Қазақ жазуы. Қазақ тілі, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Қысқа мерзім жоспары

5-сабақ

Бөлім тақырыбы:

Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты -жөні:

Сынып: 8

Сабаққа қатысушылар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақ жазуы

Оқу мақсаттары

Ж8.3.6.1 - БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

 

  • қазақ жазуының тарихи кезеңдерін анықтайды;
  • бас әріппен жазылатын күрделі атауларды орынды қолданады

 Бағалау критерийі

 Негізгі ақпаратты анықтау

 Тілдік мақсат

Пәннің лексикасы мен терминологиясы: Төте жазу, кирилл жазуы

Диалог пен жазба жұмыстарындағы тілдік қолданыс:

Сен қалай ойлайсың?...

Менің ойымша...., әсіресе, дегенмен, сол себепті

Жұптық тапсырмада қазақ жазуы туралы әңгімелеседі.

Құндылықтарды

дарыту

 

Оқушылар бұл сабақта қазақ тілінің болмыс-бітімін түсініп, қазақ жазуының шығу тарихын зерделейді

 Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет, өнер

 Бастапқы білім

Бас әріппен жазылатын күрделі атауларды орынды қолданады және аннотация туралы бастапқы білімдері бар

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Қорлар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту:

Алдымен оқушылар сөздер тізбегіндегі сөздерді басшылыққа алып, «Қазақ жазуы » туралы жұбымен әңгімелеседі.

Әңгімелесу барысында төмендегі сұрақтарға жауап береді:

  • Төте жазу дегенді қалай түсінесің?
  • Ұлттық құндылықты сақтауда ана тілі қандай роль атқарады?
  • Қазіргі қоғамдағы қарым – қатынас барысында жастар қандай тілді жиі қолданады? Нелікен?

Сабақ ортасы

Мәтінмен жұмыс кезеңі

1-тапсырма

Оқушылар мәтінді мұқият оқып, қазақ жазуы тарихының даму кезеңдері туралы жұбымен пікірлеседі және мәтіндегі бас әріппен жазылған күрделі атауларды анықтап, орфографиялық норманың сақталуына көңіл бөледі.

Қазақ жазуы

Қазақ жазуы - қазақ халқының мәдени өмірінде басқа да түркі халықтарымен бірге пайдаланып келген әр түрлі әріп таңбаларынан тұратын дыбыстық жазу жүйесі. Қазақстан жерін жайлаған көне ғұн, сақ тайпалары (б.з.б. 5-4ғ) пайдаланған көне («Есік жазуы») жазуы сол тайпаларға тән мәдениеттің (жазуының да) тарихи мұрагері – қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ т.б. тайпалардың көне жазуы болып саналады. Көне замандағы қазақ ру – тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон – Енесей, Талас ескерткіштеріне негіз болған «руна» жазуы (5 – 12ғ.), көне ұйғыр жазуы, 8 - ғасырдан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан араб жазуы, (Қытай қазақтары ағарту жүйесінде) бір кездерде (1929 – 40; Қытай 1960-1970) қолданыста болған латын жазуы, кириллица жазуы (1940 жылдан кейін) – осылардың бәрі қазақ жазуының негізі болып табылады....

Бағалау критерийі:

Негізгі ақпаратты анықтау

Дескриптор

Білім алушы:

қазақ жазуы тарихының даму кезеңдерін анықтайды

бас әріппен жазылған күрделі атауларды орынды қолданады

Сөйлеу мәдениеті

Балл

3

3

2

Барлығы 8

2-тапсырма.

Тарихи әліпбилер туралы мәліметпен танысып, «Қазақ жазуының тарихы әріден басталған» тақырыбында өз ойларынортаға салып пікірлеседі..

  • «Есік жазуы» (б.з.б. 5 – 4 ғ.) қазақ халқының негізін құраушы үйсін, қаңлы, қыпшақ, т.б. тайпалардың ең көне жазуы;
  • Руна, ұйғыр жазуы (5 – 12 ғ.) –. Көне замандағы қазақ ру-тайпаларының түркі дүниесіне ортақ Орхон-Енисей, Талас ескерткіштеріне негіз болған “руна” жазуы;
  • Араб жазуы - 8 ғ-дан бастап күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан жазу;
  • Латын жазуы 1929 – 1940 жылдары аралығында қолданыста болған жазу;
  • Кирилл жазуы 1940 жылдан кейін
  • Төте жазу Қазақстанда 30 - жылдарға дейін қолданылған жазу;
  • 1940 жылы орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі қолданысқа енді.

3-тапсырма.

Оқушылар мәтіндегі қарамен берілген сөз оралымына көңіл бөліп, осы сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерін анықтап, көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, орынсыз қолданылған сөздерге түзету енгізеді

Тәуелсіздік және қазіргі қазақ тілі

Алаш ұлт-азаттық қозғалысының Тәуелсіздік үшін күресі ең бірінші рухани дүниеміздің өзегі – тілдің бостандығ басталған еді. Cонау 1905 жыл қарашасында Мәскеуде өткен Ресейдің жергілікті және қалалық қайраткер съезінде 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан аса көрнекті саяси реформатор, ғұлама ғалым Әлихан Бөкейхан сөз сөй, өз халқының ана тіліне бостандық берілуін, ісқағаздарының қазақ тілінде жүргізіл, қазақ мектебінің қудаланбауын айтуы жайдан-жай емес болатын....

4-тапсырма.

Оқылым мәтініндегі ақпараттарды қолданып, алған білімдерін пысықтау мақсатында оқушылар «Қазіргі қазақ жазуы» тақырыбына мақала жазады.

Дифференциация:

«Қазақ жазуы: Кеше.Бүгін.Ертең» тақырыбына материалдар жинап, ақпараттарды салыстырып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді және постер арқылы таныстырады

http://infozakon.kz/courts/4440-aza-zhazuyny-tarihy.html

«Ана тілі» газеті, Бәкір ӘБДІЖӘЛЕЛ,

саяси ғылым докторы, профессор

 «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалық«Аруана» баспасы Алматы, 2010ж

Сабақтың соңы

Сұрағы не?

Сынып оқушылары екі қатарға тұрып, бүгінгі сабақты қорыту мақсатында бір мысал ойлайды. Қарсы тұрған сыныптасына жауабы бар мысалды айтып, «Сұрағы не?» деп сұрайды. Оқушы сыныптасы айтылған жауапқа дұрыс сұрақ қоя білуі керек.

А4 парағы, түрлі –түсті қарандаштар



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу