы мектептерде орыс тілін міндетті оқыту туралы» қаулы қабылдады.
«Ана тілі» газеті, Бәкір ӘБДІЖӘЛЕЛ,
саяси ғылым докторы, профессор
4-тапсырма.
Оқылым мәтініндегі ақпараттарды қолданып, «Қазіргі қазақ жазуы» тақырыбына мақала жаз.
Сұрағы не?
Екі қатарға тұрып, бүгінгі сабақты қорыту мақсатында бір мысал ойла. Қарсы тұрған сыныптасыңа жауабы бар мысалды айтып, «Сұрағы не?» деп сұра. Сенің сыныптасың айтылған жауапқа дұрыс сұрақ қоя білуі керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?